Сабақ. Сызықтық бағдарламалар Қарапайым сызықтық бағдарлама жазу үшін бірінші сабақта танысқан меншіктеу және енгізу-шығару операторы қажет

Loading...


бет3/3
Дата05.05.2021
өлшемі79.5 Kb.
түріСабақ
1   2   3
Функция

Белгілеуі

Нәтиже типі

ABS(X)

Х абсолют мәні

Нақты

ARCTAN(X)

Х арктангенсі

Нақты

COS(X)

Х косинусы

Нақты

EXP(X)

Экспонента

Нақты

FRAC(X)

Х бөлшек бөлігі

Нақты

INT(X)

Х бүтін бөлігі, бөлшек бөлігін нөлге теңестіру

Нақты

LN(X)

Натуралды логарифм

Нақты

PI

Мәні PI=3.1415926535897932385

Нақты

ROUND(X)

Бірінші бүтінге дейін дөңгелектеу

Бүтін

SIN(X)

Х синусы

Нақты

SQR(X)

Х квадраты

Аргумент типі

SQRT(X)

Х квадрат түбірі

Нақты

TRUNC(X)

Бөлшек бөлігін алып тастау

Бүтін

Функция аргументі міндетті түрде жақшаға алынады.


Паскальда амал, басқа бағдарламалау тілдеріндегідей, бір жолға жазылады, ал әрекет ретін сақтау үшін жақшалар қолданылады. Барлық әрекеттер көрсетілуі керек. Мысалы, 2Х + XY амалын 2*Х + Х*Y жазу керек.
Жаттығуға арналған тапсырмалар
1) Айнымалылар мәнін табыңдар, егер бұл мүмкін болса. 4.0 саны нақты екенін ескеріңіздер, себебі оның нөлге тең болса да, бөлшек бөлігі бар.

MOD және DIV операциялары тек бүтін сандарға ғана қолдануға болады:


a) A:=21 DIV 5; b) A:= 2 MOD 3
B:= 20 MOD 5 B:= 36.0 MOD 6
C:= 14 DIV 6.0 C:= 81 DIV 0
D:= 14 MOD 0 D:= 38 DIV 6
E:= 5 MOD 13 E:= 3 DIV 2

2) Айнымалылар мәнін табыңдар, егер бұл мүмкін болса:


a) A:=SQR(100) b) A:=sqrt(9)
B:=sqrt(100) B:=SQR(9)
C:=SQR(-10) C:=SQRT(-9)
D:=SQRT(-10) D:=SQR(-9)
E:=SQR(0.9) E:=SQRT(0.0)
F:=SQRT(0) F:=SQR(0.1)

3) Айнымалылар мәнін табыңдар, егер бұл мүмкін болса:


a) A:=ROUND(6.9) b) A:=ROUND(15.39)
B:=ROUND(6.48) B:=ROUND(15.8)
C:=TRUNC(9.5) C:=TRUNC(-39)
D:=FRAC(9.5) D:=FRAC(39)
E:=INT(9.5) E:=INT(39)
F:=TRUNC(-17) F:=TRUNC(5.6)
G:=FRAC(17) G:=FRAC(-0.3)
H:=INT(-17) H:=INT(1.25)
2. Мәндермен ауысу.

Мысал қарастырайық: X және Y айнымалылар мәндерінің орындарын қосымша айнымалы қолданбай ауыстыру.

Ең бірінші ойға келетіні мынаған ұқсас бағдарлама жазу:
A:= B;
B:= A;

Бірақ бұл бағдарлама жұмыс істемейтін болады (екі айнымалының мәні B болады).


Енді дұрыс шешім тауып көрейік. A бастапқы мәнін A1 деп, ал B мәнін B1 деп қояйық. Сонда бағдарлама жұмысы соңында A мәні B1, ал B - A1 тең болуы керек.

0) A=A1; B=B1;


1) Айнымалы A мәніне A және B (A := A + B) қосындысын енгізейік:
A = A1 + B1; B = B1;
2) Айнымалы B мәніне A және B (B := A - B) айырмасын енгізейік:
A = A1 + B1 болғанда; B=(А1+В1)-В = A1;
3) Айнымалы A мәніне разность A және B (A := A - B) айырмасын енгізейік:
A = B1; B = A1;

Бағдарлама коды:

Program prim_4;
Var a,b:integer;
Begin
Write('екі сан енгізіңіз');
Readln(A,B);
A:=A+B;
B:=A-B;
A:=A-B;
Writeln('A=',A);
Writeln('B=',B);
Readln;
End.

3.Тиімді алгоритмдер.
Сіз Паскальда квадраттауды есептемегенде, дәрежеге шығару мүмкіндігі жоқ екенін білесіздер. Сондықтан а^20 алу үшін 19 рет а*а*а*а...*а керек. Бірақ егер көбейту нәтижесін аралық айнымалыда сақтауға болатынын ескерсек, жауапты 5 әрекет ішінде табуға болады.

