Мұғалімнің
аты-жөні
|
Мырзабаев Асылбек
|
Қармақшы ауданы №199 орта мектеп
|
20 апта
|
__ күн
|
20 сабақ
|
Уақыты: ____________
|
Сабақ атауы
|
Ғаламдық желі
|
Сілтеме
|
Білім стандарты, пән бағдарламасы, «Информатика» оқулығы – 11-сынып, Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов, Интернет материалдары Интернет материалдары
|
Жалпы мақсаты
|
Ғаламдық желіні пайдалану барысында желілік этикет туралы біледі, интернетте сауатты пайдалануды біледі;
|
Міндеттері
|
Желілік этикет туралы түсінік беру. Интернетте сауаттылыққа тәрбиелеу.
Ақпаратпен жұмыс істеу саласында Қазақстан Республикасының заңнамасымен таныстыру
|
Күтілетін нәтиже
|
Желілік этикет туралы түсінік алады.
Ақпаратпен жұмыс істеу саласында Қазақстан Республикасының заңнамасымен танысады
|
Негізгі идеялар
|
Материалдарды талдау барысында компьютерлік желілер туралы біледі
|
Тапсырмалар /Wiki материалдары/
|
Ғаламтор, Power Point, ресурстар, «Білім беру платформасы»1
|
Сабақ бойынша мұғалім жазбалары
|
Уақыты
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
3 минут
10 минут
2 минут
3 минут
|
І.Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару үшін топқа бөлу
ІІ. Маңызын арттыру
«Тыңдайтын үшбұрыштар» әдісі
- Жергілікті желіні қалай баптайды?
- Wi-Fi желісін қалай баптайды?
«Қарлы жұмбаз» әдісі
Бағалау - «Сэндвич»
Жұмыс барысын бақылау нысандары, өзін - өзі және өзара бақылау тәсілдері
ІІІ. «Миға шабуыл»
(Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау)
«Интернет» дегеніміз не?
|
1. Үшке дейін санап,сәйкестігін тауып, топ болып жиналу
1.Үй тапсырмасы бойынша бір- бірлеріне сұрақтар қояды
2. Оқушылар «Қарлы жұмбаз» әдісі бойынша жұмыс жасайды.
Оқушылар үйге берілген тапсырма бойынша «Сэндвич» арқылы бағалайды
Оқушылармен бірлесе отырып, аталған ұғымға қатысты оқушы лардың білімдері жинақталады
|
10 минут
|
Жаңа сабақ
Қорғау әдістері прораммалық, ақпараттық және ұйымдық болып бөлінеді.
Ақпараттық қауіпсіздік – бұл ақпараттың құпиялылығын, біртұтастығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету үдерісі.
Қазіргі кезде ақпараттың басым бөлігі сандық түрде ақпарат тасымалдаушыларда сақталады. Бұл ақпаратты қорғауды жеңілдетудің орнына, қиындата түседі. Бұл мәселе ғаламдық сипатқа ие болғандықтан мемлекет тарапынан ақпаратты қорғау туралы арнайы заңнамалар қабылданып, жаңа қызметтер құрылады.
Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді. Сонымен, ақпаратты қорғау - ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезін қойылатын шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, программалық және техникалық әдістер мен құралдардан тұрады.
Компьютерде орындалатын өзіндік жұмыстар
Оқулықтағы тапсырмалар бойынша жұмыс істейді
|
Оқушылар мұғалімді тыңдайды, сұрақтарына жеке-жеке жауап береді. Компьютерде жұмыс жасап үйренеді
|
10 минут
2 минут
7 минут
2 минут
2 минут
|
|