Сабақ пререквизиттерінің номерлері: 4

Loading...


Дата03.04.2020
өлшемі55.84 Kb.
түріСабақ
6 практикалықсабақ
Тақырыбы: Ерітінділердің концентрацияларын өрнектеудің әр түрлі әдістерін пайдаланып есеп шығару әдістемесі:массалық үлес, көлемдік үлес, молярлық үлес,молярлық концентрациясы, моляльдық концентрация және олардың бірінен біріне көшу.
Тақырыптың өзектілігі (себептері): массалық үлес, көлемдік үлес, молярлық үлес,молярлық концентрациясы, моляльдық концентрация ұғымдарының мәнін ашу.
Дидактикалық (оқу) мақсаты:массалық үлес, көлемдік үлес, молярлық үлес,молярлық концентрациясы, моляльдық концентрацияға есептер шығара білу.
Сабақ пререквизиттерінің номерлері: 4
Қысқаша теориялық мәлімет:Қанықпаған  ерітіндісінің   анықтамасын еске түсіргеннен  кейін,  оқушылармен осы  ерітіндінің  сандық құрамын қалай  анықтауға болатындығы    қарастырылады.  Ол үшін  оқушыларға "күрделі заттағы  элементтің   массалық  үлес қалай  есептеледі?" –деген  сұрақ беріліп,  бір мысалды талдаған соң, бұл  әдіс еріген  заттың массасы  жалпы  массаның   қандай  бөлігін   құрайтынын  есептеуге қолданылатынын   ескертіледі. Физика курсынан  еріген зат   массаның  ерітіндінің   жалпы массасына  қатынасын еріген   заттық  массалық  үлесі деп  айтатыны  оқушыларға белгілі  болғандықтан, енді  осы массалық үлесті   өрнектеу әдістері  қарастырылады.

1. Массалық үлес бірліктерімен:                        а) ω = m еріген зат 

                                                                                            m ерітінді

 немесе процентпен өрнектеледі:                  ә) ω%= m еріген зат  . 100%

                                                                                         m ерітінді

Оқушылардың  физика мен  математика сабақтарынан  алған есептеу біліктерін   қолдана  отырып,  еріген заттың  массалық   үлесін   есептеуге жаттығу   жұмыстары  жүргізіледі.   Ол үшін,   мысалы 25% -дық  ерітінді туралы    сөз  болғанда,    оқушылар  100г  мұндай   ерітіндіде   25г   тұз  бар  екенін білуге қажет.   Ол  есептеу жүргізу  барысында   пропорция   құруды жеңілдетеді.   Бұл жерде   процент  дегеніміз – санның  жүзге   қатынасы  екенін    де    ескерген    жөн, яғни   25 %    дегеніміз  25  ,  бұл жағдайда пропорцияның  мәні өзгеріп,100     мындай түрде өрнектеледі.


20  =  25                                не  0,25=25%

80     100                                   Бұл пропорцияда  оның  кез келген мүшесі   есеп шартына  орай  белгісіз болуы мүмкін: 

 


  1. х    =     25                     2.  20 =    25               3.   20 =   х

80         100                         х       100                    80     100

       Бірінші   пропорцияға  мынадай есеп сәйкес  келед:  80г   25% -тік тұз ерітіндісі берілген. Еріген  тұздың массасы қандай? 

       Екінші пропорция:  20г  тұзды ерітіп,  25% -тік  ерітінді алу  үшін, судың  қандай массасын   алу  қажет?

       Үшінші пропорция:  егер 80г  ерітіндіде   20г тұз бар екені   белгілі болса,  еріген  заттың массалық үлесі  қандай?

      Осылайша  мұғалім  бір  белгісіз бар   теңдеуді    шешу арқылы  ерітінді дайындау  үшін тұздың,  судың қандай массасы  қажет екенін, еріген заттың  массалық үлесін  табуға болатынын  оқушыларға басқа пәндерден   белгілі әдістермен  түсіндіре алады.  Сонымен қатар   еріген заттың  массалық үлесін  анықтауға арналған  формулалардан:

                     m еріген зат = ω% (ер.зат) · m ерітінді

                                                 100% 

еріген заттың  және судың массасын  біле отырып, массалық  үлесі белгілі  ерітінді  даярлауға  болатындығын  оқушылар  өз бетінше   қорыта алады.

         Ерітіндінің  белгілі  мөлшерінде  еріген  зат  мөлшері   тек пайыздық   концентрациясымен   ғана  өрнектелмейтіндіктен  және іс   жүзінде өте  жиі  қолданылатындықтан   бұл сабақта молярлық  концентрация  туралы  ұғым қалыптастырылады.  Молярлық  концентрация   1000мл (1л)  ерітіндіде еріген  заттың қанша мөлшері болатындығын   көрсетеді. Осыған орай  оқушылар зат мөлшері   деген шама не білдіретіндігін оның өлшем бірліктерін еске түсіреді.

        Егер,  мысалы, 1000мл ерітіндіде  1моль   зат еріген болса,   онда мұндай ерітінді  бір мольді (1М) деп аталады.

        Егер 100мл ерітіндіде 0,5  моль зат еріген болса, оның концентрациясын  анықтау үшін  1000мл  осындай ерітіндіде  еріген заттың  қанша молі бар екенін  табу керек.

    0,5 · 1000 = 5 моль, яғни  ерітінді  5М.  Көрсетілген  концинтрация  түрінің 

         100

өзіндік ерекшелігі бар екеніне  көңіл аудару  қажет.   Мәселен,   молярлық концентрациясы  бірдей ерітінділердің  бірдей көлемдегі  зат  мөлшері   (моль)  бірдей болады.  Бірақ әр түрлі   массаларының  моль  саны  әр түрлі  болғандықтан,   еріген заттың  массасы  бірдей  болмайды.  Мысалы,  100г  10% -тік  ас тұзы  және қант  ерітіндісінде  көрсетілген  заттар  10г болады. Сарамандық  жұмыста – оқушыларды түрлі  концентрациялы  ерітінділер  даярлауға  дайындау мақсатында   мынадай есептеулер   жүргізуге  жаттықтыру  қажет.

              Есеп: 0,4М 100мл глюкоза ерітіндісін даярлау қажет.

Глюкозаның формуласы  С6Н12О6 салыстырмалы малекулалық массасы 180.

Молярлық концентрациясы  анықтамасы бойынша 1000мл,  0,4М  ерітіндіде  0,4 моль еріген  зат болады,  яғни 180г/моль · 0,4моль =72г  Ал  100мл ерітіндіде, еріген  зат бір литрдегіден 10 есе   аз болатындықтан,  мұндай  ерітінді  даярлау үшін   7,2г  глюкоза   өлшеп алу  қажет болады.  Мұндай  есептеулер  жүргізген соң,  оқушыларға молярлық  ерітіндіні  даярлау   барысында өлшеуіш колба   мен өлшеуіш  цилиндр  қолдану ыңғайлы   екені ескертіліп,  онымен  жұмыс  істеу  технологиясы  көрсетіледі.
Практикалық сабақты өткізу түрі:топтық жоба
Жұмыстың орындалу барысы:жоғарыдағы көрсетілген есептерді шығару әдістерін негізге ала отырып, төмендегі есептерді шығару:


  1. 50мл ерітіндіде 0,1 моль  еріген зат бар. Ерітіндінің  молярлық концентра циясы қандай? 

  2. Қай ерітіндіде  зат көп мөлшерде   болады: 150г  10% -тік  натрий  хлоридінің  ерітіндісіне ме, әлде осы тұздың  0,1 моль  1л ерітіндісіне ме?

Ұсынылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.Нұғманов И. «Химиядан есептер жинағы». Алматы., 2001

2. БекішевК.Б. Химия есептері (оқу құралы)Алматы. «Білім».2007ж

3. Усманова М.Б.,Сақариянова К.Н. Химия сандық есептер шығару әдістемесі Алматы «Атамұра» 2004


Қосымша әдебиеттер:

1. А.И.Врублевский. 1000 задач по химии. Минск, 2003.



2. Ерыгин Д.П., Шишкин Е.А. Методика решения задач по химии. - М.: Просвещение, 1989 - 173 с.

3. Хомченко Г.Г., Хомченко И.Г. Задачи по химии. -М.: Высшая школа, 1987 - 238 с.

4. Лабий 10.М. Решение задач по химии с помощью уравнений и неравенств. - М.: Просвещение, 1987. - 80 с.

5. ТемірболатоваӘ.Е . Химия есептері мен жаттығуларының жинағы. Алматы: Рауан,2000.96б.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...