Сабақ жоспары: Ісіктер. Жалпы мәселелері



бет1/4
Дата05.05.2021
өлшемі29.27 Kb.
түріСабақ
  1   2   3   4

13 практикалық сабақ
Тақырыбы: Ісіктер. Жалпы мәселелері. Қатерлі және қатерсіз ісіктер. Клиникасы. Диагностикасы. Қатерлі ісіктердің бастапқы кезіндегі диагностикасы. Обыр алды аурулар. Онкологиялық қадағалау. Ісіктердің ерекше түрлерінің клиникасы.
Сабақ жоспары:

1.Ісіктер. Жалпы мәселелері.

2.Қатерлі және қатерсіз ісіктер. Клиникасы. Диагностикасы. Қатерлі ісіктердің бастапқы кезіндегі диагностикасы.

3.Обыр алды аурулар. Онкологиялық қадағалау.



4. Ісіктердің ерекше түрлерінің клиникасы.
Сабақтың мақсаты мен міндеттері: Ісіктер. Жалпы мәселелерін. Қатерлі және қатерсіз ісіктер. Клиникасын, диагностикасын. Қатерлі ісіктердің бастапқы кезіндегі диагностикасын. Обыр алды ауруларды. Онкологиялық қадағалауды. Ісіктердің ерекше түрлерінің клиникасын үйрету.
Сабақтың мазмұны:

Көптеген патологиялық аурулардың ішінде – ісіктердің алатын орны ерекше. Ісіктер туралы ғылым ертеден «онкология» деген арнайы мамандық болып бөлініп шыққан («oncos» - грек тілінен аударғанда-ісік, «logos» - ғылым деген ұғымды білдіреді). Онкология ғылымы тек нағыз ісіктерді ғана оқытады. Оларды жалған ісіктерден – ісінудің салдарынан дамитын тіндердің көлемінің ұлғаюынан, қабынудан, гиперфункция мен қызметтік гипертрофиядан, гормональды жағдайдың өзгерістерінен, бір аймаққа сұйықтықтың шектеліп жиналуынан және т.б.- ажырата білу керек. Ісік (син: өспе, неоплазма, бластома) – бұл дербес өсуімен, полиморфизммен және жасушалардың атипиясымен ерекшеленетін, ағзалар мен тіндерде өздігінше дамитын патологиялық түзіліс болып табылады. Кездесу жиілігіне байланысты онкологиялық аурулар жүрек-қан тамыр жүйесінің дерттерінен және жарақаттардан кейін үшінші орында тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жыл сайын 6 млн. адам ісік ауруына шалдығады. Әйелдерге қарағанда ер адамдар жиі ауырады. Олар ісіктердің негізгі орналасу орнына қарап ажыратылады. Ер адамдарда көбінесе өкпенің, асқазанның, қуық асты безінің, тоқ ішек пен тік ішектің, терінің қатерлі ісіктері кездеседі. Ал әйелдерде бірінші орында сүт безінің қатерлі ісігі тұрады, содан кейін асқазанның, жатырдың, өкпенің, тік ішектің және тоқ ішектің, терінің ісіктері орын алады. Кейінгі кездері өкпе ісігінің жиілеуі байқалса, ал асқазан ісіктерінің азаюы байқалуда. Дамыған шетелдерде онкологиялық аурулардың өлім деңгейі жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларынан соң екінші орынды алады және 20%-ын құрайды. Қатерлі ісік диагнозы қойылғаннан кейінгі науқастардың бес жылдық өмір сүру көрсеткіші шамамен 40%-ға тең. Ісіктердің этиологиясы мен патогенезі. Қазіргі кезде ісіктердің даму себептерінің сұрақтары толық шешілген жоқ. Бірақ ісіктердің дамуының қазіргі кездегі полиэтиологиялық теориясы кеңінен тараған. Жасушалардың ісіктік трансформациясы механикалық факторлардың, химиялық және физикалық канцерогендердің, онковирустардың нәтижесінде пайда болады. Механикалық фактор – регенерациялық үрдіспен жалғасатын тіндердің жарақаттануының жиі қайталануы. Химиялық канцерогендер: химиялық заттардың жергілікті және жалпы әсер етуі. Оларға мынадай мысалдар келтіруге болады: үйдің мұржаларын тазалайтын адамдарда ұманың қатерлі ісігінің (күйген күлдің әсерінен), шылым шегетіндерде өкпенің жалпақ жасушалы қатерлі ісігінің (көпциклды ароматты көмірсутектердің әсерінен), асбестпен жұмыс істейтіндерде плевраның мезателиомасының дамуы және т.б. Физикалық канцерогендер: ультракүлгін (терінің қатерлі ісігі) және радиобелсенді сәулелердің әсерінен (сүйектің, қалқанша безінің қатерлі ісігі, лейкоздар) ісіктердің дамуы. Онкогенді вирустар: Барр-Эпштейн вирусы (Беркеттің лимфомасы), Т-жасушалық лейкоздың вирусы (Т-жасушалық лейкоз). Жіктелуі: Барлық ісіктер қатерлі және қатерсіз болып бөлінеді. Қатерсіз ісіктерді атағанда, олардың пайда болған тіндерінің латынша атына «-ома» деген жалғау тіркеліп белгіленеді: липома, фиброма, миома, хондрома, остеома, аденома, ангиома, невринома және т.б. Егер ісіктің құрамында әртүрлі жасушалардың тобы кездесетін болса, онда оларды қосып атайды- липофиброма, нейрофиброма және т.б. Барлық қатерлі ісіктер екі топқа бөлінеді: эпителийден дамыған ісіктер – обыр (карцинома, cancer) және дәнекер тіннен дамыған ісіктер – саркома деп аталады. Обырдың аталуы да қатерсіз ісіктер сияқты пайда болған тіндердің атымен белгіленеді. Жоғары дәрежеде қалыптасып жетілген ісіктер нақтылап айтылады: жалпақ жасушалы мүйізделетін обыр, аденокарцинома, фолликулярлы, папиллярлы обыр және т.б. Қатерлі ісіктер қатерсіз ісіктерден тек аталуы бойынша ғана ажыратылып қоймайды. Сонымен қатар, олар морфологиялық құрылысына, өсу жылдамдығы мен сипатына, басқа ағзаларды зақымдау мүмкіндігіне, клиникалық ағымына, науқастың жалпы жағдайына әсер етуіне және т.б. белгілеріне қарай ерекшеленеді. Атипия мен полиморфизм – бұл көбінесе қатерлі ісіктерге тән қасиет. Қатерсіз ісіктер өзі дамып жетілген тіндерге ұқсас болып келеді немесе олардан аз ғана ерекшеленеді. Ал, қатерлі ісіктер шыққан тіндерінің құрылысы мен қызметіне қарай өзгешеленеді. Сондықтан, кейбір қалыптасып жетілмеген қатерлі ісіктердің морфологиялық өзгерістері соншалықты күрделі болғандықтан, олардың қандай тіннен дамығандығын ажырату қиындыққа соғады кейде тіпті анықталмауыда мүмкін. Обыр алды ауруларына - қатерлі ісіктің дамуына жиі жағдайда себепші болатын созылмалы ауруларды жатқызады. Мысалы, сүт безінің ісік алды ауруы дисгормональды мастопатия болып табылады; асқазан үшін - созылмалы ойық жаралар, полиптер, созылмалы атрофиялық гастриттер; жатыр үшін – жатырдың мойынының эрозиясы мен лейкоплакиялар жатады. Ісік алды аурулары бар науқастар диспансерлік бақылауда болуы тиіс және жыл сайын онкологқа қаралып, арнайы тексеру әдістерінен өтіп тұруы қажет (маммография, ФЭГДС жэне т.б.). Қатерлі және қатерсіз ісіктердің клиникасы мен диагностикасы бір-бірінен ерекшеленеді, өйткені олар қоршаған тіндер мен ағзаларға және бүкіл денеге әртүрлі әсер көрсетеді. Қатерсіз ісіктердің диагностикасы жергілікті белгілерге ғана сүйеніп құрылады – ісіктің өсу белгілері. Көпшілік науқастар өспенің пайда болуын өздері аңғарады. Бұл кезде ісік баяу өседі, ауыру сезімін тудырмайды, домалақ пішінді, қоршаған тіндермен шекарасы анық және беті тегіс болады. Науқасты тек өспенің ғана болуы толғандырады. Кейбір жағдайларда ғана ағзаның қызметінің бұзылыстары байқалуы мүмкін (ішектің полипы обтурациялық түйілуді шақырады; бас-миының қатерсіз ісігі қоршаған бөлімдерді қысып, неврологиялық белгілердің дамуына себепші болады, бүйрек үсті безінің аденомасында гормондар көп мөлшерде бөлініп, артериялық гипертензияны туындатады және т.б.). Қатерлі ісіктердің клиникасында негізгі 4 синдромды ажыратады -«тін-қосылу» синдромы;

-патологиялық бөліністер синдромы;-ағзаның қызметінің бұзылу синдромы;

-кішігірім белгілер синдромы.-«Тін-қосылу» синдромы. Өспе жаңа тін ретінде орналасу аймағында байқалады, ол қосымша тін - «тін-қосылу» белгісі болып табылады. Бұл белгі ісік дененің беткей қабаттарында (теріде, терінің астында, бұлшық еттерде) және аяқ-қолда орналасқанда оңай байқалады. Кейбір жағдайларда құрсақ қуысында орналасқан өспелерді сипап-сезу арқылы анықтауға болады. Қатерлі ісіктердің диагностикасының жалпы қағидалары: Қатерлі ісіктерді емдеудің нәтижесі оның сатысына, үрдістің үдеуіне және рецидивтің дамуына байланысты болғандықтан, ісіктердің диагностикасында мынадай кағидаларға сүйенуі қажет:


  • ерте мезгілді диагностика;-онкологиялық сақтық;-гипердиагностика.

Арнайы диагностикалық әдістер: Арнайы зерттеу әдістері: эндоскопиялық (лапароскопия, торакоскопия, ФЭГДС, колоноскопия, бронхоскопия, цистоскопия), рентгенологиялық (рентгеноскопия, рентгенография, томография, ангиография, лимфография), радио-нуклеидті диагностика (сканирлеу, сцинтиграфия), КТ, УДЗ және т.б. Сонымен қатар, лабораторлы әдістердің де көмегі өте зор болып табылады. Әсіресе, эндоскопиялық зерттеу жүргізіп жатқанда немесе операция кезінде биопсия алу диагноз қоюға мүмкіндік береді. Биопсияга алынған тіндерді немесе ағзаларды морфологиялық (гистологиялық) және цитологиялық тексеруден өткізіп, қатерлі ісік диагнозын нақтылауға болады. Бірақ зерттеу барысында атипиялық жасушалар табылмаса, қатерлі ісік диагнозы алып тасталынбайды, мұндай жағдайларда клиникалық белгілерге және басқа да зерттеу әдістерінің қорытындысына сүйенуі қажет. Қатерсіз ісіктердің негізгі және бірден-бір емі - хирургиялық операция болып табылады, тек кейбір ағзалардың гормон тәуелді қатерсіз ісіктерін гормондарды тағайындап емдеуге болады. Қатерлі ісіктерді емдеудің З әдісі бар: хирургиялык, сәулелік және химиялық. Олардың ішіндегі негізгісі хирургиялық әдіс болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде