Сабақ №1. Тақырыбы: Дүниежүзілік тарихтың іргелі мәселелері курсына кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеттері

Loading...


Дата27.02.2021
өлшемі26.45 Kb.
түріСабақ

Бисембина Камшат

Ист-20-1М

Пәні: Шетелдік тарихнамадағы жаңа бағыттар


Практикалық сабақ №1.

Тақырыбы: Дүниежүзілік тарихтың іргелі мәселелері курсына кіріспе.

  1. Пәннің мақсаты мен міндеттері.

  2. Дүниежүзілік тарихтың негізгі мәселелері.

Дүниежүзілік тарихтың іргелі мәселелері пәні магистранттарға деректанулық және тарихнамалық проблемаларды методологиялық ойлаудан өткізу көп жағдайда тарихи оқиғалар туралы түсінікті байытады және жаңа деңгейде көтереді, тарих ғылымында болған және болып жатқан нәрселерді ғана түсіндіріп қоймайды, сонымен қатар оның қозғаушы күштерінің қандай болғандығын, қандай екендігін де, демек оның ғасырлар бойы дамығандығын және дамып отырғандығын да көрсетеді.

Əлем тарихындағы өзекті мəселелер қатарына жататын шығыс елдеріндегі құлдық туралы пікірлер, антикалық өркениет, эллинизм дəуірінің қазіргі тарих ғылымында зерттелеуі, бірінші жəне екінші дүниежүзілік соғыстар туралы тарихнамадағы зерттеулер мен пікір – таластар, «қырғи қабақ соғыс саясаты», бейтараптық кезең жəне Кеңес – американ қарым қатынастарының тарих ғылымындағы тарихнамалық зерттеулердегі талдануы мен ондағы жетістіктер мен олқылықтар жəне оны шешеудің жолын келешек мамандарға ғылыми зерттеу əдістері арқылы бағыт бағдар бере отырып көрсете білуге үйрету сабақтың негізгі мақсаты болып отыр.

Əлем тарихындағы негізгі өзекті мəселелер бойынша нақты талдау беруде, тарихи деректер, басылымдардағы ғылыми зерттеу мақалалары жəне əркезде жарық көрген, белгілі – бір тарихи кезеңді сипаттайтын тарихи əңгімелер мен археологиялық, этнографиялық, лингвистикалық,антикалық авторлардың еңбектері мен қазіргі жаңа көзқарас тұрғысында, ғылыми талдаудан өткен жаңаша тарихи, ғылыми құжаттар негізінде пікір – талас, ой толғау, дөңгелек столдар формасында ғылыми инновациялық технология негізінде өткізу.

Жалпы дүниежүзілік тарих тарихи формациялардың даму заңдылықтары мен сатылары арасындағы байланыстар менерекшеліктерді сақтай отырып, сол өз кезінде қалыптасып, сол уақыттың шеңберінде дамиды. Тарихи белгілі бір кезең өткен соң ол тарихи оқиға зерттеліп, өз бағасын ғылыми-зерттеушілерден алып отырады. Осы кезде әртүрлі көзқарастар мен ғылыми зерттеулер жарық көріп, өзекті мәселелер төңірегінде ғылыми пікірлер тудырады. Пәннің мақсаты осы ғылыми пікірлердегі негізгі өзекті де тарихи зерттеулерді басшылыққа ала отырып, өткен тарихи кезеңге сипаттама беру болып табылады.

Дүниежүзілік тарихтағы өзекті мәселелер қатарына жататын Шығыс елдеріндегі құлдық туралы пікірлер, антикалық өркениет, эллинизм дәуірінің қазіргі тарих ғылымындағы зерттелуі, бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс туралы тарихнамадағы зерттеулер мен пікір-таластар, «қырғи қабақ соғыс саясаты», «бейтараптық» кезең және Кеңес-американ қарым-қатынастарының тарих ғылымындағы тарихнамалық зерттеулердегі талдануы мен ондағы жетістіктер мен ондағы жетістіктер мен олқылықтар және оны шешудің жолын келешек мамандарға ғылыми зерттеу әдістері арқылы бағыт бағдар бере отырып көрсете білуге үйрету сабақтың негізгі мақсаты болып отыр.

Дүниежүзілік тарихтың бүгінгі күнгі негізгі өзекті мәселелерін ғылыми жетістіктерге сүйене отырып тарихи деректер мен ғылыми зерттеулер нәтижелеріне және пікірталастардың қортындыларына сүйене отырып оқыту жіне қоғамның жалпы даму заңдылықтарына сүйене отырып, талдап түсінік беру қажет.

Дүниежүзілік тарихтың негізгі өзекті мәселелері атты курсты магистранттарға оқыта отырып, негізгі тарихи кезеңдердегі әртүрлі пікір таластар тудырған, әлі де болса тарихта зерттеуді қажет ететін негізгі өзекті мәселелерді терең түрде талдай отырып, қазіргі тарих ғылымының дамыған алдынғы қатарлы ғылыми ойы, ғылыми зерттеулері нәтижесінде талдау, салыстыру және деректер негізінде тиянақтау арқылы жалпылама және нақты ғылыми тұрғыда білім беру. Сол арқылы дүниежүзілік тарихтың дамуының негізгі заңдылықтарының бір-бірімен тығыз байланыстылығын ашып көрсету.

Тарихтың пайда болуы және оның жабайы түрлері. Өздерінің бұрынғы өткен өмірі мен ерліктері, басынан өткен бақытты және бақытсыз жағдайлары туралы әңгімелер қалдырмаған бірде-бір халық жоқ. Бұл өткен тарихы жоқ халықтың болмайтындығының белгісі. Алайда дамудың әр сатысында өткен өмір жайлы мәліметтерге әр түрлі талаптар қойылады, қол жеткен деңгей жоғарылаған сайын қойылатын мұндай талаптар қаталдана түседі. Тарих ғылымы өз дамуында адамзаттың өзіндік санасының дамуымен қатар жүреді. Оның даму сатысы — мәдени прогрестің жалпы дамуы.

Осылайша адамзат мәдениетінің пайда болуы ең негізгі кезеңнен бастап, жинақталып келгенде өз тарихын қурайтын естеліктердің қорын қалыптастырады. Дамудың белгілі бір сатысында адамдарды қанағаттандыратын естеліктер келесі даму кезеңінде жеткіліксіз болып көрінеді. Мұндай естеліктер бізді осы дәуірдің тереңіне бойлауға жетелейді. Жазу пайда болып, кең таралғанға дейін аңыз әңгімелер, аңыздар өткен тарихты зерттеудің жалғыз түрі болды. Біздің алдымызда барлық адамзат білімінің алғашқы түрі болып табылатын ауызша таралған аңыздар. Мәліметтерді берудің мұндай әдісі кейін жеткіліксіз болды, өйткені аңыздарды біріне-бірі ауызша жеткізушілер болған оқиғаға өздеріне ұнайтындай өзгерістер енгізіп отырды.

Алғашқы қауымдық құрылыстың даму сатысындағы адамдар белгілі дәстүрлердің әр түрлі бөліктерінің айырмашылығына есеп бермегендіктен, олардың дәстүрлерді жаңа элементтермен толықтыруы жеңіл болды. Құдайлар жайлы әңгімелерде, салттық және тұрмыстық өлеңдерде, жануарлар жайлы ертегілерде, тарихи аңыздарда пайымдаулары өз түсініктерімен жалғасып жатты. Бұл поэтикалық сезімнің әсерінен түрінің өзгеруі арқылы халықтық эпос пайда болатын қор болып табылады. Эпос - ол өлең түріндегі тарих. Германдық аңыздар мен біздің әңгімелер негізін тарихи оқиғалар құрайды, өйткені онда көптеген өмірде болған кейіпкерлер мен халықтар жайлы айтылады, бірақ онда оқиғалар танымастай өзгерістерге ұшырайды.

Кейбір халықтарда, мысалы, ежелгі индус халықтарында тарих осындай жабайы сатыда қалып қойды. Өйткені олар ауызша не жазбаша күйінде болса да, мифологиялық аңыздардан ары аспады. Кейбір халықтар бұл аңыздардың жеткіліксіздігін сезініп, өз ата-бабаларының жеке ерліктерін көрсетуге тырысты. Сөйтіп, жеке және рулық эгоизм прогреске кызмет етіп, тарихтың жана кезеңінің дамуына ықпал етті. Олар сол кезеңнің оқиғаларын берік есте қалдыру мақсатымен, тастарға сурет ретінде бейнелеуге немесе жазбаша түрде сақтауға ұмтылды. Мұндай ауысудың өзінің өткені жайлы нақты ақпарат алғысы келген халықтың өзіндік санасын дамытуда және осы жазбаларды ақпарат көзі ретінде пайдаланатын тарих ғылымының дамуында маңызы зор. Ассирия мен Вавилонның барлық тарихы осындай материалдарға негізделіп жазылған.

Келесі даму сатысын сол оқиғаға қызығушылықтың нәтижесінде жазылған естеліктер құрайды. Мұндай жазбалар ылғи практикалық мақсатта хронологиялық сызба жасауға байланысты пайда болады. Мұндай материалдарды орта ғасырдағы патшалардың, олардың ұрпақтарының, епископтар мен аббатардың тізімі береді. Біз мәлімет алып отырған ежелгі рим жылнамалары, солардың аттарымен аталған жылдарға байланысты, консул тізіміндегі жазбаларды өндеуден өсіп шықты. Мұндай жазбалар кейін ресми сипат алып, оларды жүргізу жоғарғы абыздар — понтификамдарға тапсырылды. Қазіргі тарихи сын мұнда шынайылықтың өте аз мөлшерде болғандығын көрсетті.

Қорыта айтқанда, келе-келе дамып отырған тарихта жаңа кезенді жыл бойынша әңгімелеу түрі толығымен жойылып, тарих еркін ғылыми шығармашылық сипатқа ие болады.

Жоғарыда суреттелген әңгімелердің шежіреге жазылу, ал шежіренің тарихқа өту үрдісі Ежелгі Грекияда да болды. Біз мұнда аңызға айналған немесе шынайы сипаттағы мәліметтердің жүйеленген жиынтығын логографтардан кездестіреміз. Осында 440 ж. Геродоттың ең тұңғыш «Әңгіме түріндегі тарихы» жазылған.

Одан бұрын жазғандардан Геродоттан айырмашылығы тарихшының алдына қойған мақсатының мәні мен Геродот еңбегінің пайда болу кезеңінде болып табылады. Азғантай грек халқы сол кезде ғана Шығыстың ұлы державасы Парсылармен грек-парсы соғысын аяқтаған болатын. Осы жетістіктің арқасында бүкіл Эллада халқының көңіл-күйі көтеріңкі болды. Осы кезде бір улы сананың ойына осы улы соғысты жан-жақты суреттеп жазу идеясы келді. Ол бұл ұлы шайқасты үлкен шабытпен суреттеп, оны бүкіл Грекияның — Олимпиядалық ойындарында оқыды. Мұндай шабытпен әсерлі жазылған шығарманы гректер үлкен толғаныспен тыңдады. Бұл көптеген ізбасарлардың пайда болуына ықпал етті. Бізге бұл еңбектің ішкі сапасына тоқталу өте маңызды. Бұл тақырыбы қатал тарихи, ауқымды еңбек болды. Ол ақпарат көздерін мұқият іздеп, көзбен көргендерден сұрастырып, жазғысы келген елдерді өзі барып көріп, оқиғаларды даз-қалпында баяндауға тырысты. Бұл жөнінде проф. Бузескул: «Ежелгі Эллада мен Шығыс тарихын терең зерттеген сайын, «тарих атасының» өз шығармасын адал ниетпен жазғандығы көрінеді», -деп ескертті. Нақ осы ұмтылыс Геродотты ең бірінші нақты тарихшы, белгілі мәндегі — «тарихтың атасы» жасады. Оның шығармасының табыстылығы тек Грек халқының ұлттық санасының көтерілуімен ғана шектелмейді, сонымен бірге мәдени дамуының жоғары сатыға көтерілуімен де құнды. Білімге нақты білу үшін ұмтылу — жекелеген адамның да, сонымен бірге тұтас халықтың да үлкен мәдениеттілігінің белгісі.

Біз бұдан тарих ғылымының алғашқы қауымдық қоғамдағы адамның қарапайым ауызша аңызынан қазіргі заманғы ғалымның зерттеуіне дейін қалай қалыптасып, өзгеріп отырғанын көріп отырмыз. Бір түр жартылай басқаларымен ауысып, немесе қатар өмір сүріп, жаңадан кайта пайда болып өзгеріп отырды. Бұл ауысулар неге байланысты? Біз осы уақытқа дейін тарихи өзгерістерге қоғамдық көңіл-күйдің, философия мен әдебиеттің, бір сөзбен айтқанда, тарихи шығарма дамып шыққан мәдени өмірдің қалай ықпал еткенін көрсетуге тырыстық. Біз енді бас кезінде айтқан «Тарих кезеңдері — мәдени прогрестің де кезеңдері. Тарих ғылымы өз дамуында адамзаттың ой-санасының дамуына тікелей эсер етеді» деген сөйлемді толық құқықпен айта аламыз. Бұл осы өзіндік дамудың көрсеткіші мен салдары. Тарих өзінің басталуы жағынан ең көне ғылым, сонымен бірге оның қазіргі түрі бір ғасырды да қамтымайтын болғандықтан, ол сонымен қатар жас ғылым болып табылады.

Адамның шығуы, оның дамуы мен еңбек қызметіннің тарихы жердің түпкір-түпкірінің бәрінде бір-біріне өте ұқсас және өзара тығыз байланысты. Қазақстанның территориясы –планетаның шағын бөлігі, сондықтан оның тарихы бүкіл дүние жүзілік тарихтың бір тарау ғана болып табылады.

Адамзаттың ежелгі өткен заманының көп беттері әлі анықталған жоқ, түсініксіз мәселелер мен даулы қағидалар әлі көп.

Ғылыми зерттеулер нәтижесінде жер бетіндегі адам баласы осыдан 2-2,5 миллион жыл бұрын пайда болған. Жер жүзінде еңбек етуге қабілетті болған ең ежелгі өмір сүрген адам хомохабилис – «шебер адам» (презинджантроп) болып есептелінеді.

Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуын қарастыра келіп, біз оның материяның орасан зор көлемдегі секірмелі өзгерісі мен әлемнің эво-люциясы нәтижесінде мүмкін болғандығын анықтадық.

Көптеген ежелгі тайпаларда арғы тектің жануарлардан, тіпті өсімдіктерден таралғаны туралы (ежелгі тотемдерде) түсінік болды, ол қазіргі кейбір тайпаларда да бар. Антикалық уақытта адамдардың лай-дан, балшықтан жаратылғаны туралы ойлар айтылды (Анаксимандр). Ол кезде адамдар мен маймылдар арасындағы ұқсастық туралы да сөз болды (Карфагендік Ганнон).

Қазіргі уақытта тіпті НЛО туралы әңгімелерге байланысты адамзаттың жерден тыс жан иелерінен шыққандығы туралы болжамдар айту әдетке айнала бастады.

Бірак, XIX ғасырдан бастап, ғылымда Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясынан бастау алатын, адамзатттың қазіргі маймылдардың жоғары дамыған арғы тегінен шыққандығы туралы концепция қалыптасқан. Оны XX ғасырда генетика ғьілымы негіздеп берді, өйткені барлық жануарлар ішінде гендік аппараты бойынша адамзатқа ең жақыны шимпанзе болып шықты.

Палеоантропологиялық зерттеулер мен соңғы уақыттағы ашылулар - адамзаттың түп-тамырымен биосфераға еніп, оның сан алуан жаратылысының бірі ретінде саналатындығын дәлелдеді.

