Сабақ 7 Бұлшықетке егу жасау алгоритмі Мақсаты бұлшық ет ұлпаларына дәрілік ерітіндіні енгізу



Дата13.09.2021
өлшемі18.53 Kb.

Практикалық сабақ 7

Бұлшықетке егу жасау алгоритмі


Мақсаты бұлшық ет ұлпаларына дәрілік ерітіндіні енгізу.

дәрігердің тағайындауы.

Қолдану көрсетілімдері бұлшық ет ұлпаларының атрофиясы, инъекция жасаған жерде терінің және тері асты майлы клетчаткаларының зақымдануы, дәрілік ерітіндіге аллергиялық реакциялар.

Енгізілетін жерлері бөксенін жоғарғы-сыртқы бөлігіне, санның алдыңғы қыр беті ортанғы бөлігіне, иықтың сыртқы беті жоғарғы үштің бір бөлігіне.

Асқынулары иненің сынуы, жүйке бағанасынын зақымдануы, ауа және май эмболиясы(тамырдың бітелуі), абсцесс (іріңді ісік), инфильтрат (қатайған тін бөлігі), вирустік гепатит АИТВ, аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок.

Керекті ресурстар залалсыздандырылған: мақта шариктерін, көлемі        5-10 мл бір рет пайдалынатын шприцті, инъекцияға арналған иненін ұзындығы 40-60 мм, қолғаптарды, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні, лотокті, 70% спиртті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

 

1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысамыз.



2. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оған енгізілетін дәрілік ерітінді туралы мәліметті береміз.

3. Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуға көмектесеміз:

- бөксеге енгізгенде – ішімен немесе қырымен жатқызыңыз;

- санға енгізгенде – арқасына жатқызып, аздап қана аяғын тізе буыннан бүгеміз немесе отырғызамыз

- иыққа енгізгенде – жатқызамыз немесе отырғызамыз.

4. Инъекция жасайтын жерді киімінен босатамыз.

5. Инъекция жасайтын жерді анықтаймыз (бөксенін жоғарғы-сыртқы бөлігі).

6. Инъекция жасайтын жерді саусақпен басып тексереміз түйін және тығыздалу болмау керек.

7. Гигиеналық деңгейде қолды жуып, қолымызды спирттелген мақта шариктерімен тазартып, қолғапты киеміз.

8. Шприцті құрастырамыз.

9. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні шприцке сорып аламыз: шприцті бір рет қолданылатын ораудын ішіне саламыз.

10. Спирттелген екі мақта шариктерімен инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазартамыз: ең үлкен аймақты, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жерді. Спирттелген үшінші мақта шаригін сол қолдың IV және V саусақ арасына салыңыз.

11. Оң қолға шприцті аламыз: V саусақты иненін канюласына; II саусақпен шприцтін поршенін ұстаймыз; I, III, IV саусақтарды цилиндрге қоямыз.

12. Сол қолдың I және II саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін кереміз және бекітеміз.

13. Бөксенің жоғарғы сыртқы бөлігіне инені енгіземіз шприцті теріге тік 900 бұрышпен ұстап), терінің үстінен иненің ұзындығын 0,5 см кем қалдырмауымыз керек.

14. Сол қолды поршенге көшіріп, II және III саусақтармен шприцтің цилиндірінің жиегінен ұстап, I саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгіземіз.

15. Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге қоямыз.

16. Оң қолмен инені жылдам қимыл-қозғалыспен шығарып аламыз.

17. Теріден мақтаны алмай тұрып, инъекция жасаған жерге жеңіл ұқалауды жасаймыз.

18. Шприцтерді, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге саламыз.

19. Қолымызды жуып, кептіреміз.

  Ескерту

- санның алдыңғы қыр беті ортанғы бөлігіне, иықтың сыртқы беті жоғарғы үштің бір бөлігіне бұлшық етке инъекция жасағанда шприцті тері астына инъекция жасағандай ұстайды инені 450 бұрышпен енгізеді;

- майлы ерітінділерді, суспензияларды, басқа да дәрілік ерітінділерді енгізер алдында қан тамырларға иненін түспегеніне көзімізді жеткіземіз сәл поршенді өзімізге қарай тартамыз, егерде шприцте қан көрінсе (тамыр жарақаттанған), онда иненін қалпын өзгертеміз, оны жоғары және шетке жылжытып тағы да ине қайда екенін тексереміз. Ине тамырда еместігіне көзіңіз жеткеннен кейін, дәрілік затты бұлшық етке енгіземіз. Егер де шприцте тағы да қан көрінсе шприцті шығарып алымыз және инъекцияны қайталаймыз, инені ауыстырып және басқа жағына енгіземіз;

- инъекция жасаған жерде инфильтрат пайда болмау үшін жылтқышты қойып, йодтан тор жасаймыз;

- майлы ерітінділерді енгізер алдында, су моншасында t-37-380С жылытыңыз.

Практикалық сабақ 8

Тамырға егу алгоритмі


Мақсаты емдік-дәрілік ерітіндіні қанға ағым екпінімен енгізу.

Қолдану көрсетілімдері дәрігердің тағайындауы.

Қарсы көрсетілімдері дәрілік затқа аллергиялық реакция, болжаған инъекция жасайтын жердің терісінің және тері шелмайының закымдануы, тесетін көк тамырдың қабынуы (флебит).

Енгізілетін жерлері шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік, аяқтың сыртқы беткейлік, бастың (балаларға) беткейлік веналары.

Асқынулары гематома (қан ісік), некроз (өлі еттену), флебит (көк тамырдың қабынуы), тромбофлебит (көк тамырдың тромбозы және қабынуы), дәрлік затты қате енгізу, дәрілік және ауалы эмболия (қан тамырдың эмболиямен тығындалуы), сепсис (микробтардың қанға тарап кетуі), АҚТҚ, гепатит (бауырдың қабынуы), аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок.

Қажетті жабдықтар залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын 10-20 мл шприцті (иненің ұзындығы 4 мм),лотокті, салфеткаларды, мақта шариктерін, 70% этил спиртін, ампуладағы дәрілік ерітіндіні, резеңке қолғапты, клеенкалы валикті, резеңке бұрауды, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, шокқа қарсы арналған жиынтықты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.


1. Наукасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алып, дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті береміз.

2. Қолымызды гигиеналық деңгейде тазартамыз, спирттелген мақта шариктерімен өндейміз, демперде мен қолғапты киеміз.

3. Орауды ашып, шприцті құрастырамыз.

4. Ампуланы ашар алдында, ондағы дәрілік ерітіндінің атын, дозасын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқимыз, сыртқы түрін караймыз (дәрігердің ем тағайындайтын парағымен тексереміз).

5. Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып аламыз

6. Дәрілік ерітіндіні сорып алуға арналған инені алып, контейнерге саламыз.

7. Көк тамырға инъекция жасауға арналған инені кигізіп, инеден қалпақты алмай тұрып ауасын шығарамыз.

8. Шприцті бір рет қолданатын шприцтің орауының ішкі бетіне саламыз

9. Науқасты отырғызамыз немесе кушеткаға жатқызамыз

10. Наукастың шынтақ астына клеенкалы валикті (жастықшаны) орналастырамыз (шынтақ буынында қолды максимальды жазу үшін).

11. Резеңке бұрауды иықтың ортаңғы (үштің бір) бөлігіне салфетканың немесе ішкі киімінің үстінен байлаймыз.

12. Бұрауды байлағанда: оның бос ұштары жоғарыға бағытталған болады, ал ілгегі төмен, қаржілік артериясында тамыр соғуы өзгермеуі керек.

13. Науқастың жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын сұрап, сосын оның қысуын (қанды көк тамырға қарай айдау үшін).

14. Науқастың білегін қол ұшынан, шынтақ бүгілісіне қарай бағыттап уқалаймыз, колдың ұшымен сәл ғана шапалақпен шынтақ шұңқыры аймағын ұрамыз (көк тамырдың толуын күшейту үшін).

15. Көк тамырды зерттейміз. Қолмен сипалап, ең көп толған көк тамырды табамыз.

16. Шынтақтың бүгілген жерінің ішкі бетінің терісін спирттелген мақта шаригімен екі рет тазалаймыз (мақта шариктерін контейнерге тастаймыз), үшінші мақта шаригін сол қолдың IV және V саусақтар арасына саламыз.

17. Оң колға шприцті алып: II саусақпен – иненің канюлясынан ұстап V саусақ – шприцтің поршенінде, III, IV, І – саусақтармен цилиндрді ұстаймыз.

18. Шприцте ауаның жоқтығын тексереміз.

19. Сол қолдың үлкен саусағымен шынтақтың бүгілген жері аймағының терісін біраз қозғалтып, шетіне қарай тартамыз, көк тамырды бекітуге және қолдағы шприцтің қалпын ауыстырмай отыра, иненің қиығын жоғары қаратып, көк тамырға қатарластыра ұстап, көк тамырды тесеміз, сосын абайлап иненің үштен бір ұзындығын көк тамырға енгіземіз, «қуысқа» түскенін сезгенше.

20. Поршенді өзіңізге қарай тартқанда шприцте қан көрінуі керек, иненің көк тамырда екеніне көзімізді жеткіземіз.

21. Сол қолмен бұраудың бір бос шетін тартып шешеміз, науқастан жұдырықты ашуын сұраймыз.

22. Ине көк тамырда екеніне қайтадан көзімізді жеткіземіз.

23. Шприцтің қалпын өзгертпей отыра, сол қолдың бірінші саусағымен поршенді басып, жаймен дәрілік ерітіндіні көк тамырға енгіземіз шприцтің поршенін апармай.

24. Залалсыздандырылған, спирттелген мақта шаригін тесілген жерге басамыз, инені шығарамыз.

25. Тесілген жерді спирттелген мақта шаригімен 3-5 минуттай басып, науқастың шынтақ бүгілісінен қолын бүгуін сұраймыз.

26. Мақта шаригін контейнерге саламыз.



27. Шприцті инесімен, қолғапты арнайы контейнерге саламыз.

28. Қолымызды жуып құрғатамыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар