Сабақ. Менің елім Қазақстан! 1-тапсырма. Слайд материалдарын көру арқылы мәтінді оқып, мазмұндаңыздар. Қазақстан Республикасының рәміздері

Loading...


Дата22.11.2020
өлшемі53.19 Kb.
түріСабақ
1-сабақ. Менің елім – Қазақстан!

1-тапсырма. Слайд материалдарын көру арқылы мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.
Қазақстан Республикасының рәміздері


Қазақстан рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Қазақстан елінің рәміздері – елтаңба, байрақ, әнұран.



ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі.

Шаңырақәлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді. 

Қанатты тұлпар – мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі. Тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi.

Бес бұрышты жұлдыз – әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек.

ҚР Мемлекеттік елтаңбасының авторлары: сәулетшілер Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.



ҚР Мемлекеттiк Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. Ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста – ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек – алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең.

Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс – төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны.

Күн – қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн – уақыт, замана бейнесi. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi.

Қанатын жайған қыран құс – бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi. Тудың авторы: суретшi Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

Сөзін жазғандар: Нұрсұлтан Назарбаев,

Жұмекен Нәжімеденов

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,  


Алтын дән даласы,  
Ерліктің дастаны,  
Еліме қарашы!  
Ежелден ер деген,  
Даңкымыз шықты ғой.  
Намысын бермеген,  
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:  
Менің елім, менің елім,  
Гүлің болып егілемін,  
Жырың болып төгілемін, елім!  
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,  


Кең байтақ жерім бар.  
Бірлігі жарасқан,  
Тәуелсіз елім бар.  
Қарсы алған уақытты,  
Мәңгілік досындай.  

Біздің ел бақытты,  


Біздің ел осындай!

Қайырмасы:  

Сөздік:

ҚР рәміздері – символы РК Ту, байрақ – флаг

Елтаңба – герб Әнұран – гимн

дала қыраны – степной орел ағаш сабына – у древка

күн – солнце арай – лучей

алтын түсті – цвета золота мәңгілік өмір – вечная жизнь

тік бұрышты кездеме – прямоугольное полотнище

ұлттық оюлармен – с национальным орнаментом

шанырак – круговое навершие купола юрты

отбасы ошағы, берекесі – семейного благополучия



қанатты тұлпар – фантастические скакуны – тулпары

2-тапсырма. Мәтіннің ішінен сын есімдерді табыңыздар.

3-тапсырма. Берілген сөздермен сөз тіркестерін жасаңыздар.

Алтын, шаңырақ, тұлпар, жұлдыз, байлық, арман, тыныштық, жақсылық, ұлттық, ою, өмір, күн, қыран, аспан, дала, тәуелсіз, рәміз, қазағым, елім, ерліктің, айбындылық, автор, бақыт.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
бойынша жиынты
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
білім беретін
жалпы конкурс
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
дістемелік сыныстар
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мерзімді жоспар
білім беруді
дістемелік материалдар
жалпы білім
ауданы кіміні
мектепке дейінгі
конкурс туралы
облысы бойынша
рметті студент
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...