Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп



бет1/2
Дата10.06.2022
өлшемі0.61 Mb.
#267862
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
10 сынып туынды анықтамасы
транзисторлардың түрлері СЫЗБАЛАРЫМЕН, транзисторлардың түрлері СЫЗБАЛАРЫМЕН, транзисторлардың түрлері СЫЗБАЛАРЫМЕН, транзисторлардың түрлері

Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:



Мектеп:

Күні:10.4 С Туынды

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы






Сабақтың түрі:




Сабақ мақсаттары

Туындының анықтамасын есептер шығаруда қолдана білуге бейімдеу

Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу
мақсаттары (оқу
бағдарламасына
сілтеме)


10.4.1.16 аргумент өсімшесін және функция өсімшесін біледі;
10.4.1.17 функцияның туындысын біледі және анықтамасы бойынша туындыны таба алады;
10.4.1.18 тұрақты және дәрежелік функцияның туындысын таба алады;



Бағалау критерийлері

Аргумент өсімшесін қолдана отырып, функция өсімшесін табады.
Анықтамасы бойынша туындыны таба алады.
Тұрақты және дәрежелік функцияның туындысын таба алады



Тілдік мақсаттар

Осы тақырыпқа қатысты терминдерді үш тілде меңгереді, қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі әдебиеттердегі материалдарды меңгере алады. Ол үшін мынадай сөздіктер қолданамын.



Қазақша

Русский

English

Туынды

производной

Derivative

Жанама түзу

Касательная линия

Tangent line

Жылдамдық

Скорость

Velocity

Өзгеру жылдамдығы

Скорости изменений

Rates of change

Сызықты жуықтау

Линейное приближение

Linear approximation

Сызықтық қозғалыс

Линейное движение

Linear motion

Абсолютті максимум

Абсолютный максимум

Absolute maximum

Абсолютті минимум

Абсолютный минимум

Absolute minimum



Құндылықтарды
дарыту




Болашаққа бағдар: Рухани жаңғырудың 6 негізгі бағыты - бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, білімнің салтанат құруы, сананың ашықтығы, Туған жер бағдарламасы, латын әліпбиіне көшу, «100 жаңа оқулық» аясында патриоттыққа тәрбиелеу

Пәнаралық
байланыстар


физика

АКТ қолдану
дағдылары


Геометриялық компьютерлік бағдарлама, GeoGebra, Desmos
Презентация,
«Математика сұлулығы» видеоролигі https://www.youtube.com/watch?v=_AiJeJvoXSo

Бастапқы білім




Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы
5минут
15минут

5мин

12мин



Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім оқушылармен амандасып, оқушылардың сабаққа қатысу сапасын,мен дайындықтарын тексереді.
Сергіту сәті:Мағыналы видеоролик көрсету.
Үй тапсырмасын тексеру
Сабақ тақырыбымен, мақсатымен, жетістік критерийлерімен және тілдік мақсатпен таныстырады.
Аргумент және функцияның өсімшелері ұғымдарын анықтап алайық. у=f(х) функциясы берілсін. Аргументтің х және х1 мәндері функцияның анықталу облысынан алынған.
Анықтама: х1 –х айырымын аргументтің х нүктесіндегі өсімшесі д.а. Өсімшені Δх таңбасымен белгілеп, “дельта икс” деп оқиды,
яғни Δх= х1 –х
у=f(х) функциясының анықталу облысында тиісті кез келген х нүктесін алайық. Функцияның аргументі х-ке Δх өсімшесін берейік. Δх өсімшесін қабылдағаннан кейін аргументтің мәні (х+ Δх ) болады. Өсімшенің таңбасы оң да, теріс те болуы мүмкін.
Енді функция өсімшесіне тоқталайық. Аргумент х-ке Δх өсімшесін у=f(х) функциясы да өсімше қабылдайды. Бұл функцияның өсімшесі Δу деп белгіленіп, Δу =(у+ Δу )-у немесе , Δу = f(х+Δх)-f(х) теңдігімен анықталады,сонда функция өсімшесі функцияның екі нүктедегі мәндерінің айырымына тең.

Мысалдар қарастыру:
І-топ: у=х3 функциясының аргументі х нүктесінде Δх- ке тең болғандағы өсімшесін табу
ІІ-топ: у= кх+в сызықтық функциясының аргументі х-тен (х+ Δх)-ке ауысқандағы өсімшесінің аргумент өсімшесіне қатынасы к санына тең екенін дәлелдеу.
Анықтама: қатынасының аргумент өсімшесі Δх-тің нөлге ұмтылғандағы шегі бар болса, онда ол шекті у=f(х) функциясының х нүктесіндегі туындысы д.а. у=f(х) функциясының х нүктесіндегі туындысының белгіленуі: у'=f`(х), f`(х)-тің оқылуы: х-тен эф штрих.
Демек,

Функцияның туындысын табу амалын функцияны дифференциалдау д.а.


х нүктесінде функцияның туындысы бар болса, онда f(х) функциясын осы нүктеде дифференциалданатын функция д.а. Егер функция аралықтың барлық нүктелерінде дифференциалданатын болса, онда осы аралықта дифференциалданатын функция д.а. у=f(х) функциясының х0 нүктесінде туындысы бар болса, онда осы нүктеде функция үзіліссіз болады.
Анықтама бойынша туынды табу алгоритмі:

  1. Аргументке Δх өсімшесін беру;

  2. Δх өсімшеге сәйкес функция өсімшесін, яғни Δу = f(х+Δх)-f(х) анықтау;

  3. Функция өсімшесінің аргумент өсімшесіне қатынасын табу, яғни



  1. Соңғы теңдіктен аргумент өсімшесі нөлге ұмтылғандағы шекті анықтау:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы