Бұл деректерден қандай қортынды жасауға болады? «Метель 1986» операциясы «демонстрацияны дүркіретіп тарату», «ығыстыру – итеріп бастау» операциясы емес. Бұл ойластырылған, билік пирамидасының барша сатысымен келісіп жасалған мемлекеттік дәрежедегі әскери – саяси авантюра деп бағалау орынды;
Комиссия көрсеткендей «Метель 1986» операциясы «жалпылама тәртіпсіздікпен», «тобырмен» күрескен жоқ, ұлттың аңсаған, оның өзін-өзі билеу құқын талап еткен реформаторлар ұрпағына ашылған соғыс – қанды қырғын. Ал ол қанды қырғынды бастау үшін жазалаушылар демонстранттар қатарына сыналап кіріп, олардың жетекшілерін ұстай бастады, «ығыстыру», «итеріп тастау» толқындарын ұйымдастырып, жастарға қол жұмсап ызаландырды, намысына тиді. Сойтіп авантюра арқылы қарусыз жастарды қорғанысқа мәжбүр етті. Демонстранттардың қолына тас, мрамор сынықтарын алудан басқа амал қалмады. Қорғаныс барысында олардың арасындағы жансыздар да жазалаушылар қару жұмсауға мүмкіндік жасау үшін шектен шыққан қимыл жасауға албырт жастарды итермеледі. Басына, иығына күрек тиген, жонына шоқпар батқан жастар бойына атқылап, шашып аққан қанға қарамай, ойламаған жерден арпалыса алысты. Комиссияның қорытындысында көрсеткендей, олар жазалаушылардың техникасын қолға түсірді.
Комиссияның қорытындысында бұл туралы былай делінген: «Вдоль площади, в сторону жилых домов, трибун, здания ЦК пролетели ручные дымовые гранаты, шашки, сигнальные ракеты, взрывались брошенные костры боевые патроны». «В результате массовых безпорядков сожжены 24 транспортных средства, выведены из строя 39 автобусов и 33 легковых такси, нанесен материальный ущерб 13 общежитиям, 5 учебным заведениям, предприятиям торговли, 4 административным зданиям». Жазалаушылар 7552 7/6 барлық қару-жарағымен әкелгендері. Олар патрондарды, жарық беретін ракеталарды, түтін шашатын гранаталары, «Черемуха» деп аталатын газымен балондары бар машиналармен алаңға келген-ді. № 99 – машина арпалыс кезінде қолға түсіп, жандырылып жіберілді. Республика прокуроры Ғ.Б. Елемесовтің айтуынша, заң қорғау қызметкерлерінің 772 жарақаттанды. Република Жоғары Советінің сессиясында Комиссияның алғашқы төрағасы Қ. Мырзалиев денесіне таңба түскен милиционерлер, солдаттар және жасақшылар саны 604 адамға жеткенін айтқан Кейін М. Шаханов басқарған Комиссияның талап етуімен Қазақ ССР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Э. Басаров берген анықтамада жарақат алғандардың саны 1214 адам, оның 773-і милиция қызметкерлері мен әскери адамдар,