Сабақ мақсаттары Оқушылардың еңбек түрлері туралы білімдерін кеңейту, ұғымдар қалыптастыру



Дата11.06.2022
өлшемі17.31 Kb.
#267946
түріСабақ
Байланысты:
Еңбексіз өмір сөнген көмір


Күні:
15.10.2021

Мұғалімнің аты жөні: Майланова Жадыра

Сынып: 10 Ә




Тақырыбы:

«Еңбексіз өмір сөнген көмір»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу-тәрбие мақсаттары

Оқушылардың еңбексүйгіштікке, шаруақорлыққа, іскерлікке үнемді болуға тәрбиелеу. Сөйлеу дағдыларын жетілдіру, ой өрісін дамыту.

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың еңбек түрлері туралы білімдерін кеңейту, ұғымдар қалыптастыру.

Тілдік мақсаттар

  • Оқылым: практикалык тапсырмаларды орындау барысында тарихи деректер мен мәтіндік материалдарды игеру.

  • Жазылым: тапсырма орындау барысында жазып отыру.

  • Айтылым: мұғалімнің сұрақтарына жауап беру.

Құндылықтар

«Мәңгілік ел» құндылықтары
Жалпыға ортақ еңбек қоғамы




Сабақ барысындағы іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі

 Сыныппен амандасу.


Ой қозғау
- Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
- Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?
- Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?
- Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады?

Слайд
бейнеролик




Сабақтың ортасы

1. «Еңбек түбі – зейнет». Еңбек әрбір адамды зейнетке жеткізеді. Еңбек етсең еш нәрседен кем болмайсың. Еңбек етсең барлық нәрсеге қол жеткізесің.
2. «Жақсы жұмыс – жанға тыныс». Әрбір адам жұмысын бар ынтасымен тыңғылықты етіп жасаса, өзі де оған қасындағы жолдастары да риза болмақ.
3. «Еңбексіз өмір – сөнген көмір». Көмір отын екенін білесіңдер балалар. Ол жылыту үшін қажет. Ол жанбаса жылу болама? Әрине жоқ. Сол сияқты еңбек етпеген әрбір адам жылусыз сөнген көмір сияқты.
4. «Еленген еңбек өнімді». Еңбек еткен адамның еңбегі елеусіз қалған емес. Олардың аттары тарихта қалады. Мысалы, Қаныш Сәтбаев аталарың көп еңбектеніп аты елеулі. Көптеген спортшылар олар тынымсыз еңбегінің арқасында дүние жүзінде аттары әйгілі болмақ.


Ойын: «Жасырын сөз».
(Жасырын сөз «Еңбек – ер атандырады».
Балалар қандай сөз шықты. Бұл сөз қандай мағына береді.
(Балалардың пікірін тыңдау).
Негізі көп ел ерлік соғыста жасалады деп ойлайды. Бірақ бейбіт еңбекте ер атанған адамдар аз емес. Мысалы: Атақты күрішші Ыбырай Жақаев, атақты шопан Жазылбек Қуанышбаев, механизатор Кәмшат Дөненбаева т.б. Біздің ауданымызда 61 еңбек ардагері бар. Мұның бәрі «еңбек – ер атандырады» деген сөзімізге мысал бола алады. Біздің әрқайсымыздың адал еңбек етіп, ер атануға мүмкіндігіміз бар. Ол үшін жақсы оқып, еңбек сүйгіш болып өсуіміз керек.Еңбектің бағасын біліп, қастерлей алуымыз керек.
3. Мақал сөздің мәйегі.
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
Еңбекпен ер өседі,
Егізден төл өседі.
Еңбексіз ел кезгенің,ар үяттан безгенің.
Оқушылар өздерің білетін еңбек тақырыбындағы мақал – мәтел, өлең шумақтарын айтып бере аласыңдар ма?



Сабақ соңы

  Сонымен, оқушылар, біз бүгінгі тәрбиелік шарамызда еңбектің мәні,мағынасын жан-жақты түсінуге тырыстық. Адамды адам еткен – еңбек» — деп Фрейдрих Энгельс айтқандай, адамның адам болып қалыптасуында еңбек шешу-ші роль атқарғандығын, адамзат еңбекті, еңбектің құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене бергенін,сөйтіп талмай, қажымай еңбек етудің арқасында адамзат қоғамы жан-жақты дамып,жетіліп осынау жоғары өркениетке жетіп отыр-ғандығын бүгінгі шарада айтып жеткіздік. Олай болса, «Адал еңбектің нәтижесі адамды қуанышқа бөлейді. 





Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы