Сабақ Қазақстандағы "қайта құру" саясатының сипаты. Орындаған: Базарбекова Камила Факульете: тфп топ 20-010-2k Жазбаша тапсырма "

Loading...


Дата28.02.2021
өлшемі87.85 Kb.
түріСабақ

С.Ж.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті

26.02.2021

№6 сабақ Қазақстандағы "қайта құру" саясатының сипаты.

Орындаған:Базарбекова Камила

Факульете:ТФП

Топ

20-010-2k



Жазбаша тапсырма

"1986 ж. Алматыдағы Желтоқсан оқиғасының тарихи рөлі" такырыбына хабарлама жазу

Хабарлама

1986 жылы 16 желтоқсан күні Алматы қаласында қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары өтті.



Оқиға орын алған уақыт:Алматы қаласы, 17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаң.

Оқиғаға қатысқандар:

Бұл қанды қырғынға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталған болатын.Яғни, 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды.Оқиға барысында құрбан болғандар: Т.Тәшенов К.Күзембаев Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова және т.б.Сотталғандар және тірі екені белгісіздер


  • 1. Айтмырза Құрманғазы Зейноллаұлы, ҚазССР ҚК 60-65-баптар бойынша 4 жылға бас бостандығынан айырылған,

  • 2. Байсимбеков Ерлан Мамырханұлы, ҚазССР ҚК 65-бабы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылған,

  • 3. Декелбаев Ерлан Әбдiрашитұлы, ҚазССР ҚК 65-бабы бойынша 6 жылға бас бостандығынан айырылған,

  • 4. Ермеков Тоқтар Тишкулұлы, ҚазССР ҚК 65-бабы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылған,

  • 5. Тынышбек Қарлыбайұлы, ҚазССР ҚК 65-бабы бойынша және 201-бабы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылған және т.б. азаматтардың қатысуымен өткен.

Оқиғаның туу себебі:

Желтоқсан қозғалысын Д.А. Қонаевты бірінші хатшы қызметінен босатқан Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің (ОК) 1986 ж. 16 желтоқсандағы Пленумы тұтандырды. Пленум мәжілісі небары 18 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде 22 жыл Қазақстан Компартиясын басқарған Д.А.Қонаев қызметінен алынып, оның орнына Мәскеу жіберген Г.В. Колбин тағайындалды.

Мұндай шұғыл шешім радио арқылы 16 желтоқсанда, сағат 15.00-де хабарланды. Сол күннің кешінде қалалық Ішкі істер басқармасы мен республика Мемлекет қауіпсіздігі комитетіне (МҚК) жергілікті халық өкілдері арасындағы Пленум шешіміне көңіл толмаушылық туралы хабарлар түсті.Сол кезде қаладағы жағдай мазасыз деп бағаланды. Әсіресе, студент және жұмысшы жатақханаларында қызу талқылау жүріп жатты.

Желтоқсанның 17-сі күні таңертең Алматыда жаппай толқу басталып, кейінірек ол республиканың басқа да қалаларына тарады. Г.В. Колбиннің республиканың жоғары басшылығына тағайындалуы толқу үшін сылтау ғана еді. Наразылыққа жылдар бойы жиналып келген әділетсіздік себептері түрткі болды. Халықты ашындырған Орталықтың дәстүрлі өктемдік әрекеттері мен қайта құру жариялаған демократиялық принциптер арасындағы қарама-қайшылықтар еді. Брежнев атындағы алаңға жиналған студенттер мен жұмысшы жастар  300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті.Олар ұлт саясатының өмірлік іс жүзінде дұрыс жүргізілуін, республиканың егемендігін сыйлауды, ұлттық тіл мен мәдениеттің дамуын қамтамасыз етуді, жергілікті халық арасынан саяси қайраткерлердің шығуына кедергі келтірмеуді, кадр саясатын әділ жүргізуді және т.б. талап етті. Бұл талаптар қазақ және орыс тілдерінде жазылған: “Советтік Қазақстан жасасын!”, “Біз, қазақ ежелден еркіндік аңсаған!”, “Ұлт саясатының лениндік принциптерін сақтауды талап етеміз!”, “Ешқандай ұлтқа артықшылық берілмесін!”, “Әр республиканы өз көсемі басқарсын!” – деген жастар алып шыққан ұрандардан айқын байұалған болатын.Осылайша желтоқсан қозғалысы 3 күнге созылды.


Оқиғаның барысы:

Қозғалыстың бірінші сатысы – 16-нан 17-не қараған түні 1979 ж. Ақмоладағы студенттер, жұмысшы жастардың жатақханаларындағы толқумен басталды.Желтоқсан қозғалысының сол бір түні жастар үшін толқу, тербеліс кезеңі болды.

Көтерілістің екінші сатысы – желтоқсанның 17-сі күні таңғы сағат 7-8-ден, кешкі 18 сағатқа дейінгі кезең, бұл 200-300 адамдық шағын митингілерден мыңдаған адам қатынасқан митингілер, наразылық демонстрациясы, партия басшыларының, оқу орындарының ректорлары мен декандарының, билік әмірші күштердің өкілдерімен диалог болған кезең еді.

Желтоқсан қозғалысының үшінші сатысы – бұл баррикаданың екі жағындағы күштердің арбасудан алысуға, текетірестен сүзісуге, жұлысуға ұласуы, қозғалыстың қырғын көтеріліске айналу сәті, жүйенің қарулы жазалаушы отрядының күш жұмсап, наразы топты еріксіз қорғаныс жасауға, күшке күшті қарсы қою кезеңі болды

Желтоқсан қозғалысына тек студент жастар емес, жұмысшы жастардың да қалың қолы қатысты. Жұмысшы жастардың басым бөлігі “Алматы тұрғын үй құрылысы” тресінің “Құрылыс-монтаж” басқармасында, “Алматы ауыр машина жасау” зауытында, “Алматы мақта-мата” комбинатында, “Поршень” зауытында, “Тұрмыстық химия” зауытында, Гагарин атындағы тігін фабрикасында істейтіндер еді.

1986 ж. Желтоқсан оқиғасы тек Алматыда ғана емес, аймақтарда да арпалыс туғызды. Бұл кезде митінгілер мен шерулер Жезқазғанда, Қарағандыда, Талдықорғанда, Арқалықта, Көкшетауда, Өскеменде, Сарыөзекте, Семейде, Талғарда, Шымкентте және т.б. қалаларда өтті.
Қолданылған шаралар:

Кеңестік жүйені құлатуға тысқан қазақ жастарының бұл көтерілісі аяусызжазаланды. Шеруге күшпен тойтарыс беруге бұйрық алған құқық қорғау қызметкерлері өте анайы түрде әрекет жасады. Ұсталғандарды ұрып-соғу, жартылай жалаңаш жандарды ақ қар, көк мұзда ұстау, прокурордың санкциясынсыз қамауға алу және тағы басқа заңсыздықтар орын алды. Жастарды алаңнан қуып шығу үшін дубинкалар, сапер күрекшелері, қызмет иттері, өрт сөндіргіш машиналар және басқа да техникалар қолданылды,соққыға жығылып,әлсіреген қатысушыларды жүк көліктеріне тиеп қала сыртына қақаған суықта бір шұңқырға өлексе төккендей төгіп жіберген,оның ішінде әлі жеткені орнынан көтеріліп қайта алды,жетпегені сол жерде көз жұмған. Құқық қорғау органдарының бұл заңға қайшы әрекеттерінің соңы бейбіт шеруге қатысушыларды қуғын-сүргінге салуға ұласты.

Желтоқсаншылар үстінен жүрген сот істерінің өзектісі Қ.Рысқұлбеков, Т.Тәшенов, Ж.Тайжұманов, Қ.Күзембаевқа арналған сот үрдісі болатын. Өлім жазасына кесілген Қайрат Рысқұлбековтың, Мырзағұл Әбдіқұловтың, түрлі мерзімге кесілген басқа да азаматтардың Отанның берілген тұлғалы жандар екендігін, сондықтан да оларды отаршыл, зымиян, әділетсіз жүйенің құрығына іліккендерін іштей түсінгендей болды.Оқиғаларға қатысушылардың қозғалған қылмысты істерін сот пен тергеуде заңдылықтың өрескел түрде бұзылуына жол берілді.

Желтоқсан оқиғасы бойынша тергеу барысында 99 адам сотталды,264 адам жоғары оқу орындарынан,758 адам комсомолдан шығарылды.1164 комсомол мүшесіне,210 партия мүшесіне әртүрлі жаза берілді, 52 адам КОКП қатарынан шығарылды.Ішкі істер министрлігінен 1200 адам,Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінен 309 адам жұмыстан босатылды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды.



Қорытынды:

Желтоқсан оқиғасы,қазақ халқының тарихында қанды қырғынмен орын алған жағдай ретінде мәңгіге із қалдырды.Сол бір қиын қыстау кезде талай қазақстандық азап шекті,көз жұмды,абақтының ар жағына тоғытылды.Сондағы шеруге шыққан азаматтардың мақсаты бір еді,өзінің елі үшін жақсы өмір ұтып беру,тәуелсіз мемлекетте өмір сүру болатын.Алайда бейбіт шеру басшылық тарапынан заңсыз әрі әділетсіз іс-қимылға ұласып кетті.Бұл күн біз үшін қазақ рухының қаншалықты биік екенінің дәлелі ретінде есте қалады және осы себеппен бізде 16 желтоқсан аса маңызды күн ретінде белгіленген.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Сабақ тақырыбы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
арналған жиынтық
туралы анықтама
Қазақстан республикасының
білім беретін
республикасы білім
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
жиынтық бағалауға
бағалау тапсырмалары
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
Қазақстан облысы
қызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша

Loading...