Сабақ. Электрокардиограмма түсіру және талдау. Есеп Науқас Оспан К., 18 жаста«жедел жәрдем бригадасын»

Loading...


бет1/2
Дата23.04.2021
өлшемі19.89 Kb.
  1   2

  1. Сабақ. Электрокардиограмма түсіру және талдау.

Есеп 1.

Науқас Оспан К., 18 жаста«жедел жәрдем бригадасын» шақыртты. Шағымдары: жүректің қатты және жиі соғуы, ауа жетіспеушілігі, басының айналуы, жалпы әлсіздік. Ұстама 1-2 Сағат алдын басталған, себебін ауыр стресспен байланыстырады. Бұрынғы ұстамалары 15-20 минут ішінде өздігінен басылатын. Бұл жолғы жағдай күрт нашарлап, жедел жәрдем дәрігерін шақыруға мәжбүр болған.

Анамнезінде: балалық шағын вирусты миокардтпен ауырған, диспансерлік бақылауда тұрады, ем қабылдап жүреді, санаторийде емделген. Кейде дамитын ұстамалар мазалайды.

Қарағанда: жалпы жағдайы орта дәрежелі, ортопноэ қалыпта, құлақ, мұрын, тілі, тырнақтары акрацинозданған. Мойын веналары толып тұр. Өкпеде визикулалы дыбыс, жиілігі минутына 26 рет. Жүрек шекаралары өзгеріссіз, тондары әлсіз, тахикардия, санағанда жиілігі 160-тан асады. Пульсі жұмсақ, жті, беткей, қан қысымы 80/50мм.сын.бағ.



Зеріттеу: ЭКГ: жүрек жұмысы ырғақты, ЖЭӨ қалыпты орналасқан, соғу жиілігі минутына 186рет, Р және Т тісшелері бір біріне қосылған. QRS комплексі жіңішке, ұшы өткір, ұзақтығы 0,1 сек.

  1. ЭКГ талдаңыз.

  2. Сіздің диагнозыңыз.

  3. Жедел жәрдем корсетіңіз.

  4. Экг түсіру техникасын жазыңыз

Жауабы:

  1. ЭКГ талдау: Ритм синусты, ырғақты, ЖСЖ 186 рет/мин.(тахикардия); ЖЭӨ қалыпты; Р және Т тісшелері бір біріне қосылған; АВ блокада жоқ; Қарыншаішілік блокада жоқ; МИ жоқ.

  2. Диагноз: Суправентрикулярлы пароксизмалды тахикардия

  3. Жедел жәрдем: Вагусқа əсер ету тəсілін қолдан (күшену сынағы, демін шығармай ұстап тұру, Вальсава тəсілі немесе альтернативті əдістер қолдану – бір жақ каротит синусын басу немесе шприцтің поршенін күштеніп үрлеп шығару əдісі).

  • Аденозин 6 мг тез венаға енгізу;

  • əсері болмағанда -12мг– Аденозин венаға енгізу;

  • ЭКГ - мониторингты жалғастыру;

  • егер синустық ырғақ қалпына келсе,онда ол ПСВТ болуы мүмкін,сондықтан ЭКГ синустық ырғақтағы 12-жалғамды жазу керек, ПСВТ рецидивінде тағы да 12 мг Аденозин енгізу қажет, аритмияның алдын алу үшін альтернативті заттардың біреуін таңдау қажет;

  • егер синустық ритм қалпына немесе онда эксперт көмегі қажет, стационарлық жағдайда ырғақты β-блокаторлармен бақылау қажет.



  1. ЭКГ түсіру техникасы:

    • Науқасты дұрыс  кушеткаға (арқасына) жатқызу керек. Науқас белге дейін шешініп, аяқтарын киімнен босатуы қажет. Зерттеуді тамақтан соң 2 сағаттан кейін және де демалғаннан кейін 10-15 минут кейін бастаған жөн.

    • Науқастың аты-жөнін, жасын, зерттеудің уақыты мен күні жазу керек.

    • ЭКГ құралында тіркеу жылдамдығын қою (50 мм/с – 1 немесе 25 мм/с-1) (көп жағдайда дайын болады).

    • ЭКГ құралын калибровка жүргізу (стандартты калибрлік күштеме 1mV, 10 мм тең)

    • Электродтарды қоятын жерлердің тері жабындары спиртпен өңделеді немесе арнайы гель жағылады.

    • Аяқ-қолдарына электродтарды дұрыс қою керек:

  • Оң қол- қызыл түс; Сол қол- сары түс; Сол аяқ – жасыл түс;Оң аяқ – қара түс

    • Willson бойынша электродтарды науқас кеудесіне дұрыс қою керек:

  • VI – 4-ші қабырға аралық төстің оң жақ қырымен; V2 – 4-ші қабырға аралық төстің сол жақ қырымен;- V2 – V4 ортасына(сол жақ парастерналды сызығы бойымен 4 қабырға деңгейінде); V4 — сол жақ ортаңғы бұғана сызығы арқылы 5-ші қабырға аралық; V5 – V4 горизонтальды деңгейімен сол жақтан алдыңғы қолтық сызығы; V6 – V4 және V5 горизонтальды деңгейімен сол жақтан ортаңғы қолтық сызығы

  • ЭКГ жазу қалыпты тыныс жағдайында жазылады. Әрбір әкетулерде 4-тен кем емес РQRSТ жүрек циклдарын тіркеу қажет.

Есеп 2.

Науқас Косанова А., 43 жаста, бірден пайда болған жүрегінің соғып кету ұстамасына, жалпы әлсіздікке, қорқыныш сезіміне шағымданады.

Анамнезінде: диффузды-токсикалық зоб III дәрежесі. соңғы айларда Мерказолил мүлде қабылдамаған

Обьективті : Жағдайы ауыр . Тері жамылғылары қалыпты тері түстес. Грефе, Штельвага, Мебиус симптомдары оң мәнді , саусақтарының дірілі, гипергидроз, гипертермия анықталады. Жүректің салыстырмалы тұйық шекарасы оң жақта 1,5см іште, оң жақ шекарасы төстің оң жақ қырында 4қабырға аралықта, жоғарғы шекарасы парастернальді сызықта сол жақ 3 қабырға аралығында, сол жақ шекарасы бұғана орта сызығынан 1,5 см іште 5 қабырға аралығында анықталады. Жүрек соғуы аритмиялық. ЖСЖ мен пульс саналмайды (айқын тахикардия). АҚҚ 100/70мм с.б.б. Өкпеде везикулалық тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ 22рет минутына. Іші жұмсақ , ауырсынусыз. бауыры және көкбауыры ұлғаймаған.

ЭКГ: барлық тіркемелерде Р тісшесі жоқ, толық жүрек циклында әр түрлі формадағы және амплитудадағы майда f толқындары анықталады. f толқындары V1-2, II, III а VF тіркемелерінде айқын тіркеледі. QRS комплексі өзгермеген, 0,12с.жоғары емес, R-R интервалыбіркелкі емес.

Тапсырма


  1. ЭКГ талдаңыз.

  2. Сіздің диагнозыңыз.

  3. Жедел жәрдем корсетіңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...