Шартты ықтималдық матрицасының элементтері бірлескен ықтималдық матрицасынан анықталады. Бұл жағдайда шартты ықтималдық матрицасының элементтері әр бағандағы бірлескен ықтималдық матрицасының элементтерін болжам мәтіндерінің ықтималдығына бөлу арқылы алынады. Орташа шығындар оптималдылық критерийі ретінде таңдалады. Алынған матрица келесідей түрде болады:
Шартты ықтималдық матрицасының элементтері бірлескен ықтималдық матрицасынан анықталады. Бұл жағдайда шартты ықтималдық матрицасының элементтері әр бағандағы бірлескен ықтималдық матрицасының элементтерін болжам мәтіндерінің ықтималдығына бөлу арқылы алынады. Орташа шығындар оптималдылық критерийі ретінде таңдалады. Алынған матрица келесідей түрде болады:
Мұндағы
– П1 болжам мәтінінде қауіпті құбылыстың пайда болуының шартты ықтималдығы, ол болжамдалған кезде;
– П1 болжам мәтінінде «қайта сақтандыру» қатесінің шартты ықтималдығы;
– П2 болжам мәтінінде жақсы ауа райы «тәуекел қатесінің» шартты ықтималдығы;
– П2 болжам мәтіні болжанған кезде жақсы ауа райының шартты ықтималдығы.
Шартты ықтималдық матрицасы орташа шығынды есептеге мүмкіндік береді. П1 және П2 болжамдары жағдайындағы шартты ықтималдық матрицасы анықталады. П1 және П2 болжамдары жағдайындағы орташа шығын келесі теңдеулер арқылы есептеуге болады:
R11(d1/П1)=S11q11+S21q21
R21(d2/П1)=S12q11+S22q21
R12(d1/П2)=S11q12+S21q22
R22(d2/П2)=S12q12+S22q22
Есеп № 1
Жел жылдамдығының V әдістемелік болжамдарының жанасу матрицасы келесі түрде болады:
Р(Ф1) және Р(Ф2) климаттық ықтималдықтарын, П1 құбылысымен және П2 құбылыссыз болжамдар мәтіндерін жүзеге асырудың шартсыз, шартты және толық ықтималдығын анықтау.
Есеп № 2
Үсік жағдайымен 57 жағдай және үсіксіз 33 жағдай байқалды. Үсік жағдайының 51 жағдайы ақталған және үсіксіз 27 жағдай ақталды. Үсік жағдайынан тұтынушының жалпы шығыны 1000 долларды, ал қорғаныс шараларының құны 100 долларды құрады. Жанасу матрицасын және шығын матрицасын құрыңыз; ықтималдылық матрицасын және «қайта сақтандыру», «ескермеу» және болжамға толық сену стратегияларында орташа шығындарды есептеу керек. Оңтайлы стратегияны анықтаңыз. Болжам болмаған жағдайда оңтайлы стратегияны анықтаңыз.
Есеп 3
Найзағаймен және найзағайсыз жағдайлардың жалпы саны 150 болды. Найзағаймен 36 жағдай байқалды және осы құбылыспен 36 болжам берілді. Найзағайсыз 106 жағдай ақталды. Бір жағдай үшін қорғаныс шараларына 20 мың а.б. жұмсалды, ақталмаған жақсы ауа райы болжамы кезіндегі шығын 83 мың а.б. құрады. Ықтималдық матрицасын, мүмкін болатын үш стратегия үшін орташа шығындарды, оңтайлы стратегияны анықтау қажет.
Есеп № 4
Қауіпті құбылыспен ақталған болжамдардың саны 18 жағдайды, қауіпті құбылыссыз – 84 жағдайды құрады. Қауіпті құбылысы бар жағдайлардың жалпы саны 24-ке тең болды. «Қайта сақтандыру» қатесі 12 жағдайды құрады. Ықтималдық матрицасын құрыңыз және үш стратегияда орташа шығындарды анықтаңыз. Ауа райының қауіпті құбылысынан бекер қорғанудың шығынын, потенциалды экономикалық эффектісін мен тұтынушының үш стратегиясынан оңтайлы стратегияны анықтау есептеңіз. Шығын матрицасы тең:
.
Бақылауға арналған сұрақтар:
1.Көпфазалы және альтернативті болжамдарды түсіндіріңіз
2.Метеорологиялық себептен пайда болатын шығындар туралы айтыңыз
3.Табиғи әсерлердің зақымдаушы факторларын тұжырымдаңыз
Апатты табиғи құбылыстарды детерменистикалық болжау мүмкіндіктерін құрастырыңыз