Тәжірибелік сабақ 2.
1. Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары (эссе).
2. Кеңестік қоғамның саяси және әлеуметтік-экономикалық дағдарысы (ғылыми тезис).
3. Қазақстандағы орталыққа карсы күштер мен ұлттық сананың өсуі (ғылыми тезис).
Әдістемелік нұсқаулық
Бірінші тақырып эссе түрінде орындалады. Екінші және үшінші – ғылыми тезис түрінде.
Барлық орындалатын шығармашылық жұмыстар тексерістен және off-line тәртібінде қоғамдық қорғаудан өтеді.
Эссе жазу бойынша жадынама
эссе жазуға ұсынылған барлық тақырыптарды (афоризмді) мұқият оқыңыз;
бірнеше талаптарға жауап беретін тақырыпты таңдаңыз: а) сізге қызықты; б) берілген афоризмнің мәнін түсінесіз; в) алған тақырып бойынша айтарыңыз бар (терминдерді білесіз, мысал келтіре аласыз, жеке тәжірибеңіз бар және т.б. );
берілген афризмнің «қолдау» және «қарсы» аргументтерді жазыңыз (егер сіз таңдаған афоризмнің «қолдау» және «қарсы» аргументтері болса, онда эссеңіз полимикалық мазмұнда болуы мүмкін);
әр аргументке өмірден, жеке тәжірибеңізден және т.б. мысалдар, фактілер, жағдайлар таңдаңыз;
ойлаңыңыз, эссе жазу тілі қызықты, тартымды болу үшін қандай әдеби қолданыстарды пайдаланасыз (салыстырулар, эпиттетер және т.б.);
жинаған аргументтер мен контраргументтерді ретімен орналастырыңыз (бұл сіздің шартты жоспарыңыз болады);
өзіңіздің көзқарасыңызды өзіңізі жоспарлаған ретімен жазыңыз;
жұмыстың жалпы қортындысын жасаңыз.
Эссе жазған кезде неге назар аудару керек?
1. Тарихи білімде, физика немесе математикадан сияқты, сұрақтарға толықтай «дұрыс» немесе «бұрыс» жауаптары жоқ екенін ескеру керек – тек аргументталған көзқарастар бар.
2. Эссе үшін қорытынды баға (балл), әдетте, оқушылардың идеялары, өзіндік пікірлері мен дәлелдемелері үшін қойылады.
3. Өз көзқарасыңызды алға тартыңыз.
4. Қасқа, нақты, түсінікті жазылған жұмыстар жеңеді.
Эссе жазу кезінде неден аулақ болу керек?
Алған тақырыптың мәнің түсінбеу.
Жазуда құрылымдық жүйенің болмауы.
Негізгі сұраққа жауап бере алмауы (тақырыптан ауытқу).
Аргумент орнына риторика қолдану.
Деректерді абайсыз қолдану, сонымен шамадан жалпылау.
Аналитикалық материалмен дәлелденбеген сипаттау бөлімінің көп болуы.
Басқа авторлардың идеяларын жазған кезде оларға сілтеме жасамау және өз көзқарасын білдірмеу.
Қажетсіз қайталаулар.
Ғылыми тезис жазу бойынша жадынама.
Ғылыми тезиспен жұмыс істеу үшін оны іске асырудың кезектілігін сақтауыңыз керек:
Ұсынылған тізімнен тезис тақырыбын таңдау.
Тезис тақырыбы бойынша қажетті материалды таңдау және зерттеу (кітаптар, анықтамалар, интернет-сайттар, мақалалар және т.б.).
Пайдаланған әдебиет тізімін құру.
Жұмыс құрылымын анықтау.
Тезис тақырыбының өзектілігін дәлелдеу.
Жұмыстың кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерін рәсімдеу.
Қосымшаларды дайындап рәсімдеу.
Жетекшіңізге жұмысыңызды тексеріске ұсыну (орындау барысында бөлімдерін немесе сұрақтар болған кезде ұсыну).
Жеке жобаны қорғауға дайындалу.
Достарыңызбен бөлісу: |