Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси көзқарастары


Абай Құнанбайұлының қоғамдық көзқарасы



бет4/5
Дата14.09.2022
өлшемі140 Kb.
#290355
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Кз агарту жоспар
Зар заман жоспар
3. Абай Құнанбайұлының қоғамдық көзқарасы. Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының аса көрнекті ойшылы, ағартушысы, ұлы ақыны және қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, қоғам қайраткері.
Ақынның жастық шағы патша үкіметінің Қазақстанның оңтүстігіне қарай әскери күшпен ентелеп ене бастаған кезімен тұспа-тұс келді. Ол патша үкіметінің округтік приказдардағы жағдайының барған сайын нығая түскенін, ХІХ ғасырдың 60–90-жылдарында әкімшілік реформаларының енгізілгенін өз көзімен көрді. Аз уақыт болыс болған кезінде кез келген істі әділ және адал шешуге талпынды. Сол үшін қатардағы қарапайым халықтың үлкен сый-құрметіне бөленді. Бірақ қоғамның күрделі проблемаларын мұндай тәсілмен шешуге болмайтынына бірте-бірте көз жеткізе бастайды. Сондықтан да ол қазақтарды білім мен ғылымды меңгеруге шақырды.
Ақын көзқарасының қалыптасуына оның озық ойлы орыс зиялы қауымы өкілдерімен араласуы зор ықпал етті. Ол кезде өз Отанының тәуелсіздігі жолындағы ұлт-азаттық қозғалыстарға белсене қатысушылар Қазақстан аумағына жер аударылып жатқан еді. Олар, атап айтқанда, Украина мен Польшадағы зиялы қауымның неғұрлым білімді өкілдері болатын. Жер аударылып келгендердің арасында патша үкіметінің саясатына қарсы шыққан орыс зиялы қауымның өкілдері де аз емес еді. Олар Абайдың саяси көзқарасының қалыптасуына ықпал етті. Е. Михаэлис, С. Гросс, Н. Коншин, Н. Долгополовтармен араласуы барысында Абай А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов және басқалардың шығармаларымен жете танысты.
Ойлан
Не себепті Абай жер аударылып келген өзге ұлт зиялыларымен араласты?
Ақынды қатты алаңдатқан жағдайлар қазақтардың жаппай кедейлене бастауы, патша үкіметі шенеуніктерінің шектен шыққан озбырлығы, жергілікті болыстардың парақорлығы мен қанағатсыз пайдакүнемдігі еді. Ол өлеңдерінде жақын туыстарына көмек қолын созбайтын сараң байларды сынады. Парақор билеушілерді, кейбір әділетсіз билерді әшкерелеп отырды.
Абай қазақ қоғамын ерінбей еңбек етуге шақырды. Өзінің кейбір замандастарының бойындағы жаман мінездерді – жалқаулықты, білімсіздікті, көрсеқызарлықты, надандықты әшкереледі. Кедейшіліктен құтылудың бір тәсілі егіншілікпен айналысу, қолөнер кәсібін және сауда-саттықты үйренуде екенін айтты. Ол былай деп жазады:«Бай болғың келсе – өнер үйрен. Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды».
Талқыла
Абай шығармашылығының бүгінгі күні өзектілігі неде?
Оның басқаша ойлауы мүмкін де емес еді. Қазақ даласында жиі болып тұратын жұт қарапайым халықты ауыр қайғы-қасіретке душар ететін. Ондай кезде жылдар бойы жинаған малдан бір-ақ күнде айырылып қалатын еді.
Абай халыққа жаны ашымайтындарды жек көрді, байлардың қарапайым халыққа менсінбей қарауы оның ашу-ызасын келтірді. Қоғамды прогрессивті түрде дамыту жолдарын үнемі іздестіріп отырды. Абай ел басқаруға халық үшін қызмет ететін, адал адамдар сайлануы тиіс деп есептеді. Ол болыс басқарушыларды, сайлау жүйесін қатты сынға алды: «Үш жылға болыс сайланады. Әуелгі жылы «Сені біз сайламадық па?» деп елдің бұлданғандығымен күні өтеді. Екінші жылы кандидатпен аңдысып күні өтеді. Үшінші жылы сайлауға жақындап қалып, тағы болыс болып қалуға болар ма екен деп күні өтеді. Енді несі қалды?»
Ұлы ақын өз шығармаларында халықты адал, ақылды, әділ болуға үндеді. Әркімді өзінің өткен әр күніне міндетті түрде есеп беріп отыруға, келер ұрпақты парасаттылыққа шақырды: «Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ – өнерсіз иттің ісі. Әуелі құдайға сиынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды».
Замандастары Абайды елдің қамын ойлаған, әділ би деп білді. Оны Қарқаралы, Өскемен, Зайсан т.б. алыс уездерден іздеп келетін. Би-болыстардың ардан, ұяттан безіп, елін сатып, халықты екі жақтап тонап жатқанын әшкерелейді: «Болыс пен биді құрметтейін десең, құдайдың өзі берген болыстық пен билік елде жоқ. Сатып алған, жалынып, бас ұрып алған биліктің ешбір қасиеті жоқ». Ол қазақ қоғамына үлкен зиян келтірген жала жабуды, өтірік айтуды айыптады: «Елдегі жақсы адамдардың бәрінің үстінен бекер, өтірік «шапты, талады» деген әртүрлі қылмыстық іс көрсетіп, арыз береді. Оған дознание – тергеу шығарады. Бағанағы жақсы адамның сайлауға жарамауы үшін, өтірік айтып, көрмегенін көрдім деуші куәлар да әлдеқашан дайындап қойылған».
Одан ақыл-кеңес сұраған дала тұрғындары ағылып келіп жатты. Атап айтқанда, оған Баянауыл өлкесіндегі белгілі шежіреші әрі ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы келіп тұрды. Абаймен Семейге жер аударылып келгендер де санасатын. Міне, мұның бәрі патша үкіметі шенеуніктері мен олардың жергілікті кейбір итаршыларының тарапынан қызғаныш пен көреалмаушылық, тіпті саяси күдік туғызды. Ақынның үстінен өсек айту мен жала жабу әрекеттерін күшейтті.
Талқыла
Абайдың жастарға арналған өсиеттерінде не айтылған?
Абайға қарсы қастандық жасалады. Үстінен айыптау арыздар жолданып, тіпті жала да жабылды. Патша әкімшілігі Абайдың ізіне түсіп, Семей полицмейстері ақынның үйінде тінту жасайды. Ұлы ақынды «ақ патшаның жауы», «бүлікшіл», «ата-бабалардың әдет-ғұрпын, салт-жоралғысын бұзушы» деп кінәлады.
Абайдың белсенді ұстанымы отандастарының өмірін жақсартуда маңызды рөл атқарды. Ол елінің амандығы, қуаты мен гүлденуін ойлады. 2020 жылы елімізде ұлы Абайдың 175 жылдық мерей-тойы аталып өтті.
ХІХ ғасырдағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына қазақтың әйгілі ағартушылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбайұлы және т.б. зор үлес қосты. Олар халықты бірлікке, Ресей империясының отаршылдық саясатына байланысты қалыптасқан жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайға бейімделуге шақырды.

1. ХІХ ғасырдағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына қандай оқиғалар әсер етті?
2. Қазақ зиялыларының ортақ мүдделері болды ма?
3. Патша үкіметі қазақ ағартушыларына қатысты қандай саясат ұстанды?
4. «Шоқанның саяси көзқарастары Қазақ хандығы дәуіріндегі қоғамдық-саяси ойдың жалғасы» деген пікірмен келісесіңдер ме?
5. Үш ағартушы ғалымның қоғамдық-саяси көзқарастарының ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
оқыту мақсаттары
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
болып табылады
қызмет стандарты
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
арналған әдістемелік
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
Әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді
республикасының білім
туралы жалпы
атындағы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Жұмыс бағдарламасы
пайда болуы
қазақ тілінде