Жеке адам және қоғам – әрбір тарихи нақтылы қоғамның жеке адамның қалыптасуына және оның дамуына қандай жағдай жасайды және жеке адам қызметі қоғамға қандай шамада әсерін тигізеді, қоғам мен жеке адам мүддесі қалайша ұштасады деген мәселелерді қарастыратын әлеуметтік-философиялық проблема. Көптеген әлеум. теориялар қоғам мен жеке адам арасындағы қайшылық жойылмайды, мәңгілік деген идеяны уағыздады, оларды өз алдына тұтас дүние ретінде қарастырады. Мысалы, құл иеленушілік қоғамда жеке адамды саяси тұтас мемелекетке бағынышты ету қажеттілігін дәлелдеген Платон мен Аристотель теорияларымен қатар мемлекет билігін жеке адамның жаныштап, оған қас күш ретінде қарайтын стоиктердің скептиктердің, эпикуршілердің теориялары да болды. Феодалдық формацияда жеке адамның орнын, құқын және міндеттерін қоғамның әлеуметтік-касталық құрылымына қатаң тәуелді етуді көздейтін шексіз билікті қолына шоғырландырған діни идеология мен оның иерархиялығын қорғау, құдайға құлшылық ету және т.б. бағындырылды. Капитализмнің пайда болуы адамның қауыммен, сословиямен, кастамен, цехпен тоғысуын жойып, дараланған жеке индивид туралы көзқарасты қалыптастырды. Енді қоғам формальды жағынан өзара тең жекеменшік иелерінің тобы ретінде, оларға өзіндік қабілеттері мен күш-қуатының, толық көрінуіне ең қолайлы мүмкіндіктер жасайтындығына кепілдік берді 17-18 ғ-ларда қоғамдық және мемл. құрылыс индивидтердің келісімінің жемісі, ол адамдардың игілігіне қызмет етпеген жағдайда, яғни келісімді бұзғанда қайта құрылуы мүмкін дегенді дәлелдейтін қоғамдық келісім теориялары жасала бастады.

Антропогенез – қоғамдық жан иесі ретінде адамның пайда болып, жетілу процесі. Дарвин, Гексли және Геккель адамның үшінші кезеңдегі жоғары дәрежедегі дамыған маймылдардан шыққандығын дәлелдеді. Адамдардың қоғамдық – еңбек қызметі антропогенездің қозғаушы күші болды, бұл қызмет ерекше қоғамдық байланыстарды, мәдениетті жасады, адамның дене бітімін қалыптастырды. Мұның бәрі адамды құдай жаратты деген діни уағызды теріске шығарды. Оның пайда болуы және даму процесі австралопитектердің (адамның ең жақын арғы тегі – қазбалардан табылған маймылдар, олар Африкада бұдан 5 млн ж. бұрын өмір сүрген) жер бетінде тірршілік ету сатысына, талғаусыз тамақтану және табиғи заттарды құрал ретінде (бірлесіп аң аулау, олжаны кәдеге жарату), қорғаныс үшін қолдануға, сонан соң оларды жетілдіре түсуге кешкеннен кейін әзірленді. Мұның өзі өңделмеген тас, сүйек және ағаш құралдарды үздіксіз жасауға, демек, қоғамдық өндіріс нышандарының, алғашқы қауымдық тобырларының (нитекантроптардың және сиантроптардың) пайда болуына әкелді. Қоғамдық өндірістің тууы сана мен тілдің пайда болуының алғышарты болды, адамның дене бітімі қалыптасты. Қоғамның, адамның қалыптасу процесі жүздеген мың жылдарға созылды (Африка, Оңтүстік Шығыс, Оңтүстік. Алдыңғы Азия, Европа) және алғашқы қауымдық тобырдың алғашқы қауымдық қоғамға ойысуымен, ал неандерталдықтардың шамамен 35-40 мың ж. бұрын қазіргі адам кейіпіне келуімен аяқталды.


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Историческая наука и современность: концептуальные проблемы методологии. Тарихи ғылым және қазіргі заман: Отан тарихы әдістемесінің, тарихнамасының және деректануының тұжырымдық мәселелері. Материалы науч. конференции., А.,2001. На рус. И каз яз.

  2. Историческая наука в ХХІ веке. Тарих тағлымы ХХІ ғасырда: Материалы межд. Бекмахановских чтений. А.,2001.т.1 – 2.

  3. Қазіргі Қазақстан ғылымындағы әлемдік тарих мәселелері. Конференция материалдары.А.,2001.


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бойынша жиынтық
ғылым министрлігі
қызмет стандарты
жиынтық бағалау
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
Сабақ жоспары
тоқсан бойынша
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
республикасы білім
Қазақстан республикасының
білім беретін
біліктілік талаптары
арналған жиынтық
әкімінің аппараты
жиынтық бағалауға
туралы анықтама
мамандығына арналған
бағалау тапсырмалары
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
арналған тапсырмалар
мерзімді жоспар
жалпы конкурс
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
қатысушыларға қойылатын
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
ткізу туралы
оқыту әдістемесі
мамандығы бойынша
конкурс қатысушыларына

Loading...