Сабақ. 3-тақырып. Байланыстырып сөйлеу жұмыстарына қойылатын әдістемелік талаптар Сұрақтар мен тапсырмалар: Тіл дамыту жұмысының психологиялық ерекшеліктері қандай?


Оқушылардың бірнеше шығармасын оқып, оның кемшілік, жетістіктерін көрсетіңіз

Loading...


бет3/7
Дата05.05.2021
өлшемі39.61 Kb.
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
3. Оқушылардың бірнеше шығармасын оқып, оның кемшілік, жетістіктерін көрсетіңіз.

«Мен атаммен мақтанам»

Мақсаты:

1.Оқушы өз ойын жүйелей отырып, қоршаған ортасына зерттеу жасайды, ой тұжырымдарын жазбаша жазуға дағдыланады;


2.Тақырыпты ашуда сөздерді дұрыс қолдануы мен сөйлемдердің үйлесімді болуына бағыт-бағдар жасау;
3.Тақырып мазмұнын ашуда мақал - мәтелдерді, нақыл сөздерді, өлең жолдарынан үзінділерді дәл тауып, орынды қолдана білуге баулу;

Тақырыпты ашуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:


1. Менің атамның аты-жөні, жасы.
2. Атамның туған, қызмет істеген жері.
3. Атамның сүйікті, жиі айтатын ертегісі, мақалы, нақыл сөзі, өсиеті. Оның негізгі ойы неде?
4. Мен атамды мақтан тұтамын. Неге екенін дәлелде.



Критерий

Дескриптор

Баға

«5»

«4»

«3»

«2»

Мәтін мазмұнын түсінуі

Мәтін мазмұны жүйелі әрі дұрыс жеткізілген


Мәтін мазмұны дұрыс, барынша
толық берілген


Мәтін

мазмұнынан ауытқушылықтар жіберілген,


тақырыптан алшақтаған, 2-3 сөйлем құрылысында кейбір кемшіліктер бар.

Мәтін мазмұнынан көп
алшақ, қателері көп


Дұрыс баяндалуы мен сөз қолданысы

Тақырып ашылған, сөздік қоры бай, сөз қолданысы дұрыс


Мәтін мазмұны ашылған ,бірақ ойды баяндау бірізділігі шамалы ауытқыған

Сөздік қоры аз, сөз қолданыста қателер бар


Ой жүйесі сақталмаған, әр бөлім арасында байланыс жоқ. Сөздік қоры жұтаң

Грамматикалық сауаттылығы

Сөздік қолданыста

1 -2 түзету жіберілген;



Аздаған

(1 -2) фактілік және сөз қателері, сондай-ақ

1 -2 емле қате, 1 -2 түзету бар


Мәтінді құруда және ойды жүйелі жеткізуде 3- 6 қате және 1 -2 түзету бар



Жазба жұмысында мәтін құру мен мазмұнында 6-дан көп
қате және 3-5 түзету


Мен атаммен мақтанамын
Мен атам жайлы айтқым келіп отыр. Оның аты - жөні – Айтлеуов Әбсадық Айтлеуұлы. Ол 1927 жылы 5 қазанда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Ақүйік деген жерде дүниеге келген. Атамның 7 жылдық білімі болған. Атам Ұлы Отан соғысының тыл ардагері. Соғыс талай адамның балалық шағын ұрлағаны белгілі. Атам 1942 жылы «Бірлік» жеті жылдық мектебін бітіреді. Соғыс кезі болғандықтан түске дейін мектепте оқыса, түстен кейін саппен барып колхоз жұмысын істеген. Атам өз естелігінде былай дейді: «Колхозда жұмыс істейтіндер қарттар, әйелдер, балғын балалар еді. Тауқымет бізді тез есейтті. Барлық қиындықтарды мойындадық. Сол замандағы ауыл шаруашылығы жұмыстарының қандай ауыр болғанын еске алғанда өзім де таң қаламын»

1941 жылы соғыс басталғанда атам небары 14 жастағы бала болған. Соғыс кезінде тылда жұмыс істеп қой, жылқы баққан. Қақаған қыста талай жолдан адасып, қалып қойған. Жұмыстан бір күнде қалуға болмайтынын және оған небір аязды, боранды күндер себеп - сылтау бола алмайтынын өз естелігінде айтып өткен. Соғыстан кейінгі бейбіт өмір заманда атам білімін ары қарай жалғастырып, жоғарғы оқу орнын тамамдады. Еліне, халқына адал қызмет етті. Тарих пәні мұғалімі болғанымен Ауылсовет аппаратында қызмет етті. Сунақата, Құттықожа елді мекендерінде қызмет жасаған. Туған жеріне келіп ағарту саласында мектеп директоры болып қызмет атқарды. Еліне абыройлы қызмет жасады. Зейнетке шықты. Менің атам өте мейірімді жан болыпты. Мен атамды көрмесем де ата - анамның айтуы бойынша оның өте ақкөңіл, адал, мейірімді екенін білемін. Естеліктерін оқи отырып атамның қажырлы, қайсар, еңбекқор, адалдықты пір тұтқан жан екенін ұқтым. Суреттеріне қарасам атам мені еркелете күлімсірей қарап тұрғандай болады.

Атам 2003 жылы 15 желтоқсанда көз жұмды. Жыл сайын отбасында атама арнап құран бағышталып тұрады. Атамның ұрпақтары оның ерен еңбегін ешқашан ұмытпайды. Менде атама ұқсағым келеді. Атам сияқты адал, білімді болсам деймін.
Шығарма мазмұны жүйелі,дұрыс баяндалған.Сөз қолданысы дұрыс. Тақырыпты аша алды. Берілген критерийлер бойынша жазылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
әдістемелік кешені
оқыту әдістемесі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...