Сабақ. 3-тақырып. Байланыстырып сөйлеу жұмыстарына қойылатын әдістемелік талаптар Сұрақтар мен тапсырмалар: Тіл дамыту жұмысының психологиялық ерекшеліктері қандай?

Loading...


бет1/7
Дата05.05.2021
өлшемі39.61 Kb.
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7


16-сабақ. 7.3-тақырып. Байланыстырып сөйлеу жұмыстарына қойылатын әдістемелік талаптар

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Тіл дамыту жұмысының психологиялық ерекшеліктері қандай?

Балалардың мектепке келіп түскен кездегі психикалық және даму ерекшеліктері жөнінде оқулықтарда берілген мағлұматтарға сүйене отырып, маазмұндама мен шығарманы да осы кезден, II сыныптан бастап жүргізуге толық мүмкіндік бар екені анықталады. Шығарма мен мазмұндама жұмыстары:

Балалардың психикалық процестерін (түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау, қиял, сезім, ерік) күшейтеді, әсіресе ой қызметінің белсенділігін арттырып, мидың үлкен жарты шарлар қабығында өтіп жататын талдау, жинақтау әрекетін күшейтеді. Мидың жарты шарлар қабатында өтіп жататын әрекетті үздіксіз күшейтіп, уақытша нерв байланыстарын (анализаторлардың мидағы ұштарының арасында туып жататын уақытша нерв байланыстары) жасайды және жетілдіре түседі.

Шығарма мен мазмұндамаға дайындалу барысында, әсіресе II сынып оқушыларының психикасында I сигнал системасының қызметі мен эмоция басым болғандықтан, балалардың өмірінде көрген білгендеріне, заттың тікелей өзін көрсетіп, сол жөнінде қабылдауларына, уақиғаны бақылау қабілеттеріне сүйену керек. Мәтінді алдын ала жигақтау жұмысына ерекше назар аударған жөн. Өйткені мәтінді алдын ала жинақтаудың, яғни жазбас бұрын мәтінді жобалап алудың, қате жібермеу үшін де пайдасы мол. Жазу процесінің аналитикалық-синтетикалық жағы неден көрінеді:

1) сөзді тыңдағанда әңгімеленгелі отырған оқиғаны сай келетін сөздерді таңдап ала білсе, бұл аналитикалық процес, ал осы сөздерді мәтіннің ішінде енгізуі синтетикалық процес болып есептеледі; 2) сөйлем құрастыруда талдау субъектілермен предикаттарды және заттың белгілері көрсететін сөздерді іріктеп алу, ал жинақтау – осыларды сөйлемнің ішінде орын орынына қойып орналастыру;

3) мәтін құрастыруда талдау – тұтас мәтінді бірнеше бөлімге бөлу, жинақтау – сол бөлімдерді бір-бірімен жалғастыру. Мұнда талдау жазуға дайындық кезінде, мәтінге жоспар жасау жұмысында іске асса, жинақтау сол жасалған жоспар бойынша құрастырып айтып не жазып беру жұмысы болып саналады;

4) шығарма жазу процесінде талдау үнемі жинақтаудан бұрын жүреді. Талдаудың бұрын келуі жинақтауға жол асады;

5) Психология оқулықтарында бастауыш мектеп жасындағы балалардың қабылдауы эмоциямен, сезіммен сабақтас жүретіні айтылады.

Сондықтан мазмұндамаға алынатын мәтіндер мен шығарма тақырыптары балаларда болатын көңілділік, сенгіштік, сезімталдық, қызығушылық, еліктегіштік сияқты қасиеттерге сай келетіндей болып іріктелуге тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
әдістемелік кешені
оқыту әдістемесі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...