Пән : Математика Мектеп : №110 мектеп -лицей
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Өзім туралы Мұғалімнің аты-жөні: Сатыбалдиева Г
Күні : Қатысқандар саны:
Сынып: 1 Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
7 саны мен цифры
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары ( оқу бағдарламасына сілтеме)
|
1.1.1.1 санау барысында натурал сандардың реттік номері анықталатындығын түсіну; 10 көлемінде тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау;
1.1.1.2 бір таңбалы сандарды оқу ,жазу және салыстыру
1.1.1.3бір таңбалы сандардың құрамын анықтау
1.5.2.4 қосу мен азайту амалдарының компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда пайдалану
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар: натурал сандарды алу жолдарын біледі, 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды, натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды. “+ “ “ – “ “ < “ >”
“=” таңбаларын қолданады.
Көптеген оқушылар: бір таңбалы сандардың құрамын анықтайды , цифр мен санды бірі-бірінен ажыратады. Бір таңбалы сандарды әртүрлі тәсілдермен (нүктелер жиынтығымен , таяқшалармен және т.б.) көрсетеді, “+ “ “ – “ ,“ < “ , >”, “=” таңбаларын қолданады.
Кейбір оқушылар: 7 санын қалай алуға болатынын біледі, 7 санын өрнектермен салыстыра алады.
|
Бағалау критерийлері
|
-7 санының құрамын анықтайды
-7 санын басқа сандармен салыстырады.
-Сандық сәуледегі 7 санының орнын табады.
-7 цифрын жазады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдар:
натурал сандарды алу жолдарын біледі, бір таңбалы сандардың құрамын анықтайды.
Пәнге тән лексика мен терминология: жеті
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Русланның жасы нешеде екенін қалай таптыңыз?
Кемпірқосақ неше түстен құралған деп ойлайсыз?
7-нің алдындағы санды атаңыз
6-дан кейінгі санды атаңыз.
Келесі сан қандай сан?
|
Құндылықтарды дарыту
|
Топтық тапсырмаларды орындау барысында ынтымақтаса жұмыс жасайды , бір-біріне қолдау көрсетеді .
|
Пәнаралық байланыс
|
Жаратылыстану- кемпірқосақтың түстерін атайды.
Музыка- музыкалы ноталарды атап, аспап түрлерін ажыратып береді.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
|
Бастапқы білім
|
10 көлеміндегі сандарды атай алады, 7-ге дейінгі сандарды оқып жазады, 10 көлеміндегі сандарды туру және кері санайды
|