Сабақ : Басқару қызметінің мәдениеті. Басқару мәдениеті адамзат мәдениетінің бөлігі ретінде



Дата22.11.2022
өлшемі15.1 Kb.
#360987
түріСабақ
Байланысты:
Мененджмент13
Психология 10-апта тапсырмасы, ~$Ж Математика 5 сынып, Баяндама Жанат, Баяндама Жанат, Лингвистика олимпиадасына берілген материалдар, -57171791.docx

13 практикалық сабақ Басқару қызметінің мәдениеті.
1.Басқару мәдениеті адамзат мәдениетінің бөлігі ретінде. Қоғамдық еңбекті дамутудың маңызды белгісі, оны бөлісу мен бірлесу. Өндірісте еңбекті жүйелі түрде бөлісу мен бірлесу басшы еңбегін адамдардың іс - әрекетіндегі ерекше түрге білуге ықпал етті. Басшылықта бірлескен еңбек объективті қажеттілік, өйткені оны жүзеге асыру үшін адамдардың бірлесіп әрекет етуі қажет, ал мұның өзі басқару арқылы қамтамасыз етеді. Басқару еңбегі өндірістік еңбек болып саналады. Басшылық тәсілі ұжым деңгейіне тығыз байланысты, олар өзара қатысты әр бірін – бірі жетілдіріп отырады. Басшының ұжыммен қарым – қатынасы көбінесе оның жеке басына және де сол ұжыммен ынтымақты, дұрыс жұмыс істей білуіне байланысты. Осыған орай басшының ұжыммен қарым – қатынас орнгата білуінің ұйым үшін зор маңызы бар. Басшының ұжыммен қарым қатынасы бірқатар ерекшеліктермен сипатталады.Біріншіден: ұжымдағы қарым – қатынас жағдайында басшыға тиісті құқық пен өкілеттілік біршама ықпал етеді. Ұжым алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті осындай праволарды жүзеге асыру, негізі болып саналады. Бұл қарым – қатынаста жеке адамдардың үйлесуі де үйлеспеуі де мүмкін. Екіншіден: көпшілік ұжым үшін басшы – бұл тек лауазым бедел ғана емес, белгілі бір білімді және ұжым мен ұйым ісін басқару сласында қабілеттілікті қажет етеді. Осыған орай кәсіптік этиканың алуан түрлі болып саналатын басшы этикасы, басшылық этикасы туралы айтуға тура келеді.Үшіншіден: басшының ұжыммен қарым – қатынас этикасы топтасқандадықтың, ұжымды ұйымдастырудың, олардың өз әлеуметтік қызметін орындаудың маңызды факторы болып саналады. Басшының осындай қарым – қатынасқа ықпал етуі, оның өкілеттілігі, құқығы ғана емес, сондай – ақ оның идеялық ықпалы, сенімі мен жеке басының үлгісі. Төртіншіден, ұжым құрамында қарай басшы өзін жақсы жағынан да, нашар жағынанда көрсетуі мүмкін. Мұндайда адамдар басшының кейбір дағдысына еліктейдтіндігін өздері де аңғармай қалады.
2.Дамыған елдердегі экономикалық мәдениет ерекшеліктері
Өзкемшілігіне дер кезінде күле білудің айырықша маңызы бар.В.У. Терещенконың айтуынша, АҚШ – та әрбір менеджерлердің өз лақап аты болады, ол мұны білу тиіс. Карикатура келемеждеу емес. Адам неғұрлым әйгілі болған сайын, газеттер мен журналдар ол жөнінде карикатура соғұрлым көп болады. Адамды достық тұрғыда әзілдеу – бұл оның әйгілігінің, оның жақсы көретіндігін жақсы қарым – қатынаста екендігінің белгісі. Рузвельт өмір бойы өзі жайлы карикатураны жинаған екен. В.И.Терещенконың пікірінше, егер адамның беделі болса, егер ол көпке құрметті болса, онда ол карикатурадан сескенбейді, оған ашуланбайды, қайта өзіне өзі күледі. АҚШ – та басшыларды даярлағанда және білімін жетілдіргенде осы қасиеттерін қалай көрсету қажетігін үйретіп қана қоймай, бұған қалай қол жеткізу, өзінде қалай қалыптастыру жолдарын түсіндіреді.
3.Басқару мәдениеті өндіріс тиімділігін арттыру факторы ретінде. Еңбектің маңызды сипаттамасының бірі, оның ақырғы және тікелей мақсаты мен нәтижесі, өндірістік және басқару еңбегінің түп мақсаты ортақ, өйткені басқару еңбегі өндірістің бір бөлігі ретінде тұтастай жұмыс ұғымына ене отырып, өндірістік еңбектің түпкі мақсатына өзгеше болуы мүмкін емес . Басқару еңбегінің тікелей мақсаты – ұжымның бірлескен күш жігерін үйлестіру және оның мүшелерін ақырғы жоспарланған нәтижеге жетуге арналған бірлескен. Іс -әрекетін қамтамасыз ету.
Жалпы ұғымда еңбек құралы дегеніміз «... Зат немесе заттар жиынтығы, оны адамдар өзімен еңбек құралы аралығында қояды және де оның өзі осы затқа ықпал ету үшін қызмет етеді ». еңбек құралдарын қолдану мен жасау адамдардың еңбек әрекетінің өзіндік көрінісі.
Өндіріс процесінде адамдар, еңбек құралдары мен заттары тікелей байланыста болады. Басқару процесінде басқару субъектісі ретінде адамның өзі және оның іс - әрекеті, ал оның еңбек құралы ретінде ұйымдық – техникалық құралдар қатысып, бұлардың әрекеті басқару мүмкіндігін артыра түседі. Өндірістегі адам дене еңбегін қол мен машина арқылы, ал басқару еңбегіндегі адам мәліметтер мен және оларды өңдеу құралдары көмегімен атқарады.
Басқару еңбегінің заты құралының ерекшелігі оның сипаты мен мазмұнын айқындайды. Басқару еңбегі – көбінесе ой еңбегі.
Бұған әлеуметтік, экономикалық, ұйымдық, техникалық – технологиялық сипаттағы шешімдерді бағалау мен жобалау жатады.
Оның негізгі мазмұны сол, мұндай тұтастай алғанда адамдармен жұмыс істеййді. Басқару еңбегінің негізгі қызметі, міне осында. Басқару еңбегі – бұл ұжым адамдарына таралатын іс - әрекет, яғни жұмыс. Бұған еңбек процесіндегі жеке адамдар ғана емес, тұтастай ұжым қатысады. Басқару еңбегінің творчестволықсипат маңызды рөл атқарады.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені