Бағалау критерийі
|
Шығарма мазмұнын түсінеді, тұжырым жасайды.
Жомарттық пен сараңдық сөзінің мағынасын ашады.
Әдеби шығармадағы Атымтай Жомарттың екі пікірін салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді, жомарттық пен сараңдықты мәтіннен табады.
Кейіпкерді шынайы өмірмен салыстырып бағалайды.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар орындай алады: Әдеби шығармадағы Атымтай Жомарттың екі пікірін салыстырып және қарама-қарсы суреттеулерді тауып, диалог, пікірталасқа түсу үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдана алады.
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: көңілге жел кіру, дәулет,әдет, кем-кетікке жәрдем беру, әбірет алу
|
Диалог құруға\шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: шөп тасып, жұмыс қылады, ұмытармын деп қорқамын, әбірет алсын деймін.
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
-Әңгіме оқырманға қандай үлгі-өнеге көрсетеді?
- Қазіргі заманның Атымтай Жомарты қандай?
-Егер сен бай болсаң, не істер едің?
|
-Не себепті Атымтай Жомарт дәулетті болса да, шөп тасып,күнде еңбектенеді?
|
Ишара: рөлдік ойындағы қол қимылдары
|
Құндылықтарға баулу
|
Зайырлы қоғам мен жоғары руханият. «Атымтай Жомарт» әңгімесінің айтар негізгі түйінді ойы арқылы еңбекке деген құрмет, өмір бойы білім алу құндылықтарына, рухани өрлеуге баулимын.
|
|