Бекітемін: _________________________ Күні: ________________________
Оқу ісінің меңгерушісі:
Мұғалімнің
аты-жөні
|
Мырзабаев Асылбек
|
Қармақшы ауданы №199 орта мектеп
|
21-22 апта
|
3 күн
|
21-22 сабақ
|
Уақыты: __________
|
Сабақ атауы
|
Жобалық іс-әрекет
|
Сілтеме
|
Білім стандарты, пән бағдарламасы, «Информатика» оқулығы – 11 – сынып авторы Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов, Интернет материалдары
|
Жалпы мақсаты
|
Өткенді қайталау, жобалық іс-әрекетке үйрету
|
Міндеттері
|
Жоба дайындауды үйрету
Жобаны қорғауды меңгеру
|
Күтілетін нәтиже
|
Жоба дайындауды үйренеді
Жобаны қорғауды меңгереді
|
Негізгі идеялар
|
Материалдарды талдау барысында жобамен жұмыс жасай алады.
|
Тапсырмалар /Wiki материалдары/
|
Ғаламтор, Power Point, ресурстар, «Білім беру платформасы»1
|
Сабақ бойынша мұғалім жазбалары
|
Уақыты
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
3 минут
40 минут
2 минут
|
І.Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару үшін топқа бөлу
Жұмысты шығармашылықты түрде ұйымдастыру үшін сынып шағын топтарға бөлінеді, әрбір топ жұмыстың өздеріне бөлінген кезеңін атқарады, әрбір топтың өз жұмыс орны, қажетті құралдары болады және мұғалімнің кеңесін ала алады.
Жоба бойынша жұмыс.
1. Жобаның көкейтестілігі. Жобаны жіктеу мен талқылау барысында іс-әрекеттер жоспары жасалады, проблемаға талдау жүргізіледі. Қазір қолда не бар және нені істеу керек? Деген сұрақ төңірегінде пікір алмасады. Идеялар мен ұсыныстар банкісі құрылады. (Жұмыс барысында мұғалім мақсат қоюға көмектеседі, жұмысқа түзету енгізеді.)
2. Зерттеу. Жоба нұсқалары суреттермен, сұлбалармен, қысқаша сипаттамалармен қатар беріледі. Тақырып бойынша ақпарат жиналып, талқыланады. Бірлесіп талқылағаннан кейін негізгі нұсқаны таңдап алады. Мұғалім іс-әрекеттер жоспарын жасауға көмектеседі. Жобаны дайындаудың технологиялық картасын құрастырады, аспаптар, материалдар іріктеліп алынады. Мұғалім әрбір топтағы технологиялық операциялардың реттілігіне түзетулер енгізеді.Оқушылар көрсетілген дайын жобаларға талдау жасайды, болашақ бұйымға қажетті заттардың тізімін құрастырады.
3. Жоба тақырыбын таңдап алуды негіздеу, идеяларды дайындау мен үздіктерін таңдап алу. Оқушылар мұғаліммен бірге алға қойылған мәселелерді талқылайды. Өз жобалары үшін қажетті ақпаратты іріктеп алады.
4. Нәтижелер мен қорытындылар: оқушылар дайындаудың оңтайлы технологияларын таңдап алып, болашақ жобалардың эскиздерін көрсетеді, жиналған ақпаратты нақтылайды, талқылайды, қорытындылар жасайды. (Барлық жұмыс мұғалімнің бақылауымен жүргізіледі.)
5. Қорытынды.
Жоба жасау-бұл жеке тұлғаны өз қажеттіліктерін сезінуге, бұйымдарды әшекейлеуге өзін-өзі көрсетуге бастайтын жол.
Шығармашылық жұмыс процесінде оқушылар орындалған жұмыстан толық және терең қанағаттанушылыққа ие болады, олардың шығармашылық белсенділігі дамиды.
Қорытынды нұсқама:
а) сабақты қорытындылау;
ә) сипатты қателіктер мен олардың себептеріне талдау жасау;
б) оқушылардың жұмысын бағалау.
|
Достарыңызбен бөлісу: |