Сабақ жоспары пәні: Қазақ тілі


ІҮ. Жаңа тақырыпты меңгеру



бет9/11
Дата20.01.2023
өлшемі129.55 Kb.
#417582
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Қиял – адамға тән қасиет
8 сынып Жылу құбылысы физика факультатив Еслямова А, 8 сынып Жылу құбылысы физика факультатив Еслямова А, 1be24a2d-038e-11e1-9718-001018890642, 2 5359627729480192134, аза дебиеті 9-сынып І то сан 1-б лім «Атадан ал ан асыл с з»
ІҮ. Жаңа тақырыпты меңгеру
б) Мәтінмен жұмыс.
Топпен бірлесе талқылау (15 мин)
Төле бидің балалық шағы туралы мәтіннің жартылай бөлігі ғана берілді, ары қарай оқушылар оқиғанын қалай өрбігенін диалогтық әңгімелесу, ақылдасуы арқылы өздерінше болжайды.
Төле би өз халқының шешендік өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды. Бала күннен жас Төле әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды, қазақ халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім алады. Он бес жасынан ел билігіне араласып, ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі.
Шешендігі
Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады. Төле бала әуелі Әнет бабаға барыпты. Жасы жүзге тақап отырған Әнет баба ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле «Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ» дегенді сұрайды. Сонда Әнет баба әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады:
— Балам, мынаны сындырып көрші. Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.
-Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындыра береді.
Әнет баба:
— Бұдан не түсіндің, балам? — дейді. Сонда Төле бала:
Түсіндім, баба, бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді» демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой.
Бәрекелде, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл.
Қаз дауысты Қазыбек биге мінездеме беру. Бұл тапсырмада оқушыларға Қазыбек би туралы мағлұмат бере отырып, оның бойындағы қасиеттері туралы сыни ойлауға шақыру мақсатталған. Оқушылар топта жұмыс жасайды, талқылайды, сұрақтарға жауап берді.
Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Бидің жастық шағы мен бүкіл саналы өмірі қазақ елінің өз ішінде рулық-тайпалық алауыздықтар мен хандық билікке таластың неғұрлым өршіген, көрші мемлекеттердің көз тігуі жиілеп, Жоңғар шапқыншылығы үдей түскен кезеңге тап келді. Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда, ол Тәуке ханның белгілі би-батырлары бастаған елшілігіне ілесіп алғаш рет қалмақ қоңтайшысы Цэван Рабданға барғанында 14 жаста екен. Қылышынан қан тамған қаһарлы қалмақ ханының алдында қазақ билері жасқаншақтық танытып, күмілжіңкіреп қалған сәтте жасөспірім Қазыбек:
“Дат, тақсыр!” деп жұлқынып алға шығады да:
“Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп
Найзасына жылқының қылын таққан елміз.
Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз.
Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз.
Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз. Сен темір болсаң, біз көмірміз – еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз. Танымайтын жат елге — танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең – шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз.
Бітім берсең – жөніңді айт, бермесең – тұрысатын жеріңді айт!” – депті.
Жас баланың бұл сөздерінен бас алыспақ батырлықты да, ынтымаққа шақырған ізгілікті де аңғарған қалмақ ханы әділдікке жығылып, өжеттігі мен шешендігіне риза болып:
Дауысың қаздың дауысындай екен, бұдан былай сенің есімің Қаз дауысты Қазыбек болсын”, – деген екен. Соның арқасында елшілік жау қолындағы 90 тұтқынды шабылған мал, тоналған мүлігімен шашау шығармай қайтарып алып, елге олжалы оралған екен. Қазыбек бұдан кейін де жоңғарларға екі рет елшілікке барып, ел намысына дақ түсірмей, көздеген мақсатын орындап қайтқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
ғылым министрлігі
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
бекіту туралы
Жалпы ережелер
арналған әдістемелік
болып табылады
Мектепке дейінгі
Қазақстан республикасының
Қысқа мерзімді
Қазақ әдебиеті
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
білім берудің
рсетілетін қызмет
бағалаудың тапсырмалары
тақырыптық жоспар
атындағы жалпы
пәнінен тоқсанға
пайда болуы
туралы жалпы
әдістемелік ұсыныстар
коммуналдық мемлекеттік
қарым қатынас
пәнінен тоқсан
қызмет стандарты
мемлекеттік мекемесі