Сабақ 1 Тақырыбы: Радиобайланыстың жалпы схемасы Жоспары



бет1/2
Дата08.09.2021
өлшемі0.69 Mb.
#73668
  1   2
Байланысты:
1 апта тәжірибелік сабақ
тест, ҚР-ның саяси құрылымы, КСЕказнеб, 1 Дәріс Ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұлға психологиясы, 2 лекц, 2 лекц, КМТК баяндама 8 аптпа, КМТК баяндама 8 аптпа, пособие НАК 1 сем 2019 (2), Жетекші полушариясы, 3 сынып оқушыларының білім деңгейін тексеру, crossword, Темы контрольной работы и рекомендации, хрень какая то

Тәжірибелік сабақ 1

Тақырыбы: Радиобайланыстың жалпы схемасы

Жоспары:


1. Электроника туралы жалпы ұғым

2. Радиобайланыстың жалпы схемасы


КІРІСПЕ
Электроника — ғылым мен техниканың жаңа саласы. Алғашқы электрондық приборлар тек осы ғасырдың бас кезінде ғана шыға бастады. Алайда электроника қарыштап дамып, ғылым мен техниканың, күнделікті өмірдің саласында өріс алып орын тепті.

Радиобайланыс, радиохабар, дыбысты «ино, космос корабльдерін және жасанды спутниктерді басқару, космостан сигналдар қабылдаурпланеталар бетін фотоға түсіру, мұхит тұңғиықтарин және космос кеңістіктерін радиозондылау, байланыс спутниктерін және космос корабльдерін пайдаланып телехабарларды беру және радиобайланыс жасау, электрондық дефектоскопия, жйғары жиілікті терапия, телемехани-калық және кибернетикалық тетіктерді, шапшаң эрекет етуші есептеу машиналарын жасау, міне, осылардың бәрін электрониканың арқасында іс жүзіне асыруға мүмкіншілік туып отыр. Біздің еліміздін, халық шаруашылығында электроника жоспарлаудың тиімді тәсілдерін пайдалануға мүмкіндік береді, курделі өндіріс процестерін басқаруға көмектеседі. Электрониканың маңызы КПСС Программасы сияқты тарихи документте де атап көрсетілген.

Электрониканың жетістіктері — ғылым мен техниканың түрлі салаларының творчестволық бірлесуінің, отандық және шетелдік көрнекті ғалымдар мен конструкторлар еңбегінің нәтижесі болып табылады. Электрониканың дамуына жол ашқан жағдайдың бірі Александр Степанович Поповтың 1895 жылы радионы ойлап табуы болды. Атап айтқанда, радиотехника өндірістік электрониканың бірінші «тұтынушысына» айналды.

Электрониканың дамуына электрондық лампыларды ойлап табушылар — Дж. Флеминг, Вайнтрауб, Ли де Форест, М. А. Бонч-Бруевич, фотоэффект құбылысын зерттеуші орыс ғалымы А. Г. Столетов және алғашқы техникалық жарамды фотоэлементтерді жа-саушы конструкторлар — Ю. Эльстер және Г. Гейтель, электро-сәулелі түтіктерді жасаушылар Ф. Браун, Б. Л. Розинг, В. К- Зворыкин, А. П. Константинов, П. Ф. Тимофеев, Л. А. Кубецкий, П. В. Шмаков, осы заманғы шала өткізгішті приборлардың алғашқы үлгісін жасаушы конструктор О. В. Лосев, транзистор жасаушылар Д. Бардин, В. Браттейн жэне В. Шокли үлкен үлес қосты.

Электрониканың дамуында совет ғалымдары академиктер — Н. Д. Папалекси, А. И. Берг, А. Ф. Иоффе, Л. И. Мандельштам, И. Е. Тамм, Б. А. Введенский, В. П. Вологдин, А. Л. Минцтің сіңірген еңбектері зор. Совет радиофизиктері мен радиотехниктерінің аса қүнды еңбектері үшін үкімет наградалары, мемлекеттік және арнаулы сыйлықтар берілді. Квант гене-раторлары мен күшейткіштер теориясын жасап, оны зерттегені үшін совет физиктері Н. Г. Басов пен А. И. Прохоровқа 1964 жылы ғылым жэне техника саласында ашқан аса көрнекті жаңалығы үшін беріле-тін халықаралық сыйлық - Нобель сыйлығы - берілді.

Электроника - электрондық, иондық жэне шала өткізгіштік приборлардың жұмыс принциптерін, құрылысын және қолданылуын зерттейді. рінің физикалық негізін зерттейді, ал бұл приборларды конструкциялау, жасап шығару технологиясы және пайдалану мәселесі техникалық электроникаға жатады.

Электрондық вакуумды приборлардың жұмысы вакуумдағы электр тогы заңдылықтарына негізделген, ал иондық приборларда газдардағы электр разрядтарының алуан түрлері пайдаланылады. Шала өткізгіштік приборлардың жұмыс принциптері электрондық-кемтік ауысудың электрлік қасиеттерімен байланысты.

Электроникада вакуум ұғымы - прибор баллонындағы газдардың сиретілуі өткізгіштік электропдардың нақтысында сол газ атомдарымеы соқтықпайтындай дәрежеге жетуімен анықталатын ұғым. Электрондық вакуумды приборларда (электрондық лампылар, электрон-сәулелі түтіктер, вакуумдық фотоэлементтер) газдың қысымы 10~6 тор1 шамасында, тіпті одан да кем болады. Иондық приборларда (газотрондар, сынапты вентильдер, газ толтырылған фотоэлементтер, стабилитрондар, тиратрондар) газдың қысымы электрондық приборларға қарағанда әжептәуір жоғары: 10~3 тор және одан да көп. Тіпті атмосфералық қысымнан да жоғары қысым түсіретіндей етіп газ толтырылған приборлар да (разрядииктер) болады.

Шала өткізгіштік приборларға кристалл диодтар, транзисторлар (триодтар), тетродтар, фотодиодтар, шала өткізгіштік терморезисторлар, термоэлементтер жатады.

Разрядсыз өткізгішті приборлар тобын жеке атап кетуге болады. Олар: қыздыру лампылары, бареттерлер, вакуумдық термоэлементтер.

1 1 тор - итальян ғалымы Эванджелиста Торричеллидің құрметіне осылайша аталған қысым бірлігі.

1 тор=\ мм сын. бағ.



Көбіне приборларды • өздерінің атқаратын қызметтеріне қарай (генераторлық, күшейткіш, түзеткіш, детекторлық түрлендіргіш, индикаторлық приборлар), жүмыс режиміне қарай (импульстық, үзақ жүмыс істейтін приборлар), электр тогына әсеріне қарай (басқарылатын және басқарылмайтын приборлар), электродтар санына қарай (екі электродты, үш электродты, көп электродты приборлар), жүмыстың жиілігінің спектріне қарай (темен жиілікті, жоғары жиілікті, аса жоғары жиілікті приборлар), катодтың электрондық эмиссиясының түріне қарай (термо-электрондық, фотоэлектрондық приборлар) деп те түр-түрге беледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы