Сабақ негізделген оқу мақсаттары 2 6

Loading...


бет2/2
Дата28.02.2021
өлшемі201.3 Kb.
түріСабақ
1   2
Негізгі идеялар

Математикалық маятниктің және серіппелі маятниктің тербеліс периодтары:

T=2π√ℓ/g


T=2π√m/k

Циклдік жиілік формуласы:

𝜔=2π/T


Тапсырмалар

Жеке жұмыс




Уақыт

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

Уақыт

0-3 минут

Ұйымдастыру

    1. Сәлемдесу

    2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

    3. Түгелдеу

0-3 минут

3-10 минут

Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Тербеліс теңдеуінің;

  2. Циклдік жиілік формуласын;

  3. Тербелісті сипаттайтын шамалардың формулаларын жаз.




3-10 минут

10-20 минут

Жаңа сабақ

Бүгін біз “математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері” деген тақырыпты өтеміз. Тербелмелі процестер жүзеге асатын құрылғыларды тербелмелі жүйелер деп атайды. Осындай жүйелердің қарапайым түрі - математикалық және серіппелі маятник.



Математикалық маятник дегеніміз созылмайтын салмақсыз жіңішке ұзын жіпке ілінген кішкентай ауыр шарды айтады.

Егер маятниктің ұзындығын өзгертпей, оған массалары әр түрлі жүктер ілсек, онда маятниктің тербеліс периодының өзгермейтіндігі байқалды. Математикалық маятниктің периоды жүктің массасына тәуелді болмайды.



Математикалық маятниктің және серіппелі маятниктің тербеліс
периодтары:

T=2π√ℓ/g
T=2π√m/k

Тербеліс жиілігі: ν=1/T

Циклдік жиілігі: 𝜔=2π/T

Математикалық және серіппелі маятниктердің қозғалыс динамикасын көрсетіп, оқушылармен бірге талдап, ситуациялық проблемалар қойып, жаңа тақырыпқа көшу. 
- Балалар сендердің алдарыңда екі түрлі тербелмелі жүйе бар. Екеуінде қандай айырмашылықтар көріп тұрсыңдар? 
- Олардың айырмашылықтары: тербеліс периодтарының әр түрлі екендігінде. 
- Сонымен, бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай болмақ? Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелісі.

Оқушылар өздері сабақты түсіндіріп шығады.
Тербелмелі процестер жүзеге асатын құрылғыларды тербелмелі жүйелер деп атайды. Осындай жүйелердің қарапайым түрі—математикалық маятниктің тербелісін қарастырайық.

Тербелмелі жүйелерге тән белгілердің бәрі математикалық маятникте де болады. Егер маятникті тепе-теңдік күйінен ауытқытатын болсақ, онда ол әрекет етуші күштерді теңгеруші күштің әрекетінен бастапқы тепе-теңдік күйіне қайта оралады. Осындай маятниктердің қозғалысын бақылап отырып, келесі қарапайым заңдарды тағайындауға болады. 

Егер маятниктің ұзындығын өзгертпей, оған массалары әр түрлі жүктер ілсек, онда маятниктің тербеліс периодының өзгермейтіндігі байқалады. Демек, математикалық маятниктің периоды жүктің массасына тәуелді болмайды. 

Егер маятникті қозғалысқа келтіргенде оны әр түрлі бұрышқа ауытқытатын болсақ, онда ол амплитудасы түрліше болғанымен, бірдей периодпен тербеледі. Амплитудасы өте үлкен болмаған жағдайда бұл тербеліс гармоникалық тербеліске мейлінше жуық болады. Математикалық маятниктің периоды тербеліс амплитудасына тәуелді болмайды. 
Математикалық маятниктің тербеліс периоды:



Серіппеге ілінген жүгі бар қарапайым тербелмелі жүйені серіппелі маятник деп атайды . Серіппелі маятниктің тербеліс периоды :

Енді серіппеге ілінген жүктің тербелісін қарастырайық.

Мұндай қарапайым тербелмелі жүйені серіппелі маятник деп атайды.

Егер серіппе l ұзындыққа созылса немесе сығылса, онда денені тепе-теңдік күйіне қайтаратын Ғ күші туындайды. Ұзару шамасы азғантай болған кезде бұл күш серіппенің ұзаруына пропорционал болады, яғни Гук заңы бойынша: Ғ= -k*x

Серіппелі маятниктің тербеліс периоды тек жүк массасы мен серіппенің қатаңдығына тәуелді болады.

Серіппелі маятниктің жиілігін мына өрнек арқылы шығара аламыз:



Серіппелі маятниктің қатаңдық коэффициенті мына формуламен анықталады:



Серіппелі маятникке ілінген жүктің массасы мына өрнек арқылы есептеледі:



Маятник тербелісінің графигі синусойда немесе косинусойда түрінде болады.






10-20 минут

20-35 минут



Сабақты бекіту: «Кім жылдам?» тест тапсырмалары беріледі: 
1. Математикалық маятниктің тербеліс периоды тәуелсіз болатын шама?

а) Ұзындық б) амплитуда в) еркін түсу үдеуі

2. Математикалық маятниктің тербеліс периоды 2 есе артуы үшін жіптің ұзындығы неше есе өзгеру керек?

а) Өзгермеуі б) 2 есе артуы в) 4 есе артуы

3. Математикалық маятникті Жерден Айға алып барғанда периоды?

а) азаяды б) артады в) өзгермейді

4. Серіппелі маятниктің тербеліс периоды 4 с- қа тең болса, жиілігі неге тең?

а) 0,25 Гц б) 0,4 Гц в) 4 Гц

5. Егер жібінің ұзындығын 9 есе ұзартса, онда математикалық маятниктің тербеліс периоды қалай өзгереді:

A) 3 есе артады Б) 9 есе кемиді В) 9 есе артады Г) өзгермейді




Жауаптары: 1)Б. 2)В. 3)Б. 4)А 5)Г

Есептер:

Қатаңдығы 9,22 Н/м серіппеге ілінген массасы 0,143 кг жүктің тербеліс периодын және жиілігін анықтаңдар.


2. Қатаңдығы 250 Н/м серіппеге 16 с ішінде 20 тербеліс жасйтын жүктің масасын табыңдар.

3. Егер серіппеге бекітілген массасы 30 г дене 1 минутта 300 тербеліс жасайтын болса, осы серіппенің қатаңдық коэффициенті неге тең?

4. Қатаңдығы 12,3 Н/м серіппеге ілінген массасы 0,211 кг жүктің тербеліс периодын және жиілігін анықтаңдар.

5. Ұзындығы 4,9 м математикалық маятник 5 мин. уақыт ішінде неше тербеліс жасайды?



6. Серіппеде тербеліп тұрған жүк 8 с ішінде 32 тербеліс жасады. Тербелістің периодын және жиілігін анықта


20-35 минут



35-40 минут

Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.)

Үй тапсырмасы:

  • §26 қайталау. 26 жаттығу: 1,2,3 тапсырма.

Бағалау



Достарыңызбен бөлісу:
1   2
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
бойынша жиынтық
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалау
Жалпы ережелер
ғылым министрлігі
қызмет стандарты
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
Жұмыс бағдарламасы
бағалау тапсырмалары
біліктілік талаптары
арналған тапсырмалар
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
арналған әдістемелік
Конкурс туралы
Қазақстан тарихы
мемлекеттік әкімшілік
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
пәнінен тоқсанға
жалпы конкурс
Мектепке дейінгі
қатысушыларға қойылатын
Қазақ әдебиеті
әдістемелік кешені
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
ткізу туралы
оқыту әдістемесі
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...