«рухани жаңҒыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің ТҰжырымдамалық негіздері


Қазақстан Республикасындағы балалар мен жастарды тәрбиелеудің қазіргі кездегі жағдайы



бет5/28
Дата11.04.2022
өлшемі79.87 Kb.
#219741
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ТӘРБИЕНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІПРОЕКТ КОНЦЕП каз


4. Қазақстан Республикасындағы балалар мен жастарды тәрбиелеудің қазіргі кездегі жағдайы



Қазақстанның білім беру ұйымдарында тәрбиенің заманауи ахуалының ерекшеліктеріне тән сипат әлеуметтік талап етілетін құндылықтар, дәстүрлер, мінез-құлық тәжірибесі ұстанымы тұрғысынан оны жаңартуға бағытталу болып табылады.

Қазіргі кезде тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда.

«Мәдени мұра», «Халық – тарих толқынында» бағдарламаларын іске асыру барысында тәрбие беру процесін байыту бағытына үлкен үлес қосылды.

2017 жылдан бері тәрбие жұмысын күшейтуңе Президентінің «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың жаңғыруы» бағдарламалық мақаласының шығуымен үздіксіз байланыста болып келеді.

Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарын сақтау мен үстемелеу: «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «Жаңа адамгершілік білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру» жобалары арқылы жүзеге асырылады.

Тәрбие беру кеңістігін жетілдіру «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының жалпы адамзаттық құндылықтарының жүйесін ескереді.

Тәрбие берудің ұлттық моделі төртінші өнеркәсіптік революция кепілі болып табылатын адами капитал – халықаралық бәсекеге қабілеттілік ресурсы ескереді. Бұл жағдайларда тұтас педагогикалық процестегі тәрбие сапасының мәселесі ерекше мәнге ие болады.

Жалпы білім беретін ұйымдардағы тәрбие жүйесінің қазіргі кездегі модельдерінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының тәрбие мен білім беруді, академиялық пәндер мен қосымша білім беруді кіріктіру, Қазақстанның түрлі өңірлерінде өлкетану-зерттеушілік экспедициялар, әлеуметтік, зияткерлік бастамаларға және мұғалімдердің ата-аналармен ынтымақтастық тәжірибесіне ресурстық қолдау көрсетуді, әртүрлі жастағы білім алушыларды өзін-өзі басқаруға тартуды ұйымдастыру арқылы әлеуметтік-педагогикалық орта құру бойынша тәжірибесін тарату көрініс тапты. Сонымен бірге білім беру-тәрбие процесіне тартылған мұғалімдердің педагогикалық құзыреттілігін, кәсіби шеберлігін арттырудың инновациялық каскадты әдісі белсенді пайдаланылады.

Қазіргі кездегі мектептердің тәрбие процесіне «Рухани жаңғыру» бағдарламасының міндеттері контексінде өлкетану компонентінің инновациялық моделі, білім алушылардың рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиесінің формалары мен тәсілдері, балалардың әлеуметтік маңызды бастамалары белсенді енгізілуде, мектептің, ата-аналар қауымдастығының, әлеуметтік әріптестердің, әсіресе түрлі балалар қоғамдарының, қоғамдық формалды емес бірлестіктерінің қазіргі заманғы әдістерін іздеу және күшін шоғырландыру жүзеге асырылады.

Оқу-тәрбие процесіне желілік технологияларды енгізу бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде.

Балалар мен жасөспірімдерді 2011 жылы Елбасының бастамасымен құрылған Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы бағдарламасын жүзеге асыруға тарту арқылы патриоттық тәрбие беру, сондай-ақ, белсенді азаматтық ұстанымды дамыту бойынша республикада көп жұмыс жүргізілуде.

Мемлекеттің әлеуметтік тапсырысы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауларында көрініс табатын белсенді өмірлік және азаматтық жауапкершілік ұстанымы бар, өзінің үлкен және кіші Отанының тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен, ел тағдырына жауапкершілікпен қарайтын тұлға қалыптастыруды көздейді.

Тұтас тәрбие жүйесіндегі ауқымды өзгерістерді қамтамасыз ету педагогикалық ұжымның: білім беру ұйымы әкімшілігінің, әр мұғалімнің, сынып жетекшілерінің, жетекшінің, әлеуметтік педагогтің, педагог-психологтардың, қосымша білім беру педагогтерінің, балалардың қоғамдық ұйымдарының үйлестірушілері мен көшбасшыларының, әдіскерлердің күшімен жүзеге асырылады.

Қазақстанда бүгінгі күні балалар мен жастарды тәрбиелеу жүйесін жетілдіру бойынша едәуір жұмыстар жүргізіліп келеді және оның ішінде тәрбие басым бағыт ретінде айқындалған.

Сондай-ақ, бірқатар өзекті мәселердің шешімін табу қажет:



- Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының алты бағытымен белгіленген қоғамдық сананы жетілдіру аясында Қазақстанның болашағы – балалар мен жастарды, адами капиталды одан әрі дамыту қажет;

- білім берудің барлық деңгейлеріндегі тәрбие процесінде Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» тұжырымдамалық мақаласында белгіленген «Ұлы даланың жеті қырын» жүзеге асырған маңызды;

- НЗМ тәжірибесін таратуды ескере отырып, тәрбие жұмысын іске асыратын педагогтер штатының іс-әрекет үлгісі туралы ұғымды, басқарушылық менеджмент деңгейлерін арттыру үшін басқарушылық үлгілерін жаңарту мен тәжірибені тарату мәселелерін кеңейту;

- практикалық ынтымақтастық тетгігі мен балалардың қоғамдық ұйымдарының, мектептегі өзін-өзі басқару мен волонтерлік қозғалыстардың, мектеп және ата-ана қоғамының өзара іс-қимылын талап етеді;

- білім берудің жаңа сапасы тұрғысынан жас ұрпақты ғылыми-зерттеу және өндірістік-технологиялық ортаға енгізген маңызды;



- білім алушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша тәрбие жұмысын жетілдірудің: білім алушылар денсаулығының барлық аспектілерінде (моральдық, дене бітімдік, психикалық, әлеуметтік) жүйелік төмендеуі бар: кәмелетке толмаған құқық бұзушылықтың ұлғаюы; алкоголь, темекі, есірткіні теріс пиғылда пайдалану; өзіне-өзі қол жұмсау оқиғаларының көбеюі; ерте жыныстық қатынас; әртүрлі сенімдегі діни нанымдарының өсуі және т.б. маңызды мәселе болып қала бермек.

Білім алушылар денсаулығының (80-85%) төмендеуі аталған аспектілерде Қазақстанның білім беру жүйесіндегі қазіргі дағдарыстың жақын болашақта ұлт денсаулығына әсер етпейтінін көрсетеді; оның интеллектуалды әлеуеті, бәсекеге қабілеттілігі, тұтастай алғанда елдің ұлттық қауіпсіздігі болып табылады.

Білім алушылар денсаулығының төмендеуінің негізгі себептері оқушылардың білім беру және ақпараттық жүктемесінің жоғарылығы, мұғалімнің оқушыларға психологиялық қысымы, мұғалімдердің денсаулығын сақтау технологиясының жетіспеушілігі, тұтастай алғанда мұғалімдердің психологиялық-педагогикалық дайындығының төмен деңгейі.

Бізге көп жылдар бойы мектепте қалыптасқан кемшіліктерді жоюдың жаңа тәжірибесі қажет.

Білім беру жүйесіне жаңа міндеттер қойылуы тиіс. Олар: «Рухани жаңғыру» қоғамдық санасын жаңғыртудың негізгі бағыттары тұрғысынан адам мен тұлға ретінде адамның жеке басы мен субъекті ретінде өсіп келе жатқан тұлғаны дамыту процесі.

Әлемдік білім беру кеңістігінде баланың жеке басына шаққандағы білім беру мазмұнын жаңартудың басты бағыты болып табылады. Ол өзін-өзі бағалау мен жеке тұлғаның қоғамдық беделін қалыптастыруды көздейді. Алдыңғы қатарлы мектепті бітіруші өзін дамыған қоғамда өмір сүруге дайын және қоғамды дамытуға қабілетті болуы керек.

Бүгінде аксиома болуы тиіс - бәсекеге қабілетті адам капиталы бар, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына барар жол, өмірдің мүлдем басқа сапасына жол - ұлттың рухани және моральдық жаңғыруы, қазіргі заманғы жастардың қоғамдық санасын жаңғырту, білім беру ұйымдарының оқу тәрбие процесін ізгілендіру арқылы ғана мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы