Сабақ Экономикалық тиімділікті анықтау үшін ықтималдық матрицасын пайдалану



бет1/2
Дата05.05.2023
өлшемі111.71 Kb.
#561238
түріСеминар
  1   2
Байланысты:
Сем 14 (1)
философия семинар8, педагогика7 семинар, Саба Паразиттерді бейімделуі. Бейімделу. Паразиттерді морфофи, Саба Паразиттерді бейімделуі. Бейімделу. Паразиттерді морфофи, Лаб 7 Конвекцияны болжауда атмосфераның тұрақсыздық индекстерін қолдану (1)

Семинарлық сабақ


Экономикалық тиімділікті анықтау үшін ықтималдық матрицасын пайдалану
Оқытушы: Нысанбаева А.С.

Экономикалық метеорологияда шартты ықтималдылықтың екі түрі қолданылады.

  • Экономикалық метеорологияда шартты ықтималдылықтың екі түрі қолданылады.
  • Бірінші түрінде шартты ықтималдық болжамының мәтініне Пj сәйкес ауа райы фазасының Фi қаншалықты толық жүзеге асырылатындығын сипаттайды және мынадай теңдеу бойынша айқындалады:

Альтернативті дискретті модель үшін жанасу матрицасын біле отырып, жанасу матрицасының барлық мүшелерін жалпы жағдайлар санына бөлу арқылы бірлескен ықтималдық матрицасын алуға болады:
мұндағы p10 – климаттық қайталанушылығы немесе қауіпті ауа райының құбылысының пайда болуының ықтималдығы;
p20 – оның пайда болмауының климаттық ықтималдығы, яғни осы кезеңдегі қолайлы ауа райы ықтималдығы;
p01 – қауіпті құбылысы бар болжам мәтінінің ықтималдығы;
p02 – болжам мәтінінің қауіпті құбылыссыз ықтималдығы, қолайлы ауа райы болжамының мәтінінің ықтималдығы;
p11 – болжам бойынша берілген кездегі қауіпті құбылыстың пайда болу ықтималдығы;
p22 – алдын-ала болжанған кезде жақсы ауа райының болу ықтималдығы;
p12 – «тәуекел» қатесінің ықтималдығы;
p21 – «қайта сақтандыру» қатесінің ықтималдығы
Қолайсыз ауа райынан шығындарды болдырмау үшін dj тиісті шаруашылық шешім қабылдауы керек: одан қорғану немесе қорғалмау. Мұндай альтернативті шығын матрицасы тұтынушының бағалауы негізінде есептеледі. Ол келесі түрге ие:
=
мұндағы Ф1 – ауа райының құбылыспен нақты жағдайын білдіреді;
Ф2 – ауа райының құбылыссыз нақты жағдайы.
Қолайсыз ауа райына байланысты Ф1 тұтынушы екі шаруашылық шешімнің бірін қабылдайды:
d1белгілі бір С шығындардың сомасына қорғаныс шараларын жүргізу;
d2 – оларды өткізбеу;
С – қауіпті құбылыстардан қорғану шараларына кеткен шығындар;
L – күтілмеген апатты құбылыстардан болған зиян, яғни, бұл «шығын-зиян» матрицасы.
матрицасында оның әр мүшесі келесі мағынаны білдіреді:
S11 – бұл алдын-ала болжанған кездегі зиянды азайтатын қоласыз ауа райынан қорғау шараларына кететін шығындар С;
S21 – қолайсыз ауа райы болжамы ақталмады, қорғаныс шығындары С бекер, ал қабылданған шаралар артық болды; бұл «жалған дабыл» шығындары болып табылады;
S12 – қолайлы ауа райы болжамы ақталмады, тұтынушы белгілі бір мөлшерде үлкен шығындарға (ақшалай бірлік көлемінде) ұшырады L; бұл «мақсатты өткізіп алу» шығындары болып табылады;
S22 – қолайлы ауа райының болжамы ақталған кезінде шығындар болмаған және нөлге тең.
Стратегиялардың бірі тұтынушы үнемі қорғаныс шараларын қолдану болып табылады. Бұл ауа райының қолайсыз жағдайларына өте сезімтал тұтынушылар үшін «қайта сақтандыру» стратегиясы болып саналады.
R1 орташа шығыны, қорғаныс шаралары үнемі қабылданған кезде, климаттық ықтималдылыққа бағытталған d1 стратегиясы тұрақты түрде таңдалады және келесі теңдеу бойынша анықталады:
Екінші стратегия сирек кездесетін қауіпті құбылыстардың шығындары аз және оларды елемеуге болатын тұтынушыға тән. Бұл қорғаныс шаралары қолданылмаған кезде ауа райын «ескермеу» стратегиясы болып табылады. Бұл жағдайда R2 орташа шығындар келесіге тең болады:
Тұтынушының болжамдарға тиімді шаруашылық көзқарасының ең қарапайым және қолжетімді шарты оларға үнемі сену. Мұндай стратегия қолайлы және қолайсыз ауа райының болжамына толық сенім стратегиясы деп аталады. Бұл жағдайда ықтималдық сипаттамаларын ескере отырып, болжам бойынша қауіпті құбылыстың П1 пайда болу кезінде қолайсыз ауа райынан қорғану d1 стратегиясы таңдалады. Сондай-ақ, d2 стратегиясы – П2 қолайлы ауа райы болжамын алған кезде ешқандай қорғаныс шараларын қабылдамау. Онда орташа шығындар теңдеуі есептелінеді


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
ғылым министрлігі
оқыту мақсаттары
Сабақ жоспары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
Зертханалық жұмыс
арналған жиынтық
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
арналған әдістемелік
Қысқа мерзімді
болып табылады
бекіту туралы
Қазақ әдебиеті
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақстан республикасының
Жалпы ережелер
Инклюзивті білім
білім берудің
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
рсетілетін қызмет
әдістемелік ұсыныстар
пайда болуы
қарым қатынас
коммуналдық мемлекеттік
пәнінен тоқсан
Суммативное оценивание
мемлекеттік мекемесі