Алдыңғы оқу:
|
-Дос дегеніміз кім?
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
25 мин
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 мин.
5 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылармен амандасу, түгендеу, 2.«Көңіл-күй аралы» стратегиясы (дөңгелекшелердің түсі арқылы топқа бөлу)
«Дос», «Достық» топтары
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Балалар, бүгінгі сабақта сендерді көргеніме қуаныштымын!
-Ал, балалар сендердің сабақ басындағы көңіл-күйлерің қандай? (Сабақтың басындағы көңіл-күйлерін дөңгелекшелерге смайлдарды салу арқылы көрсетеді)
Тақырыпты ашу:
Қызығушылықты ояту
Төмендегі суреттер бойынша тақырыпты ашу сұрақтарын қою:
- Суреттердегі кімдер?
Болжалды жауаптар:
-Балалар, қыз, ұл, дос...
-Дұрыс айтасыңдар.
-Бүгін біз сабақта «Доссыз өмір бос» атты тақырыппен танысамыз.
|
Сурет қиындылары
(смайлдар)
Интербелсенді тақтадағы суреттер көмегімен
|
5 мин.
3 мин.
10 мин.
5 мин.
|
Тыңдалым, айтылым дағдылары
Жаңа сөздермен танысу:
Дос
Достық
Көп
Жақсы
Жаман,
нашар
Адал
1.Сөздерді хормен қайталау;
2.Сөз тіркестерін құрастыру;
Болжалды жауаптар:
Жақсы дос, жаман дос, адал дос, көп достар.
Сергіту сәті:
Атама сәлем беремін!
Әжеме сәлем беремін!
Әкеме сәлем беремін!
Анама сәлем беремін!
Досыма сәлем беремін!
Бәрін де жақсы көремін!
«Кейіпкер келбеті» стратегиясы
1. «Көк ту және достар» мультфильмін көру.
-Мультфильмде баланың аты кім ?
-Мағжан қандай?
-Мағжан жақсы дос па?
- Жаман дос па?
2. Бейнебаян негізінде постерге кейіпкердің суретін салып, ауызша суреттейді.
«Белсенділік таныт» стратегиясы
Табысты оқушылардың арасынан әр топтан 1 оқушы шығып, досын суреттеп айтады. Суретке сәйкес ауызша сөйлемдер құрайды.
Оқушы жауабы:
Менің досым бар. Досымның аты Досхан. Досхан 1-сыныпта оқиды. Ол жақсы, адал дос.
|
Тақтадағы сөздерді
мұғалім оқиды, оқушылар хормен қайталайды.
Оқушылар өздері
білетін сергіту сәтін
орындайды.
Бейнебаян көру.
Бейнебаян негізінде
постерге кейіпкердің
суретін салып, ауызша суреттейді.
Досының фотосына
негіздейді.
|
Соңы
|
«Көңіл-күй аралы» стратегиясы
Оқушылар смайлдар арқылы көңіл-күйлерінің сабақтың басындағымен салыстырғанда, сабақ соңында қаншалықты өзгергендігін көрсетеді.
Сабақ аяқталды.
Сау болыңдар, балалар!
|
Ш. Уалиханов атындағы
Көкшетау Университетінің
Достарыңызбен бөлісу: |