Розенцвейгтің суреттік тесті

Loading...


Дата05.05.2021
өлшемі12.75 Kb.

Розенцвейгтің суреттік тесті

Əдістеме – адам қапыда болған қолайсыз жағдайлардан шығу немесе тұлғаның мұқтаждықтарының қанағаттануына кедергілерге деген реакциясын зерттеуге арналады. Фрустрация – тұрақты жағымсыз эмоциялық күйге душар ететін шектен асқан қанағатсыздықты, сана мен əрекеттің бұзылуын білдіретін ұғым. Адамның мақсатына жетуде кездесетін көптеген кедергілердің əсерінен пайда болатын өте күшті нервтік-психикалық күйзеліс. Əдістеменің көмегімен апатия, ызалану, жабырқау реакцияларын 51 зерттеуге болады. Мазмұнына қарай əдістемені проективті тестер бөлігінде жатқызуға болады. Əдістемеде 16 жағдай беріледі. Оның 8-і адамға кедергі келтіру, адамды біреу тоқтатады, ренжітеді, ал 8-і адамды белгілі жағдайда айыптайды. Əдістемеде 24 схемалық сурет ересектерге, 24 балаларға арналған суреттер беріледі жəне топ бойынша немесе жеке дара түрде жүргізіледі. Жеке дара түрде жүргізілген кезде зерттелуші жауаптарды дұрыс оқуы керек. Жүргізуші оқу барысында дауыс тембріне жəне мимикаға көңіл аударуы керек. Кейде зерттелуші жағдайларды дұрыс түсінбейді. Егер зерттелуші жауабын өзгерткісі келсе, алғашқы жауап үстінен сызылады, бірақ өшірілмейді. Нұсқау үлкен адамдар үшін. Сіздерге 24 сурет беріледі. Əрбір суретте 2 адам суреттелген, бірінші адам сөзі сол жақта жазылып тұр. Екінші адамның не ойлағанын аңдау керек. Жауапты тез жəне нақты беру керек. Тəжірибеге жүргізуге 5 минуттан – 35 минутқа дейін уақыт беріледі. Розенцвейгтің теориясы бойынша, əрбір жауап белгілі бір критерий бойынша бағаланады. Реакциялық бағыт бойынша: 1. Қоршаған ортаға бағытталуы: тірі жəне өлі қоршаған ортаға реакциялық бағыт, фрустрацияның сыртқы себебі, фрустрациялық жағдайдың дəрежесі, өзге адам көмегіне жүгіну. 2. Өзіне бағытталуы: зерттелуші фрустрациялық жағдайды өзіне қолайлы деп біледі. 3. Шарасыздық жағдай: фрустрациялық жағдайды шарасыз, яғни уақыт өздігінен шешеді деп қабылдайды. Реакциялық түр төмендегідей сатыға бөлінеді: 1. Кедергілердің басымдылығы. Реакциялық тип «өзіңе көңіл қою». Фрустрациялық пайда болдырған кедергіге мəн берілмейді. 2. Өзіндік қорғану. Реакциялық тип «өзіңе көңіл қою». Өзін кінəлі деп тану, өзгелердің сөгісін естуден бас тарту немесе өзін кінəсіз деп білу. 3. Қажетті табандылық. Реакциялық тип «мұқтаждықтарды қанағаттандыруға көңіл қою». Конфликттік жағдайды үйлесімді шешуге келуге мұқтаждықта болу. Яғни өзгелерге немесе өзіне жағдайды дұрыс шешуге сенім білдіру.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
әдістемелік кешені
оқыту әдістемесі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...