Сабақ жоспары №33-34 Пәні: Анатомия, физиология және мектеп гигиенасы

Loading...


Дата02.04.2020
өлшемі25.51 Kb.
түріСабақ
Сабақ жоспары № 33-34

Пәні: Анатомия, физиология және мектеп гигиенасы.

Күні

19.12













Тобы

МК-205













Сабақ тақырыбы. Жүректің құрылысы.

Сабақта қарастырылатын құндылық: Сүйіспеншілік.

Қалыптастырылатын қасиеттер: мейрімділік, кішіпейілділік, қызығушылық

Сабақтың типі: Жаңа білім, білік, дағдыны игерту..

Сабақтың түрі: Өзін-өзі тану пәнімен интеграциялау сабағы.

Сабақтың мақсаты: Студнттерде жүректің құрылысы, жұмысы,қан қысымы, қанның тамырлармен қозғалуы туралы түсінік қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Студнттерге жүректің құрылысы, жұмысы,қан қысымы, қанның тамырлармен қозғалуы туралы білім беру.

Дамытушылық: Жүйелеу дағдыларын қалыптастыра отырып дамыту, есте сақтау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелілік : Студнттерді сабырлылық, қарапайымдылық, кешірімшілдік,

өштенбеуге, табандылыққа , өздерінің және өзгенің денсаулығына жанашырлықпен қарауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу



Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: кестелер, суреттер, сызбанұсқалар, слайдтар.

Негізгі әебиет: Ш.С.Набидоллина. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы жәңе гигиенасы

Қосымша әдебиет:З.Ж.Асқарова Биология 8 класс, Е.Очкур Биология 8 класс

Сабақ әдістері: түсіндіру, сүрақ-жауап, көрнекілік.

Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, биология, химия

Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру бөлімі. 2мин.

2. Сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау. 3мин.

3. Жаңа материалды түсіндіру. 20мин.

4. Студенттердің жаңа материалды қабылдауын алғашқы тексеру. 5мин.

5. Берілген материалды студенттердің өз бетімен жұмысы арқылы бекіту. 5мин.

6. Бұрынғы өткенді жаңа материалмен байланыстырып жүйелеу, қорыту. 5мин.

7. Үйге тапсырма беру. 3мин.

8. Студенттерді бағалау 2мин.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәемдесу, тізім бойынша студнттерді тексеру.

«5Т» ережесі: тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық.

Тыныштық күйі – « Күн нұрына бөлену»

Дәйексөз:

«Нағыз құштарлық пен сүйіспеншіліксіз қай іс болсада да ілгері баспайды»

И.И.Павлов

Автор бұл дәйексөз арқылы не айтқысы келген?



Бәріміз қосылып айту.

2-рет ер балаларға, 2-рет қыз балларға айқызу, 1-рет бәріміз қосылып айту



Оқытушы сыйы:
ІІ Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа материалды игерту.

1.Қанайналым жүйесі.

2.Жүректің құрылысы.

3.Қан қысымы. Қанның тамырлармен қозғалуы.

1. Қанайналым жүйесі — денедегі қан немесе гемолимфаның үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ететін тамырлар мен қуыстардың жүйесі. Көптеген омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі тұйықталмаған, яғни қан тамырларының аралықтарында қан құйылатын саңылаулы қуыстар болады. Адам мен барлық омыртқалы жануарларда және кейбір жоғары сатыдағы омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі тұйықталған, яғни қан тек бір-бірімен толық байланысып жалғасып жатқан қан тамырлары арқылы ғана қозғалады.қанайналымның қызметі тасымалдау (қан тамырларын бойлай ағып, организм үшін көптеген қызмет атқарады. Ол оттекті жасушаларға тасып, көмірқышқыл газын тыныс алу мүшелеріне жеткізеді);

терморегуляторлық (организмдегі жылуды таратады);

қорғаныш (қанды лейкоциттер мен нәруыз плазмасымен қамтамасыз етеді);

гуморальды реттелу (гормондарды және басқа биологиялық заттарды тасымалдау


2.Жүрек — іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады. Жүрек бұлшықеті (гр. myocardiummys бұлшықет, kardia  жүрек) - жүректің жүрекшелері мен қарыншаларының бұлшықет қабығы (миокард). Жүрекшенің бұлшықет қабығы беткей және терең ет қабаттарынан тұрады. Беткей ет қабатының кардиомиоциттері көлденеңінен орналасады. Ол оң және сол жүрекшелерді сыртынан қаптап, оларға ортақ қабат болып келеді. Терең ет қабаты әрбір жүрекшеде жекелей орналасады. Бұл қабаттың кардиомиоциттері ұзынынан орналасады. Жүрек қарыншаларыныңбұлшықет қабығында айқын байқалатын бес ет қабаты болады. Олардың сыртқы беткей және ішкі бұлшықет қабаттарын қиғаш жатқан кардиомиоциттер, ал ортаңғы үш ет қабаттарын сегіздік тәрізді иіле орналасқан жүрек ет жасушалары түзеді


Жүректің құрылысы оның атқаратын қызметіне сай келеді. Ол тұтас арқылы екі — сол жақ және оң жақ бөлікке бөлінген. Ал жүректің әр бөлігі бір-бірімен жалғасқан екі бөлімнен: жоғарғы — құлақшадан және төменгі — қарыншадан тұрады. Сонымен, адамның жүрегі бүкіл сүтқоректі жануарлардікі сияқты төрт камералы: ол екі құлақшадан және екі қарыншадан тұрады.Қарыншаға қарағанда құлақшаның қабырғасы әлдеқайда жұқа. Бұл құлақша жұмысының оншалықты көп болмауына байланысты. Ол жиырылған кезде қан қарыншаларға өтеді. Қарынша бүкіл тамырларды бойлай қан айдап, көп жұмыс атқарады. Көп жұмыс істейтіндіктен, сол жақ қарыншаның бұлшық еті оң жақ қарыншаның қабырғасынан қалың болады. Әрбір құлақша мен қарыншаның шекарасында жақтаулы қақпақшалар болады, олар сіңір талшықтарыарқылы жүректің қабырғасына бекінеді. Бұл жақтаулы қақпақшалар.Құлақша жиырылғанда қақпақшаныыңы жақтаулары қарыншаның ішіне қарай салбырап, босап қалады. Сондықтан қан құлақшадан қарыншаға еркін өтеді. Қарынша жиырылғанда қақпақшаның жақтаулары тығыз жабылып, құлақшаның кіре беріс жолын бітейді, сондықтан қан тек бір бағытта — құлақшадан қарыншаға қарай ағады, одан қан тамырларына барады.

Қан қысымы — қан тамырларының (күре тамырлар мен көктамырлардың) қабырғаларына түсетін күш немесе қан қысымы: адамның жасы мен денсаулығына байланысты болады.Ол қантамырларда бірдей болмайды . Қан қысымы артерияларда ,әсіресе ,қолқада барынша жоғары болады . Қан жүректен алыстаған сайын қысым да азаяды. Қан қысымы каппилярларға жеткенше төмендеп , веналарда ,әсіресе, жоғары және төменгі қуысты веналарда ең төмен болады .
Қан қысымы тонометр арқылы иық артериясында өлшенеді.
Ең жоғары қысым ( с.б.б 110-120мм ) систоликалық ол қарыншалардың систоласы жиырылуы кезінде байқалады . Ең төменгі қысым ( с.б.б 60-80 )диастоликалық ол қарыншалардың диастоласы босаңсуы кезінде байқалады . Лүпілдік қысымы деп систоликалық және диастоликалық қан қысымының айырмашылығын айтамыз . Ол сынап бағанасы бойынша 40 мм - ге тең . Лүпіл сол жақ қарынша жиырылған сайын қан қолқаның қабырғасына күшпен соғылып , оны кереді . Осы кезде пайда болған тербелістер толқыны артерия қабырғаларының бойымен тез таралады . Дене бетіне жақын орналасқан ірі артериялардан мысалы , білезіктің ішкі жағы , самай , мойынның екі жағынан басқа жерлерден тамырлар қабырғасының ырғақты тербелісін тамырдың соғуын сипап сезуге болады . Тамыр соққан сайын жүрек бір рет жиырылады . Жүректің бір минутта жиырылу мөлшері , тамырдың соғуын санау арқылы анықталады .[1]
Қан қысымының жоғарылауы гипертония ал төмендеуі гипотония деп аталатын ауруды тудырады

3.Қан жүректің ырғақты жұмысына байланысты қозғалады. Қанның әр түрлі тамырлармен қозғалу жылдамдығы әр түрлі. Қан едәуір, шамамен,5 м/с жылдамдықпен қолқамен ағады. Әрі қарай жылдамдығы төмендейді де, артерияда 0,25 м/с,капиллярда 0,5 мм/с құрайды. Қанның қолқа мен капиллярда ағу жылдамдығының үлкен айырмашылығы-бұл тамырлардың әр түрлі бөлігінде жалпы қимасының кеңдігінің бірдей еместігіне байланысты. Қан ағатын ең тар бөлік-қолқа, ал ең кеңі-капиллярлардың жиынтық арнасы. Біздің денеміздегі барлық капиллярлардың жиынтық арнасы қолқа арнасынан 800-900 есе асып кетеді.Капиллярда аз жылдамдықпен ағуға байланысты қан ұлпаларға оттек пен қоректі заттарды беріп,олардың тіршілік әрекеттерінің өнімдерін алып үлгереді. Капиллярда қан ағысының баяулауы олардың адам денесіндегі көп мөлшерімен түсіндіріледі(ә млрд капилляр құрайды). Адам денесіндегі венаның жалпы мөлшері артерияға қарағанда көп,ал вена арнасының жалпы кеңдігі артерия арнасынан едәуір асып кетеді.Жүрекке жақындаған сайын қанның венада ағу жылдамдығы артериядағыға қарағанда төмен. Вена қабырғасы артерия қабырғасына қарағанда жұқа және серпімділгі аз.Кейбір веналардың қабырғасында бұлшық ет қабырғасы жоқ. Бұл кезде қанды тек жүрекке қарай өткізетін,оның кері қайтуыына кедергі келтіретін аяқ және қол веналарының қабырғаларының қақпақшалары зор рөл атқарады. Қанның венамен қозғалуына қаңқа бұлшық еттерінің жиырылуы да, ішкі мүшелер қысмы да әсер етеді.Бұлшық еттер жиырылғанда венаны қысып,ондағы қанды тамырлармен жүрекке қарай айдайды. Қанның тамырлармен қозғалуынейрогуморальды факторлар арқылы реттеледі. Артерия қабырғасның бірыңғай салалы бұлшық етіне тамырды қозғалтатын жүйкенің тамырды кеңейтетін және тамырды тарылтатын екі түрі келеді.Олар тамыр арналарын тарылтуы немесе кеңейтуі мүмкін. Осы жүйке талшықтары бойынша жүретін импульстері сопақша мидың тамырды қозғалтатын орталығында пайда болады. Тамыр қабырғаларындағы жүйке ұштары қанның химиялық құрамы мен қысымының өзгеруіне әсер етіп,оларда қозу тудырады.Бұлшық еттің тамырды тарылтатын жүйкелері бойынша өтетін жүйке импульстерінің әсерінен тамыр қабырғасы жиырылады да,артерия арнасы тарылады.Қанның мүшелерге ағуы азаяды. Керісінше, жүйке импульстері тамырды кеңейтетін жүйкелер бойынша түскенде,артерия арнасы ұлғаяды да,мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуі артады. Тамырлар арнасының реттелуі тамақпен немесе әрт үрлі мүшелерден секрет түрінде түсетін қандағы химиялық заттардың әсеріне де байланысты. Мысалы,бүйрек үсті безінің адреналин гормоны тамырларды тарылтады да,ал барлық мүшелерде түзілетін гистамин капиллярларды кеңейтеді. Әр түрлі мүшелердегі тамырлардың кеңеюі мен тарылуы организмде қанның қайтта бөлінуіне себепші болады.Тамырлары кеңейген сәтте жұмыс істеп тұрған мүшеге қан көп бағытталады,жасушаларына оттек пен қоректік заттар көп түседі.Ал жұмыс істемейтін мүшеге аз түседі.Мысалы,спортшылардың жаттығуы кезінде өкпелері мен жүрек бұлшық еттерінің қанмен қамтамасыз етілуі артады,ал басқа мүшелерінде азаяды. Организмнің қалыпты күйінде барлық қан айналымға түспейді,белгілі бір бөлігі қан қорында болады.Қанды қорға жинақтайтын мүшелерге көкбауыр,бауыр,тері астындағы май клетчаткасы жатады.Қансыраған кезде қан бұл мүшелерден жалпы қан ағысына түседі де,қан қысымын сақтауға мүмкіндік береді.

ІҮ. Студенттердің жаңа материалды қабылдауын алғашқы тексеру.

1.Қанайналым дегеніміз не және оның маңызы қандай?

2.Жүректің құрылысы қандай?

3.Жүректің жұмысы қандай?

4.Қанның тамырлармен қозғалуына не себеп болады?

Ү. Берілген материалды студенттердің өз бетімен жұмысы арқылы бекіту

Қан айналым жүйесі

Организмдегі маңызы







ҮІ. Бұрынғы өткенді жаңа материалмен байланыстырып жүйелеу, қорыту.

1.Қанның формалы элементтерін ата.

2.Фагацитоз дегеніміз не?

3.Иммунитеттің қандай түрлері бар?

4. Қанайналым дегеніміз не және оның маңызы қандай?

5.Жүректің жұмысы неше кезеңнен тұрады?



6. Жүректің жұмысын зерттейтін ғылымды қалай атайды?

Үйге тапсырма 146-169 беттер.

Бағалау

Қосылып ән айту

Соңғы тыныштық сәті.

  • Енді көзімізді жұмып, бүгінгі өткен сабақта айтылған және сіздердің жүректеріңзден орын ерекше орын алған сәттерді тағы бір еске түсірейік.

  • Жүрегіңіз сабырлы күйге көшті. Осы сабырлы күйде отыра тұрыңыз.

  • Енді көзімізді ашуға болады. Бүгінгі күндеріңіз сәтті өтсін.


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
бойынша жиынты
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
ауданы кіміні
жалпы білім
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мерзімді жоспар
разрядты спортшы
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
директоры бдиев

Loading...