Program prim_4;


Var a,b:real;
Begin
Write('сан енгізіңіз');
Readln(A);
В:=A*А; {А-ң 2 дәрежесі}
B:=В*В; { А-ң 4 дәрежесі }
В:=A*B; { А-ң 5 дәрежесі }
B:=В*В; { А-ң 10 дәрежесі }
B:=В*В; { А-ң 20 дәрежесі }
Writeln(' А-ң 20 дәрежесі =',В:0:2);
{Санды шығару аймағының енін енгізу орнына 0 қойған дұрыс, сонда компилятор бүтін бөлік үшін жауапта қанша позиция бар, сонша береді, ал бөлшек бөлігі үшін 2 позиция жарайды деп есептедім}
Readln
End.

Бағдарламада фигуралық жақшаға {...} түсініктемелерді алуға болады, компилятор мұндай жақшаға алынған мәтінді тастап кетеді, ал түсініктеме бағдарлама не туралы екенін еске түсіруге көмектеседі, егер сіз мәтінге соңында оралатын болсаңыз.
Жаттығуға арналған тапсырмалар.

1) Үш X, Y және Z айнымалылардың мәндерін өзара үш есе пәтерлік айырбас үлгісімен ауыстырыңыздар: Х®Y®Z®X.

2) Айнымалы N мәніне N рет өсірілген өз мәнін меншіктеңіз.

3) А нақты саны берілген. Көбейту амалынан басқа арифметикалық операцияларды қолданбай, мыналарды алу керек:


а) А^15 мәнін бес әрекет ішінде;
б) А^19 мәнін бес әрекет ішінде;
в) А^21 мәнін алты әрекет ішінде;
г)А^28 мәнін алты әрекет ішінде;
4.Бүтін санды арифметика. Бүтін сандарды бөлу есептері.
Бағдарламауда әрекеттер тек бүтін сандарға ғана арналған тұтас есептер тобы бар. Мұндай есептер шешу кезінде негізі бүтін MOD және DIV операциялары қолданылады. Бүгін біз бүтін санды бөлу есептерімен танысамыз.

Есеп. Саниметр бойынша өлшенген қашықтық берілген. Ондағы толық метр санын табу керек.

Бағдарлама коды:



Program prim_4;
Var a,b:integer;
Begin
Write('сантиметр бойынша өлшенген қашықтық енгізіңіз');
Readln(a);
b:=a div 100;
Writeln(b,' метр ');
Readln
End.
Тапсырмалар

1.Қызметші сөздерге сәйкес бағдарлама бөлімдерінің атауларын орналастырыңыз:

  1. Var

  2. Program

  3. Uses

  4. Begin … end

  1. Операторлар бөлімі

  2. Бағдарлама аты бөлімі

  3. Айнымалыларды сипаттау бөлімі

  4. Кітапханалық модульдарды сипаттау бөлімі

2. Параллелограм периметрі мен ауданын есептейтін бағдарлама жолдарын дұрыс ретпен орналастырыңыз:

1) S:=a*h;




2) end.




3) program pr;




4) p:=2*(a+b);




5) Uses crt;




6) var a,b,h,p,s: integer;




7) readln;




8) Writeln(‘p=’,p,’ s=’,s);




9) a:=6;b:=3;h:=4;




10) clrscr;




11) begin




3. Қате бар кестеде бағдарлама мәтіні берілген:

    • Бағдарламадағы қателерді түзетіңіз;

    • Бағдарламаны орындау нәтижесінде экранға не шығады?

Қателері бар бағдарлама

Қатесіз бағдарлама

Экранға шығады:

War: a,b,c – integer, x: real;

Bigin


A=7,

b=3,2,


c:=a+b;

Writln ( summa= , c);

C:=c/2;

x:=a-c;


Writeln(‘x=’ , x, ‘kvadrat=’ , x*x);

And








Program Ошибки2;

Begin Var

X:integer;

X:=6+8;


Write(X);

End;










Жаттығуға арналған тапсырмалар.
1. Килограмм бойынша өлшенген масса берілген. Ондағы толық центнер санын табу керек.
2. Килограмм бойынша өлшенген масса берілген. Ондағы толық тонна санын табу керек.
3. Метр бойынша өлшенген қашықтық берілген. Ондағы толық километр санын табу керек.
4. 543х130 мм өлшемді тіктөртбұрыш берілген. Одан 130 мм қабырғалы неше шаршы қиып алуға болады?

5. Екі сан сұрап, біріншінің екіншіге бөлгендегі қалдығын есептеп, нәтижені шығаратын бағдарлама жазыңыз.

6. Шаршының a қабырғасы берілген. Оның периметрін табыңыз P=4*a.

7. Тіктөртбұрыштың a және b қабырғалары берілген. Оның ауданы S = a*b және периметрін P = 2*(a + b) табу керек.

8. Шеңбердің d диаметрі берілген. Оның ұзындығын  L = ?*d табыңыз.? мәні орнына 3.14 қолданыңыз.

9. *Бүтін k (1 <= k <= 365) саны берілген. Бүтін санды n шамаға 1, 2,...,6 немесе 0 мәндерін 1 қаңтар - дүйсенбі болып табылатын жылдың k-шы күні аптаның қай күніне (дүйсенбі, сейсенбі, ..., сенбі немесе жексенбі) келуіне байланысты меншіктеңіз.



10. *Үтір алдында екі және кейін екі саны бар нақты А саны берілген. А санының бүтін және бөлшек бөлігін ауыстырып, жаңа сан алу қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
әдістемелік кешені
оқыту әдістемесі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...