Салыстырмалы молекулалық масса. Массаның атомдық бірлігі арқылы өрнектелген молекуланың массасы берілген заттың молекулалық массасы деп аталады. Көміртек атомы массасының 1/12 бөлігінен берілген молекула массасы неше есе ауыр екенін көрсететін шама салыстырмалы молекулалық массасы деп аталады. ол Мr деп белгіленеді.
Салыстырмалы молекулалық масса-өлшемсіз шама. Себебі молекула құрамына кіретін атомдардың массасы да өлшемсіз шама.
Химиялық формулалар мен салыстырмалы атомдық масса лар арқылы заттың салыстырмалы молекулалық массасын есептеуге болады. Ол үшін әр элементтің салыстырмалы атомдық массасы атом санына көбейтіліп, алынған шамалар қосылады.
Мысалы, CuS04 молекуласының салыстырмалы молекулалық массасы:
Mr(CuS04)=Ar(Cu)+Ar(S)+4Ar(0)
Mr(CuS04)=64+32+4 • 16=160