-Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер!
Әдептілік белгісі—
Иіліп сәлем бергені.
Жақындықтың белгісі—
Кешіктірмей келгені - дегендей өзімді таныстыра кетсем.
Есімім Асылжан Сейлбекқызы, Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінің информатика пәні мұғалімімін.
Ең алдымен, өзім жайлы, туған жерім жайлы айта кетсем ...........
Сонау, Сыр елі, Жыр елінің тумасымын, атақты жыраушылардың ұрпағымын.
Әкем туа біткен өнерімен бірге білім саласында қатар алып жүрген азаматтардың бірі. Яғни, әкемде мұғалім, ағам да, апайымда мұғалім. Кішігірім мұғалімдер әулетіміз десек те болады.
Мектепке бару!
Универлер!
Жұмысқа тұру!
Жұмысқа тұруымның өзі де оңай қабылданған шешім болған жоқ
Алғашында, әрине қорқыныш басым болды. Бірақ жұмыс жасап бастағаннан бастап айналамда жақсы адамдардың қамқорлығын сезіне алдым. Әр кезде мені қолдап, көмектерін аямағандары үшін, мектеп басшысынан бастап, әр жұмыскерлеріне алғысым шексіз .
Жұмыс болған соң әртүрлі қиыншылықтарда болды, бірақ сол қиыншылықтардың жеңіп келіп, қазір 1 жылдың ішінде көп болмаса да жетістіктерге жетіп жатырмын шүкір !!!
Сол 1 жыл ішіндегі табыстар мен олқылықтарға анализ ...........
ОЛҚЫЛЫҚТАР:
ҚМЖ жасау, Сыныппен жұмыс, Ата-аналармен жұмыс.
Жеке-жеке талдау жасау.
ТАБЫС: Жоғарыда аты аталған олқылықтармен жұмыс жасап, барлық қиындықтарға төтеп беру болды.
Сыныппен жұмыс, 1 жыл ішінде жасалынған жұмыс көп болды.
Оның ішінде қиын балалармен жұмыс (Тәртібі нашар балалармен).
Қазір барлық мәселелер оң шешімін тапты.
Биылғы оқу жылына да жоспарымыз бар, сол бойынша балалармен әрі қарай да жұмыс жасай беремін!!!
Тыңдағандарыңызға рахмет!
2-ші тапсырма
Алдымен, сабақ жоспарыммен (жүйеммен) таныстыру.
Өзімнің сабақ беру жүйеммен таныстыру.
Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ кезеңінде қолданатын психологиялық ахуал түрлерін айту.
Сабақтың мақсатын балаларға түсіндіріп айту, жеткізу.
Сабақтың міндеттері
Үй тапсырмасын сұрау (Түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы).
Жаңа сабақты түсіндіру
Тапсырмаға кірісу (Түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы).
Кері байланыс. (Гугл дискі арқылы, себебі өте ыңғайлы, уақыт бойынша да тиімді).
Мен неге wordwall немесе тағыда басқа интернет арқылы жұмыс жасауға болатын сайттарды қолданамын, себебі ең бірінші УАҚЫТ ҮНЕМДЕЙСІЗДЕР. Бұрын қалай болатын тапсырмаларды дайындайсыздар сосын оны қағазға шығарып жүретін еді,
Қазіргі таңда сабақта түрліше көп әдіс-тәсілдерді қолданбай-ақ
1 сабақта 1-2 әдіс-тәсілмен кереметтей қылып өткізуге болады!
wordwall.net сайтының
Достарыңызбен бөлісу: |