ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
5В010200-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы
Сабақ жоспары
Тақырыбы: Құрттар және ұлулар
Сыныбы: 3
Пәні: Дүниетану
“Зияткер” тобы
Пәннің аты: Дүниетану
|
Уақыты: 14.04.2017
Сынып: 3
|
Мұғалім: «Зияткер» тобы
|
Сабақтың тақырыбы
|
Құрттар және ұлулар
|
Мақсаты
|
Білімділік: оқушыларға құрттар мен ұлулар туралы, жауынқұрттың пайдасы мен паразит құрттардың зияны жайлы білім беру, паразит құрттардан сақтану үшін тазалықты сақтаудың ережесімен таныстыру.
Дамытушылық: құрттар мен ұлулар жайлы түсініктерін қалыптастыра отырып, оқушылардың есте сақтау, көру, салыстыру, қорыту, тұжырымдау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың табиғатты сүюге тәрбиелеу, эстетикалық, экономикалық тәрбие беру.
|
Сабақ түрі
|
Жаңа сабақты меңгерту
|
Сабақтағы әдіс-тәсілдер
|
Ми шабуылы «Сыр сандық» әдісі, Power Point слайдтары, түсіндіру, баяндау, «Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі, iSpring Quiz Maker бағдарламасында жасалынған тест тапсырмалары, ассоциация әдісі
|
Ресурстар
|
Сандықша, карточкалар, бейнелі суреттер, Power Point слайдтары, ноутбук, бағалау парақшасы,
|
Сабақ кезеңдері
|
Тапсырма және тәсілдер. Мұғалімнің іс-әрекеттері
|
Оқушының іс-әрекеттері
|
І. Проблеманы айқындау кезеңі
Қызығушылықты ояту кезеңі.
|
Ми шабуылы ретінде «Сыр сандық» әдісі арқылы өткен тақырыпқа шолу жасау. Үш сандықшаның ішінде төрт карточкадан салынған. Карточкаларда өткен сабақтар жайлы сұрақтар жасырынған. Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы карточкаларды құрастырып, құрастырылған суретте қандай суретін шыққанын айтады. Әр кеспе карточканы құрастырғанда ұлу немесе құрттың суреті шығады. Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын өздері ашады.
1)
2)
3)
4)
1)
2)
3)
4)
1)
2)
3)
4)
|
Оқушылар «Сыр сандықтан» карточкаларды алып, сұрақтарға жауап беріп, карточкаларды құрастырып, ұлу немесе құрттың суретін шығарып, жаңа сабақтың тақырыбын ашады.
(2 мин)
|
ІІ. Проблеманы шешу кезеңі.
Тақырыптың мағынасын ашу.
|
Мұғалімнің түсіндірмесі: Жауынқұрт топырақтың беткі қабатында тіршілік етеді. Ұзын денесі ауа жақсы өтетін ылғалды, жұқа терімен жабылған. Ол бүкіл өмірін топырақ ішінде өткізеді. Тек жауынды күндері ғана жер бетіне шығады. Себебі, топырақтың бүкіл кеңістігін су толтырады да, оның тыныс алуына қиындық тудырады. Ол өзіне терең, ұзын, ің қазып алады. Ол ің қазған кезде топырақты жұта береді. Ішегі толғаннан кейін, жер бетіне жорғалап шығып, топырақты сыртқа шығарып тастайды. Жауынқұрт топырақты қарашіріндімен құнарландырады, қопсытады. Жерді қазып және топырақты өлшеусіз жұту арқылы ол топырақтың құрылысын өзгертеді. Мұндай топыраққа ауа және ылғал жақсы енеді. Мұнан басқа да адам денсаулығына зиян келтіретін құрттар бар. Бұлар – паразит құрттар. Оны жұмырқұрт немесе ішек құрт деп атайды. Олар адамның, жануарлардың ішінде тіршілік етеді. Мұндай паразит құрттарды тасушылар - шыбындар. Шыбындар оларды аяқтарымен тасиды. Ұлудың басында аузы және екі жұп мүйізшесі бар. Төбесіне орналасқан мүйізшесінде көздері болады. Ал, басқа мүйізшелері дәм және иісті анықтау қызметін атқарады. Егер, ұлу қауіп-қатерді сезсе, қауашағына кіріп кетеді. Ұлу бау-бақша өсімдіктеріне зиян келтіреді. Адамдар бұл зиянкестермен күресу үшін түрлі әдістерді қолданады.
«Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі арқылы зерттеушілікке баулу: Мұғалім сабақты түсіндіріп болған соң, әр топқа ұлулар мен құрттар салынған террариум таратып береді. Оқушылар террариумнің ішінде қандай жануар бар екенін және олардың іс-әрекеттерін бақылап, әр оқушы ойланып, жұптарымен талқылап, топта пікірлеседі.
Сергіту сәті
|
Оқушылар слайдар арқылы сабақты түсінеді
(3 мин)
Оқушылар таратып берілген терраиумдегі жануарларды бақылап, зерттеп, ойланып, қорытынды жасап, топта талқылайды.
(4 мин)
Оқушылар сергіту сәтін жасайды
(1 мин)
|
ІІІ. Проблеманың шешімін қолдану кезеңі.
Ой толғаныс кезеңі.
Сабақты бекіту.
|
iSpring Quiz Maker бағдарламасында жасалынған тест тапсырмаларын қолдану арқылы білімдерін толықтыру
Кері байланыс. Ассоциация әдісін қолдану арқылы сабақты қорытындылайды.
Бағалау: Әр топ алдын ала таратылып берілген бағалау парақшасын критерийлерге сәйкес толтырып, өздерін өздері бағалайды.
|
Оқушылар iSpring Quiz Maker бағдарламасында жасалынған тест тапсырмаларын орындайды.
(2 мин)
Оқушылар суреттерге қарап ассоциация жасайды.
(3 мин)
Барлығы: 15 мин
|
Достарыңызбен бөлісу: |