Құрметті «Қала өмірі» газетінің редакциясы!

Loading...


Дата29.07.2020
өлшемі11.28 Kb.
Құрметті «Қала өмірі» газетінің редакциясы!

Мен сіздердің газет бетінде жарияланған мақалаға қатысты пікірімді білдіруді жөн көрдім. Журналистеріңіз біз тұратын ауданға келіп, жағдайды өз көзімен көріп кеткен. Алайда ол қоршаған ортаға көп залалын тигізіп отырған зауытты сынға алудың орнына сол зауыттың басшылығын, зауыттың экологиялық стандартқа сай жұмыс істеп жатқанын, жалпы зауыттың жұмысын мақтаған мақаласын жариялапты. Бұны қысы-жазы көк түтінге көміліп, таза ауаның не екенін ұмытқан біздің аудан тұрғындарының жанайқайына немқұрайлы қарау, мазақ ету деп түсінбеске амалым жоқ. Біз кешкі уақытта сыртқа шығып демалу тұрмақ, есік-тереземізді қымтап жауып, көк түтіннен қорғануды ойлаймыз. Қыстыгүні жаңа жауған аппақ қардың өзі сұрқай түске бірден боялып кетеді. Осыдан-ақ заводтың қоршаған ортаға қаншалықты зиян тигізіп отырғанын аңғару қиын емес. Қоршаған ортаға осындай зиянын тигізіп отырған кәсіпорынның жұмысы қаншалықты маңызды? Завод басшылығы завод іске қосылғалы, яғни 5 жылдан бері завод мұржаларына сапалы фильтр орнататындарын айтып, құрғақ уәдемен уақыт созып келеді. Бірақ тұрғындар ол жай ғана бос әңгіме екенін біліп қалды.



Біз осы заводттың жұмысын тоқтатып, таза ауамен тыныстап, ауламызда, айналамызда тазалық орнағанын қалаймыз. Соны талап етеміз. Таразының бір басында заводтың экологияға залалы мен адамдардың денсаулығына зиянын, екінші басына заводтың экономикаға қосып отырған пайдасы тұрса, қайсысы маңызды деп ойлайсыздар? Ата Заңымызда көрсетілгендей, ең басты байлық – ол адам емес пе? Сондықтан біздің ауданның тұрғындарының жанайқайын сіздер дұрыс естімесеңіздер, басқа газеттер мен телевидение мамандарына жүгінуге мәжбүр екенімізді жеткіземін.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
республикасы білім
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
бойынша жиынты
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
мелетке толма
разрядты спортшы
ызметтер стандарттарын
дістемелік кешен
директоры бдиев
аласы кіміні

Loading...