Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы Саяси шиеленістер мен дағдарыстар Орындаған: Маханбетжанова Азиза Тексерген: Матжанова Қ. К. Алматы 2022 жыл


екінші себебіне кажеттілік, мұктаждыктың, талап-тілектің өтелмеуі немесе канағатгандырғысыз өтелуі жатады Үшіншіден



бет2/2
Дата22.11.2022
өлшемі67.98 Kb.
#360983
1   2
Байланысты:
Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы (3)
задание 3, Мәдениеттану, философия Арманов, Девиантное и Делинквентное поведение, 179890, 44) Сүгір күйлері. Г.Асқаровтың орындауында. Назқоңыр күй жинағы, Қазақстан композиторларының скрипкаға арналған шығармалары (1), Вокалды музыканы оқытуда қазақ оқушыларына ән айтудың бірнеше әдістерін үйрету әрекеті туралы айту, ақпараттық хат 90 жыл АМК конференциясы, 3 лекция Орыс халық әндерінің жинақталуының 2-3 кезеңі (4), Документ 15, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы (3), Байменова Мерует
екінші себебіне кажеттілік, мұктаждыктың, талап-тілектің өтелмеуі немесе канағатгандырғысыз өтелуі жатады
Үшіншіден, адамдар өздерін белгілі бір әлеуметтік, этникалық, діни, т. б. бірлестіктердің мүшесіміз деп санайды. Бұл олардың өмірдегі орнын айқындайды және өздерінің жағдайын басқалардан төмен сезініп, мүдделеріне қысым жасалды деп ұғады. Мысалы, Ресейдің кейбір халықтары, Солтүстік Ирландиядағы католиктер, Канададағы Квебек провинциясы, Испаниядағы баскілер және т. с. с.
Батыстың көптеген саясатшылары шиеленістер (төртінші) себебін адамның санасынан іздейді. Мысалы, жеке адам мен қоғамдық құндылықтар туралы түсініктері сәйкес келмеуі, өмірден адам бір нәтижені күтуі, шындығында басқаша шығуы, адамдардың өзара түсініспеушілігі, олардың ішкі сезімдерінің жетілмегендігі, т. т. с.
Шиеленістер қоғам өмірінде маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік бақылауға алынған шиеленіс адамдар, топтар арасында пайда болған дау-дамайлардьі уақытында ушықтырмай, асқындырмай шешуге септігін тигізеді.
Әлеуметтік шиеленістер сан алуан келеді. Олар мемлекеттер, ұлттар, ұйымдар, жұмысшылар мен әкімшілік басшылары, ері мен әйелі және т. с. с. арасында кездеседі. Олар әр түрлі топтастырылады, жіктеледі. Мысалы, оларға қатынасатын субъектілерге байланысты мемлекеттер, ұлттар, діндер, нәсілдер арасындағы; қатынасатын жақтарға байланысты саяси, экономикалық, идеологиялық, экологиялық, сауда, қаржы, әскери, мәдени; қамтыған шеңберіне қарай халықаралық, аумақтық, жергілікті болып бөлінеді. Оларды антагонистік және антагонистік емес, негізгі және негізгі емес, шындыққа жататын және жатпайтын, ұзақ уақыттық және қыска мерзімді, т. т. етіп те бөліп жүр. Саяси шиеленістер өзінің даму барысында бірнеше кезеңдерден өтеді. Алғашқы кезеңінде кикілжіңдерге негіз туадьі. Қоғамның кейбір салаларында қиындықтар пайда болады. Оларға айтарлықтай мән берілмесе, ерби түседі. Мысалы, адамдардың өмір сүру деңгейі төмендейді, құқық сақтау, адамгершілік тәртіптері бұзылады. Әділетсіздікті бұрынырақ сезетін қарсы жақтың алдыңғы қатарлы адамдары өздерінің келіспеушіліктерін білдіре бастайды.
Келесі кезенде келіспеушілік, наразылық ашық айтылып, алғашқы қақтығыстар болуы мүмкін. Билікті халық мойындағанда, оның заңдарын дұрыс деп түсініп, өз еріктерімен орындағанда билік. Сонда оның беделі де, халықты бағындыратын сиқырлы сыры да болады. Ал мынадай кикілжіңде басқарушы төбе топтың әр түрлі қылмыстары ашылып, беделдері кетіп, оларға сенімсіздік туады. Одан кейін екі жақтың арасында ашық қарсыластық, қақтығыстар болуы мүмкін.
Екі жақты да көптеген адам- дар қолдап, дау-дамайдың шеңбері кеңиді. Егер мұның бәріне жол табылып, шешілмесе, дау-жанжал өркениетгі түрден шығып, қарулы қақтығысқа айналады. Мысалы, Югославиядағы, Таулы Карабахтағы, грузинабхаз шиеленістері сияқты. Біраз жағдайда билік басындағылар қайшылықты байқаса да байқамаған сыңай білдіреді. Ондайда кикілжің бықсып, жанып өрістеуі, тіпті өртке айналуы мүмкін. Соңдықтан шиеленісті шешу керек.
Бұрын одан екі жолмен құтылғысы келетін. Біріншісі, қоғамның "таза" даму қисынына сәйкес келмегенді өз арасынан аластап, сыртқа ығыстырып шығару арқылы құтылғысы келді. Екіншісінде, керексіз жағдайды, құрылымды тура басып-жаншып құрту, жою арқылы құтылғысы келді. Екеуінде де қайшылық шешілген сияқты алдамшы түсінік туады. Ал, шын мәнінде, бұл ауруды ішке тыққанмен бірдей. Сондықтан қазір көбінде шиеленістерді дер кезінде шешуге тырысады.
Оның екі жолы бар.
1. Шиеленісті мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі жак бірін-бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасап, ортақ келісімге келуге тырысады.
2. Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады. Екі жақты татуластырудың кең тараған түрі — келіссөздер. Ол арқылы қарсы жақтың пікірі, дәлелдері белгілі болады, күштің арақатынасы айқындалады, келісімнің шарттары анықталады.
Дағдарыс жағдайынан шығу үшін оның мәнін, ерекшеліктерін, әлеуметтік негізін және т.б. зерттеп білген жөн. Қоғамдағы саяси шиеленіс көбіне занды оппозицияның бар жоғына да байланысты. Бұрынғы Кеңес заманында көппартиялық пен оппозицияға қалыпты жағдайдан тыс, ерсі нәрсе сияқты қарайтын. Ал демократиялық елдерге олар қажетті шарт. Олар болмаса, билік органдарына сенімсіздік туады, олар бюрократияланады. Оппозицияда әр топтың талап-тілектері, көзқарастары ескеріледі. Соңдықтан ағылшын фәлсафашысы Джон Милль демократиядан оппозицияны алып тастаса, диктатура калады деп тегін айтпаған. Дегенмен, шиеленіс болған соң одан қайткен күнде де шығу керек. Ол азаматтық келісім негізінде шешілуге тиіс.
Оның екі жолы бар.
Біріншісі — араздық, жаулық, күдіктілік қалпын бұзып, сенім жағдайын туғызу.
Екіншісі — барлық деңгейде адамдардың қарым-қатынас тетіктерін қалыптастыру.
Зорлық зорлықты тудырады. Сондықтан одан аулақ болып, өркениетті жол іздеген абзал. Америкалық саясатшы Г. Райфф әрбір есі дұрыс адам ортақ мүдделер тауып, шиеленістерді реттей, жөнге келтіре білуі керек деген. Батыстың тәжірибесі жеке адамның еркіндігіне, коғамның ашықтығына, заңның билігіне негізделеді.
Біз үшін олардың бәрін толық орындай қою әлі қиын. Бірақ соған тырысқан жөн. Себебі, олар ел тағдыры үшін маңызды шарттар. Сонымен саяси шиеленістер қоғамның дамуына тән қасиет. Олардың жекелеген түрі ғана қиратып, бүлдіруге әкеледі. Олай болмау үшін өсіп келе жатқан дау-дамай, кикілжіңдерді дер кезінде ашып, реттеген, одан да жақсысы олардың алдын алған ләзім.
Оған саяси және қоғамдық өмірдің демократиялық жағдайында ғана қол жеткізуге болады. Сондықган америкалык саясатшы Сеймур Липсет (1922 жылы туған) тұрақтылық пен демократияны медальдің екі жағы деп өте дұрыс санайды. Этносаяси дау-жанжалдарды шешу жолдары Сондықтан қазір көбіне шиеленістерді дер кезінде шешуге тырысады. Оның екі жолы бар: Шиеленісті мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі жақ бірін-бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасасып, ортақ келісімге келеді. Зорлық негізінде бітістіру, келістіру.
Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады. Екі жақты татуластырудың кең тараған түрі – кліссөздер. Ол арқылы қарсы жақтың пікірі, дәлелдері белгілі болады, күштің арақатынасы айқындалады, келісімнің шарттары анықталады. Этносаяси жанжал тудыратын мәселелердің бірі – этникалық ұлтшылдық.
Ол идеология немесе қозғалыс ретінде көрініс беруі мүмкін. Ондай этнос негізгі үш мақсатты алға қояды: автономия мен өзін-өзі басқаруды қамтамасыз ету; белгілі бір жерге, аумаққа иелік ету құқығын алу; өз мәдениетін жалпымемлекеттік мәдениетпен бірдей мәртебеге жеткізу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
оқыту мақсаттары
арналған тапсырмалар
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
тоқсанға арналған
бекіту туралы
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
Инклюзивті білім
бағалаудың тапсырмалары
білім берудің
тақырыптық жоспар
туралы жалпы
пәнінен тоқсанға
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
қарым қатынас
республикасының білім
Әдістемелік кешені