Сабақ: 1-2 Сабақтың тақырыбы: Электр тізбегі. Электр өрісі



Дата02.01.2022
өлшемі16.43 Kb.
#147896
түріСабақ
Байланысты:
66a68e78-b86b-448a-a903-040eb9ef2478
экз нпн — тест, 66a68e78-b86b-448a-a903-040eb9ef2478

Пән аты: КМ 08.01 Электроника негіздерімен электротехника

Сабақ: 1-2

Сабақтың тақырыбы: Электр тізбегі. Электр өрісі

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік – Электр электрлік өріс, электромагнетизм негізгі түсініктері туралы білімдерін арттыру.

Сабақты өткізу әдісі: теориялық, баяндау, лекция,

Электромагниттік процестері кернеулік және ток түсініктерінің көмегімен сипатталатын, электр тогын жүргізуге арналған қондырғылар жиынын электр тізбегі деп айтады. Жалпы жағдайда, электр тізбегі ток көзі мен қабылдағышты байланыстыратын электр энергиясының көзі мен қабылдағыштардан және аралық бөлімдерден (өткізгіш сымдардан, аппараттардан) тұрады.

Электр тізбегіндегі электромагниттік процесстерді "ток", "кернеу", "э.қ.к-і", "кедергі", ("өткізгіштік"), "индуктивтік", "сыйымдылық" түсініктерінің көмегімен сипаттауға болады.

Электр энергиясының көзі ретінде гальвани элементтері, аккумуляторлар, жылулық элементтер, генераторлар және басқа да қондырғылар алынады. Оларда химиялық, молекула кинетикалық, жылулық, механикалық немесе энергияның басқа түрінің электр энергиясына айналу процестері жүріп жатады. Жоғарыда айтылған ток көздерімен салыстырғанда, энергияның ешқандай түрі өзгермейтін, энергия көзіне қабылдағыш антенна да жатады.

Электр энергиясының көздері өздерінің мәндері және бағыттарымен, сол сияқты ішкі кедергілерінің мәндерімен де сипатталады.

Электр энергиясының қабылдағышы немесе жүктемесі деп, электр энергиясын жарық, жылу, механикалық және т.б. энергияға айналдыратын электр шамдарының, электр қыздырушы құралдардың, электр қозғалтқыштардың және басқа қондырғылардың қызметін айтады.

Электр тізбектерін есептеулер, оларда жүретін процесстерді зерттеулер, әр түрлі жорамалдауларға және электрлік тізбектердің нақты объектілерін бірқатар идеализациялауға негізделеді. Демек, электрлік тізбектер теориясында элементтер түсінігіне көбіне электротехникалық қондырғылардың құрамды бөліктері емес, олардың идеализацияланған үлгілері алынады да, оларға белгілі бір электрлік және магниттік қасиеттер тағылады, соның нәтижесінде, олар нақты қондырғыларда пайда болатын құбылыстардың жиынтығын жуықтап бейнелейді.

Электрлік тізбектер жүйесінде элементтерді активтік және пассивтікдеп бөледі. Активтік элементтерге жататын электр энергиясының көздері, кернеу көздері және ток көздері. Электр тізбегінің пассивтік элементтеріне кедергі, индуктивтік және сыйымдылық жатады. Соған сәйкес активті және пассивті тізбектер болады.


Бақылау сұрақтары

1. Электр тізбегі дегеніміз не?

2. Электр энергиясының жүктемесі деп қандай қондырғы қызметін айтады?

3. Электромагниттік процесстерді сипаттаңыз



Үй тапсырмасы:


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді