«рухани жаңҒыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің ТҰжырымдамалық негіздері



бет16/28
Дата11.04.2022
өлшемі79.87 Kb.
#219741
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28
Байланысты:
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ТӘРБИЕНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІПРОЕКТ КОНЦЕП каз

Ұлттық тәрбие.

Мақсаты: тұлғаны жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағыттау, туған және мемлекеттік тілге, қазақ халқының мәдениетіне, этносына және Қазақстан Республикасындағы этникалық топтарға құрмет көрсету.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аталған бағытқа сәйкес «Өлкетану» (өлкелік) «Тәрбие және білім», «Рухани Қазына» ішкі бағдарламаның базалық бағытын қарастырған жөн.

Қамтамасыз ету жолдары: жастар туризмін зерттеу және өлкетану жұмыстарын дамыту; қазақ халқының тарихы мен дәстүрлерін білу арқылы белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру; озық жоғары технологиялық әдістер мен цифрлық технологияларды қолданумен техникалық шығармашылықты дамыту арқылы бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру; моральдық, рухани және гуманистік құндылықтарды тәрбиелеудің басымдығы бар адамдар арасындағы эмоционалдық және ұтымды қарым-қатынастардың әлеуметтік-тарихи тәжірибесін беру; қазақстандық патриотизм рухында жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу.

Бағалау критерийлері: туған және мемлекеттік тілдерді білу; этникалық өзіндік санаға, этникалық сәйкестікке, өз халқының мәдени мұрасына, қазақ және өз халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері туралы мақтаныш сезімін және жауапкершілігін көрсету; Қазақстандағы өзге ұлттардың этникалық мәдениеті; Қазақстанның басқа этникалық топтарының мәдениеті; этносаралық татулық пен келісім.

Іске асыру тетіктері:



  1. Оқу пәндерінде, қосымша білім беруде, сабақтан тыс қызметте жалпы адами және ұлттық құндылықтарды кіріктіру сабақтары. Этнопедагогика кабинеттерінің қызметі; Қазақстан Республикасының рәміздерін білу, қазақ халқының мемлекеттік тілі, мәдениеті мен дәстүрлері, Қазақстан тарихы, жергілікті тарих және т.б. туралы фестивальдар мен байқаулар өткізу.

2. «Менің Отаным – Қазақстан» (жастар туризмін және жергілікті өлкетануды дамыту, экспедициялар, экскурсиялар ұйымдастыру).

3. «Тарих мұра», «Өз жеріңді таны» (жергілікті білім беру мен мектеп туризмін, тарихи-археологиялық қозғалысты, туған өлкенің тарихын, мәдениетін және дәстүрлерін терең зерттеу).

4. «Табиғат бесігі» (туған өлкеге жауапкершілікпен және аялап қарау)

Басты іс-шаралар: 1) «Туған өлке тарихы». Білім беретін оқу орындарында мұражайларға, өлкенің мәдени-тарихи орындарында барып факультатив сабақтарын, арнайы курстарды, үйірмелерді өткізу. 2) «Ұлы дала тұлғалары». Өлкенің тарихын, маңызды оқиғаларын, белгілі тұлғалардың тарихын білу бойынша зияткерлік іс-шаралар; 3) «Мақтанышым – Астанам». Олимпиадалардың, байқаулардың, конкурстардың жеңімпаздарына арналған Астана қаласына сапарлар ұйымдастыру; 4) «Туған өлке соқпақтары». Туристік-өлкетану маршруты мен сайысы. 5) «Менің Отаным – Қазақстан». Жас өлкетанушылардың, туристердің және экологтардың жыл сайынғы өңірлік, республикалық слеттер мен форумдары; 6) «Алтын адам». Мұражайдағы сабақтар; 7) «Қайнар бұлақ». Балалар мен жастар қозғалысы; 8) «Отбасымен бірге». Ата-аналық қозғалыс; 9) «Реликвия». Тарихи құжаттарды, жанұялық мұраларды, материалдық мәдениет заттарын, картиналар мен басқа да экспонаттарды мұражайға өзбетінше тапсыру бойынша қайырымдылық акциясын өткізу; 10) өлкетану мен жастар туризмінің рөлі туралы әлеуметтік имидждік бейнероликтерді түсіру және орнату; 11) «Бабалар мұрасы». Өнер және қолөнер туындыларының Республикалық көрмелері; 12) Сыныптан тыс өткізілетін іс-шаралар: «Ұлттық тарихтағы уақыт пен кеңістік», экскурсиялық (сырттай, oн-лайн) «Ботай» мәдени мұра бағдарламсы; «Ұлы даланың ежелгі металлургиясы мен қазіргі жаңалықтары»; 13) Ұлы ойшылдардың, ақындардың және Ұлы даланың әл-Фараби, Яссауи, Күлтегін, Бейбарыс, Тәуке, Абылай, Кенесары, Абай сынды тұлғалары мен қазіргі әдебиеттегі, музыкадағы, театр мен қолөнердегі шеберлердің бейнелерін меңгеру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы