Рухани-адамгершілік тәрбиенің маңызы



Дата10.06.2022
өлшемі24.39 Kb.
#267669
Байланысты:
Баяндама


Рухани-адамгершілік тәрбиенің маңызы
Салакбаева Асель Канатовна, asel.salakbaeva.88@mail.ru


М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі
Жас ұрпақты рухани-адамгершілік тәрбиелеу мәселесі әрбір ата-ананың, қоғамның және жалпы мемлекеттің алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі, себебі қоғамда жастарды рухани-адамгершілік тәрбиелеу мәселесіне қатысты күрделі жағдай қалыптасты. Себебі, өскелең ұрпаққа арналған нақты жағымды өмірлік бағдарлардың болмауы, қоғамдағы рухани-адамгершілік жағдайдың күрт нашарлауы, жастармен бос уақыттағы мәдени жұмыстардың төмендеуі; балалардың физикалық дайындығының төмендеуі және тағы басқа, сондықтан бұл тақырып өзекті болып табылады.
Жаңа ғасыр жастарының руханилығы, оның шығармашылық интелектісі, жаңашылдыққа ашықтығы, білім мен біліктілігі, дағдысы мен шеберлігі, адамгершілік қадір-қасиеттері, дүниетанымдық көзқарастары, салауаттылық дағдылары, жағымды мінез-құлықтары рухани-адамгершілік құндылықтары болып табылып, қоғамның негізі капиталы ретінде бағаланады. «Жақсы мінез бен ақыл күші біріксе – бұлар адамгершілік қасиеттер» деп Ыбырай Алтынсарин атамыз айтқандай, адамгершілік – бұл рухани тәрбие. Адамгершілік – адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды Отанын, елін, отбасын сүюге, мейірімділікке үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз-өзін сыйламайды. Жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі таңда қажетті, кезек күттірмес мәселе болып отыр. Қазіргі жастарға рухани азық қажет. Рухани бай адамды қалыптастыру баланың туылған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан мейірімділік, ізгілік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани-адамгершілік тәрбие – екі жақты үрдіс. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұымдастыру барысында, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.
Мен өзім бастауыш мектепте сабақ өткіземін. Менің әр сабағымда міндетті түрде сергіту сәттері, сонымен сабағымды ойын түрінде өткізуге тырысамын. Бұл бастауыш буындағы балаларға өте керек нәрсе. Халқымыз «баланы ойын өсіреді» деген сөзі тегін айтылмаса керек. Бала ойнап жүріп ойланады, жүйкесі тынығады, ойы сергиді, денесі шымырланады. Өздерінің құрбы-құрдастарымен жақсы араласуды үйренеді. Сан алуан ойындар баланың дене тәрбиесін дамытып, жас жеткіншектің бойына адамгершілік, сүйіспеншілік, үлкенге құрмет, кішіге көмек көрсете білуге, қиыншылықтан қорықпауға, мақсатқа жетуде төзімділікті ұлғайтуға тәрбиелеуде ерекше мәні бар. Ең бастысы, ойын баланы жан-жақты, тез ойланып шешім қабылдауға, ойын шыншыл ойнауға кешірімді, жанашырлыққа тәрбиелейтіні анық. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру – ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Көрнекті педагог В.Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», - дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасуымен санасуына ықпал етеді.
Халқымыздың ғасырлар бойы ұлан-байтақ жерін сыртқы жаулардан қорғауда ерлігімен көріне білген батырлары мен қолбасшыларын, халқының сөзін сөйлеп, ел қамын ойлаған шешен-даналарын мақтан еткен. Отанымызды қорғау , шежіреге толы тарихын білу, тілі мен дәстүрін сақтау, зерртеу – азаматтық борышымыз. Сондықтан бар халық мақсаты өзінің өскелең ұрпағына тәрбие беруде күнделікті тұрмыс кәсібін ұлттық арнада ұйымдастырып, рухани-адамгершілік тағылымымен ұштастыра білген.
Бұл мәселеге байланысты елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «... жаңа жағдайларға байланысты бәрімізді алаңдатын мәселе – білімді, кәсіби даярлығы бар адам ғана тәрбиелеу емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және адамгершілік мүмкіндігі мол тұлға қалыптастыру болып табылады», деп атап көрсетті. Міне, осы тұста қоғамға жан-жақты білімді, жоғарғы мәдениетті, еңбекқор, іскер ізденімпаз, қабілетті, шығармашыл тұлға қажет. Ондай тұлғаны орта және жоғарғы оқу орындары тәрбиелейді.
Рухани азықты алдымен жас ұрпақ отбасынан алады, оған ата-анаың берген тәрбиесі, тұрмысы ықпал етеді. Халықтық мақал «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» рухани-адамгершілік тәрбиенің негізі отбасында қалыптасатыны көресетеді. Халық жанұя құндылықтарын ауызша халық шығармашылығы арқылы тапсырады, мысалы, аңыз ертегілерді, ырымдарды, салттарды қолданады, дін арқылы, әртүрлі қоғамдық ұйымдар арқылы және өздерін үлгі ретінде көрсетуі. Халық ауыз әдебиеті адамгершілік-эстетикалық тәрбие беруде баланың ой-өрісін дамытады. Олардың тіл байлықтары мен шешендік мүмкіндіктерін арттырады. Оқушыларды кішіпейілділікке, адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халқының тәлімдік тиімді құралының бірі – ертегі. Оларда халықтың тыныс-тіршілігі, әдет-ғұрыптарының дәмтүрлері, бақыт жолындағы күресі, баланың өзара қарым-қатынастары – өз халқына, Отанына, туған жеріне, оның табиғатына сүйіспеншілігін бейнелеген.
К.Д.Ушинский: «Тәрбиелеудің басты міндетін адамгершілік әсер етуден құрайды», - десе, дана Абай атамыз «Ақпейіл мен ықыласты жүрек адамды жетелеуі тиісті, сонда ғана оның еңбегі және табыстылығы ерекше мәнге ие болады. Адам болып дүниеге келу жеңіл, бірақ адам болу қиын» - деген болатын. Тәрбиенің маңыздылығы сондай , біздің болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани байлық алыр, тәрбие арқылы ғана адам қалыптасады. Адамның адамгершілік негіздері болмаса, рухани азығы болмаса, ол еркінен, өмірлік бағдарынан тез айырылып, тағдырдың ойыншығына немесе қылмыс әлемінің құрбанына айналады. Ондаған, мыңдаған нашақорлар, маскүнемдер, қаңғыбастар, қамқорсыз балалар, жетімдер – бүл күннің шындығы. Әсіресе балалар мен жасөспірімдер кері жолға бейім болады.
Әрине әр адам өз өмірінің қожасы және ол өз өмір жолын таңдайды, басқа адмдармен қарым-қатынас жасайды, қателіктерге бой алдырады. Сені қоршап тұрған жағдайды өзгертуге болады, бірақ ішкі әлеміңнен қашып құтыла алмайсың. Сонымен қатар, егер адмның жаны немесе рухы сылқат болса, онда ешқашан сау бола алмайды. Сондықтан адамның рухани құндылықтарды игергені өте маңызды. Адамгершілік тәрбиесі оқу-тәрбие үрдісінің барлық саласында, оқыту, білім беру және еңбекке баулу үрдісінде жүзеге асады. Тәрбиелі болу үшін адамгершілік қасиетттерді білу жеткіліксіз, оны терең ой елегінен өткізу, бастан кешіру, мінез-құлыққа бекіту керек.
Тәрбие ісі нақты кезеңнің ерекшеліктерін сақтай отырып, болшаққа бағдар береді, жеке тұлғаны соған дайындайды. Жеке тұлғаның адамгершілік құндылықтары өмірге келген күннен басталады. Мектепке дейінгі жаста балалардың бастапқы адамгершілік қасиеттері мен ұғымдары, мінез-құлықтың қарапайым дағдылары қалыптасады. Баланың мектеп жасына дейінгі қалыптасқан мінезі болашақта ересек қоғамда және құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасқа түскенде көріне бастайды. Бастауыш сыныпта адамгершілік көзқарастырдың , мінез-құлықтардың, сезім мен сананың жаңа түрлері одан әрі дамытылады. Жас жеткінщектер 5-9 сынып оқушылары өздерін ересектер қатарына қосып, өз бетімен тіршілік етемін деп қиял жетегімен кетеді. Бұл жастағы оқушылардың дамуына ұйымшылдық, тәртіптілік, қамқорлық, құнттылық және тағы басқа қасиеттер әсер етеді. Жасөспірімдердің немесе 10-11 сынып оқушыларының ғылымға, мамандық таңдауға ынталары артады. Бұлар әділеттілік, борыш, ар-намыс, ұят, адалдық сынды моральдық ерекшеліктерге көңіл бөледі. Олар ересек адамдармен қарым-қатынас жасауда өзін-өзі тәрбиелеу қажет етеді. Сондықтан бұл жаста көбірек ерік берген жөн. Жас ұрпақтың адамгершілік тәрбиесін іске асыруда қоршаған ортаның ықпалы өте зор. Оқушылардың бойына тәрбие негіздерін дамыту мектепте оқытылатын барлық пәндерге бірдей жүктеледі. Бірақ бұл тек жеке пәндерде ғана емес, сыныптан тыс іс-шараларда, үйірме жұмыстарында рухани құндылықтарға баулуға болады. Мұндай жұмыс түрлеріне сынып жетекшінің эстетикалық әңгімесі, түрлі ой жарыстары, пікір-таластарын жатқызуға болады.
Жасөспірімдерді адамгершілікке тәрбиелеуде өмірде кездесетін түрлі жағымсыз жағдаяттардан сақтану мәселесі де ескерілуі қажет. Көбіне көптеген отбасыларда күнделікті тірлік қамымен балалрдың рухани құндылықтары ескерілмей, екінші орынға жылжиды. Бала дұрыс, адамгершілік іс-әрекеттерді, салауатты өмір-салтын, жақсы мен жаманды айыра білу, өзін-өзі жетілдіруге деген ынтасын қалыптастыруы керек, қажет кезде өз бетімен шешім қабылдап, дұрыс таңдау жасауы үшін кішкентайынан өз дегенін іске асыруға баулу керек. Ал бұл дағдылардың барлығы жанұяда қалыптасады. Сондықтан қазіргі таңда біздің болашағымыз үшін, ұрпағымыз үшін біздер, педагогтар ата-анамен тығыз байланыста жұмыс жасауымыз қажет.
Рухани дүниесі бай, қажеттіліктері мен қызығушыылықтары, талғамы, ой-өрісі кең адамдарды толық қалыптасқан, мінезі тұрақты адам дейміз. Мінездің тұрақтылығы адамның рухани-адамгершілік түсініктерінен туындайды. Ендеше, оқушыларды рухани-адамгершілік тәрбиесі арқылы толыққанды жетілгеназамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың басты мақсаты. Рухани-адамгершілік тәрбиесінде мұғалім оқушыны тұлға ретінде танып біліп қоймай, оның дамуында кешегіні, бүгінгіні, болашақты көре білуі қажет.
Қорыта келе, рухани-адамгершілік тәрбиесі – бұл адамның дүние есігін ашқаннан бастап және өмір бойы жалғасатын, адамдардың мінез-құлық нормаларын игеруіне бағытталған үздіксіз үрдіс. Оның мазмұны оқушының жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасу шеңберінде дамиды. Сондықтан оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеру маңызды орын алмақ
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Л.Омарова «Адамгершілік тәрбиені қалыптастыру мәселелері» /Бастауыш мектеп № 2 2004/

  2. О.К.Трубецкая «Балалардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалай жетілдіруге болады» /Сынып жетекшінің анықтамалығы №12(48)2012/

  3. С.Ғ.Тәжібаева «Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыру технологиясы.» /Оқу құралы. Алматы , Білім, 2008 /


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы