Сабақ ережелері



Дата02.01.2023
өлшемі48.3 Kb.
#405343
түріСабақ
Байланысты:
пбл 2013
Геодезия. Курс.жоб. мазмуны

Сабақ ережелері:

Науқастың тарихы:

  • Рамазан Дәкенов, 55 жаста
  • ҚКС станцияда механик (қызмет көрсету станцияларында),
  • Ол жөтелге және ентікпеге шағымданады
  • Ол 40 жыл бойы күніне 30 шылым шегеді. Ол күнделікті алты банка сыра ішеді.
  • Онда созылмалы шырышты қақырықпен жөтел бар, көбінесе таңертеңгі уақытта кем дегенде 15 жыл бойы. Әдетте жылына екі немесе үш рет жедел респираторлық инфекциялар болып тұрады, артық салмақ бар екені анық байқалады.
  • Қарағанды облысында жетпісінші жылдары кенші болып жұмыс істеген кезде, ол көмір шаңымен байланыста болды.
  • ОТБАСЫ ТАРИХЫ
  • Оның әкесіде шылымды өте көп шеккен және 62 жасында өкпенің қатерлі ісігінен қайтыс болған. Анасы тірі және сау.

  • Салмағы: 105 кг
  • Бойы: 175 см
  • Мойын өлшемі: 50 см
  • Бел өлшемі: 118 см, семіздік
  • Бетінде қан тамырлары кеңейген, орталық цианоз, тырнақтары және саусақтары қалыпты жағдайда. Лимфоаденопатия жоқ.
  • Жүрек-қан тамыр жүйесі
  • Жүрек ырғағы: 120 / мин
  • Қан қысымы: 160 / 90мм с.б.
  • Орталық венозды қысым: 6 см төс бұрышында жоғары (әдетте төс бұрышынан 2 см-ден жоғары)
  • Жүрек қағысы әлсіз. Екі толарсақ аймағында әлсіз ісіну байқалады. Аяқ басының ісінуі байқалады.

Науқастың тарихы:

  • Тыныс алу жүйесі
  • Мойындырық тіліктен жүзік тәрізді шеміршекке дейінгі қашықтықтың төмендеуі. Демалған кезде бөшке тәрізді кеуде торы шектелген. Нәтижелі жөтелдің байқалуы. Перкуссия кезінде везикулярлы тыныс дыбысының әлсіреуі, дем шығарған кезінде дараланған сырылдар байқалады.
  • Құрсақ ауданы
  • Бауыр оң қабырға доғасынан 3 см төмен сипап сезіледі, сәл сезімтал, ауырсынады. Бауырдың жиегі тығыз әрі қатты. Шағын кіндік сақинасының жарығы байқалады.
  • Кеуде торының рентгенографиясы, спирометрия (вентолинмен сынама), ЭКГ, эхокардиограмма, қан және қақырық анализі
  • Кеуде торының рентгенографиясы
  • [[MR 1032]]
  • Рентгенограммада өкпе алаңдарының кеңеюі, тамырлар суретінің күшеюі байқалады.
  • спирометрия
  • ОФВ1 = 0,7 л/с (қалыпты жағдайда = 3,3 л/с), вентолин ингаляциясынан кейін ОФВ1 = 0,72 л/с
  • ФЖЕЛ = 2,74 л (қалыпты жағдайда = 4,3 л), вентолин ингаляциясынан кейін ФЖЕЛ = 2,7 л
  • ЭКГ

  • Оң қарыншаның ұлғаюы, ұшының солға қарай ауытқуы және оң жақ аяқшадағы Гисс шоғырының блокадасы.
  • Қанның жалпы анализі:
  • Hb - 172 г/л, гематокрит - 60%, лейкоциттер және тромбоциттер қалыпты жағдайда
  • Дәрігердің нұсқаулығынан кейін пациент темекі шегуді тоқтатты және ішімдікті азайтты,соның нәтижесінде Стероидтармен емделгеннен кейін, әрқашан қарны ашып тұрғандай сезінеді, сол себепті өкінішке орай ол (5 кг) салмақ қосады. Ол ингаляторлар қолданады кейін аяқ-қолындағы ісінулер ептеп кете бастайды.
  • Соңғы үш жылда тыныс алуы айтарлықтай нашарлаған, жөтел, бас ауруы пайда болған. Анамнезінен: ол үнемі ұйқылы және біртүрлі тежеулі жүретінін растайды.
  • Жалпы тексеру: Дене қызуы 38°C, цианоз, лимфоаденопатия байқалмайды
  • Саусақтан қан глюкозасын жедел талдау:
  • 5,8 ммоль/л
  • Жүрек – қантамыр жүйесін тексеру: Қан қысымы 160/85; пульсі 120; 1 жүрек тоны бұзылған; толарсақтың жәй ісінуі
  • Тыныс алу жүйесін тексеру: Кеуде торыбөшке тәрізді; тыныс алғанда сырыл бар; саусақ соққысы арқылы тексергенде анық өкпе дыбысы естіледі
  • Тыныс алу жүйесін тексеру: Артық салмақ; бауырдың жиегі пальпация кезінде 1см жұмсақ, ауырсынусыз

Науқастың емделуі:

  • Общий и биохимический анализы крови, рентгенография грудной клетки, бакпосев крови и мокроты, анализ газового состава крови осы анализдерді алу ұсынылды.
  • Қанықтыруды 88-92% жету мақсатында Вентури клапаны бар маска арқылы оттегіні жіберу, 30-60 минут сайын қандағы көмірқышқыл газын зерттеуді қайталау ем шаралары жүргізілді.
  • Сіз Вентури клапаны бар маска арқылы 88-92% жеткенше титрлейсіз, бұл FiO2=35% дейін жетеді, 45 минуттан кейін қандағы көмірқышқыл газын зерттеуді қайталау
  • Стационарда, бақыланатын оттегі терапиясы, әр екі сағат сайын қандағы көмірқышқыл газын анықтауды қайталау, ауыз арқылы доксициклин, преднизолон, небулайзер арқылы бронходилятаторлар қолдану

Науқас емнен кейін:

  • Аурудың өзіндік ерекшеліктері;
  • Ингаляторды дұрыс қолдану әдісін;
  • Өкпенің оңалуы;
  • Емделудің ең маңызды кезеңінде, шылым шегу және ішімдіктен өзін аулақ ұстануы

Гипотеза:

  • 1)Бронхит,
  • 2) Цероз печени
  • 3)Пневмония
  • 4)Қатерлі ісік
  • 5)ХОБЛ
  • 6)Гипертония
  • 7)Астма

Оқуға берілетін сұрақтар:

  • ӨСОА (ХОБЛ) (өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы), жүрек жеткіліксіздігі (оң қарыншаның) осы аурулармен танысу.
  • өкпелік жүрек жәнеполицитетомия
  • Серетид ,Спиривия
  • Фуросемид, Оксигенотерапия


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет