Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси көзқарастары


Ыбырай Алтынсариннің қоғамдық көзқарасы



бет3/5
Дата14.09.2022
өлшемі140 Kb.
#290355
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Кз агарту жоспар
Зар заман жоспар
2. Ыбырай Алтынсариннің қоғамдық көзқарасы. Қазақ халқының қоғамдық-саяси өмірінде аса көрнекті педагог, жазушы, фольклоршы, этнограф әрі қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин зор рөл атқарды.
Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып-үйренуге бейімдігін байқатты. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы-ғалым В.В. Григорьевпен жақын танысып алды. 1857 жылы Орынбор шегара комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітірді. Ыбырай орыс, татар және басқа тілдерде еркін сөйлей білді. Кейінірек халық ағартушысы ретінде білімін өзінше оқып, арттыра түсуді белсенді түрде жалғастыра берді. Ы. Алтынсарин көрнекті орыс демократтары Н.Г. Чернышевскийдің, Н.А. Добролюбовтың, А.И. Герценнің және басқалардың шығармаларымен де таныс болды.
Мектеп бітіріп шыққан Ы. Алтынсарин үш жылдай атасының қол астында кеңсе қызметкері болып істеді. Осы жылдар ішінде ол халқының сауатын ашып, білімін көтерудің аса қажет екенін жете түсінді.
Ағартушы-ұстаздың:
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар… –
Талқыла
Ы. Алтынсаринге «шоқынған» деген айыпты не себепті тақты деп ойлайсың?
деген жыр жолдары жас ұрпақты ғылым-білімді меңгеруге шақырады.
Оның білім беру жолындағы қызметі оңай болған жоқ. Алдынан түрлі кедергілер кездесті, тіпті оған «шоқынған» деген айып та тағылды.
1869 жылы Ы. Алтынсарин Торғай уездік басқармасына іс жүргізуші ретінде қызметке орналасты. Уезд бастығының аға көмекшісі және уақытша уездік сот міндеттерін қатар атқарды. Қызмет бабымен қазақ ауылдарында жиі болып тұрды. Өз халқының мүддесі мен қажетін жақсы білді. Болыс басқарушылары мен ауыл старшындарының сайлауына қатысып жүрді. Сайлау кезінде дауысты сатып алудың, парақорлық пен қиянат жасаушылықтың орын алуына жол бермеуге тырысты. Оның әрекетін жақтырмаған байлар үстінен облыстық басқармаға, әскери губернаторға және одан әрі Ішкі істер министрлігіне шағым жасады. Ол өзінің парасатты мінез-құлқы және барынша адалдығы, халық алдындағы атағы мен беделінің арқасында ақталып шықты.
Ы. Алтынсарин патша үкіметінің жергілікті халыққа қысым жасайтын жүгенсіз саясатын айыптап отырды. Ол отаршыл билікті сынға алып, халық ағарту ісіндегі Ресейдің өркениеттік саясатының шынайы мақсатын жете түсінді. Далалықтардың материалдық жағдайын жақсартуды көздеген Ыбырай алғашқылардың бірі болып, өз халқының тілдік және мәдени-рухани мұраларын қорғайтын озық идеяларын ұсынды. Ыбырай тұтас халықтың тұрмысын, олардың өмір сүру болмысын табиғи жағдайлармен санаспай, мәжбүрлі түрде өзгерту «ең қабілетті деген ұлттың өзін тоқырауға ұшыратуы мүмкін» деп, патша өкіметінің өзге халықтарға зиянын көре білді.
Қазақ даласы негізгі аймағының егіншілікпен айналысуға тиімсіздігін ескере отырып, халық ағартушысы малшаруашылығын дамытуға қолайлы жағдай бар екенін көрсетеді. Ол отырықшылыққа күштеп көшуге үзілді-кесілді қарсы шығып, эволюциялық жолды таңдады. Жергілікті халыққа тонаушылық пен апат әкелген отаршылдық қоныстандыру саясатын әшкерледі. Ы. Алтынсарин қазақ соты ісіндегі адалдық және әділеттілікті жоғалтып бара жатқан билерді қатты сынға алды.
Ыбырай ұлттық дәстүрлердің сақталуын қолдады. Ол туған халқының патриоты болды. Жергілікті билеушілер және отаршылдық әкімшілікпен орын алған шиеліністеріне қарамастан, ол өз ғұмырының соңғы кезінде былай деп жазды: «Мен түбегейлі терең сеніммен туған халқыма шамамның келгенінше пайдамды тигізсем деген ниетімнен ешқашан бас тартпаймын». Бұл сөздер оның өз халқына шынайы сүйіспеншілігін тағы да айғақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
оқыту мақсаттары
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
болып табылады
қызмет стандарты
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
арналған әдістемелік
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
Әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді
республикасының білім
туралы жалпы
атындағы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Жұмыс бағдарламасы
пайда болуы
қазақ тілінде