Рысқұл 105топ №13 СӨЖ. Қазақстанның ядролық қарусыз әлем үшін бастамалары Кейс тапсырма

Loading...


Дата04.05.2021
өлшемі19.47 Kb.

Рысқұл

105топ

13 СӨЖ. Қазақстанның ядролық қарусыз әлем үшін бастамалары 



Кейс тапсырма

Ұлттық қуіпсіздікті қамтамасыз ету; өзін өзі қорғай алуы; егемендік және территориялық тұтастық; аймақтық және жаһандық қауіпсіздік аспектілерін ескере отырыпҚазақстанның сыртқы саясатына баға беріңіз



Жауап:

1. Қазақстан Республикасы сыртқы саясатын дамытудың пайымы


      Қазақстан өз тәуелсіздігінің үшінші онжылдығына экономикасы серпінді дамып келе жатқан және нақты белгіленген сыртқы саяси басымдықтары бар қалыптасқан тұрақты мемлекет ретінде қадам басты. Әлемдік аренада Қазақстан субъектілігінің артуы мемлекеттің рөлі мен халықаралық ықпалының жоғарылағанын, өңірлік салмағының ұлғайғанын, жаһандық экономика мен қаржы институттары үшін маңызы өскенін айғақтайды. Сонымен қатар, қазіргі заман болмысын ескерсек, Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты ұлттық мүдделерді прагматизм қағидаттарымен жаңғыртуды және ілгерілетуді талап етеді. Бұл процеске бірқатар ішкі және сыртқы факторлар ықпал етеді.  Маңызды ішкі факторлар ретінде Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы түбегейлі өзгерістерді, трансформациялық кезеңнің аяқталуы мен елдің ұзақмерзімді және орнықты дамудың 2050 жылға дейінгі жаңа Стратегиясына өтуін атап көрсеткен жөн.  Сыртқы факторлар әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың келеңсіз салдарын еңсеру қажеттілігінен, қақтығыстардың шиеленісуінен, адамзаттың қазіргі проблемаларынан, өңірлік және жаһандық деңгейлерде жаңа геосаяси және геоэкономикалық ахуалдың пайда болуынан көрінеді.

2. Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының мақсаттары


      Қазақстанның ұлттық мүдделеріне сәйкес сыртқы саясаттағы негізгі күш-жігер мынадай негізгі мақсаттарға қол жеткізуге шоғырландырылады:

      1) елдің ұлттық қауіпсіздігін, қорғанысқа қабілеттілігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын жан-жақты қамтамасыз ету;

      2) бейбітшілікті, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту;

      3) орнықты ұстанымдарды қамтамасыз ету және әлемдік қоғамдастықта мемлекеттің жағымды бейнесін қалыптастыру;

      4) Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) орталық және үйлестіруші рөлі арқылы әділ әрі демократиялық әлемдік тәртіпті орнату;

      5) өңірлік және халықаралық сауда-экономикалық қатынастар жүйесіне одан әрі интеграциялану;

      6) 2050 Стратегиясын ойдағыдай іске асыру, халықтың жоғары тұрмыс деңгейіне қол жеткізу, көпұлтты қоғамның, құқықтық мемлекеттің және демократиялық институттардың бірлігін нығайту, адамның құқықтары мен бостандықтарын іске асыру үшін қолайлы сыртқы жағдайлар жасау;

      7) ұлттық экономиканы әртараптандыру, индустриялық-технологиялық дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

      8) елдің "жасыл" даму жолына біртіндеп көшуі және әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру;

      9) ұлттық-мәдени өзіндік ерекшелікті сақтау және мемлекетті одан әрі дамытудың өзіндік жолымен жүру;

      10) шет елдерде Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтарын, олардың жеке, отбасылық және іскерлік мүдделерін қорғау;

      11) шет елдердегі қазақ диаспорасына және қазақ тіліне қолдау көрсету.

Қазақстан Республикасы XXI ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шарт негізінде Ресей Федерациясымен саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың барлық салаларында одақтастық қатынастарды нығайтуды жалғастырады.

      Қазақстан Республикасы жоғары және биік деңгейлердегі саяси диалог шеңберінде Қытай Халық Республикасымен жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықты тереңдетеді, энергетикалық, инвестициялық-технологиялық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты, транзиттік-көліктік саладағы, аграрлық сектордағы, трансшекаралық өзендердің су ресурстарын бірлесе пайдалану және экология саласындағы өзара іс-қимылды дамытады.


 Тұжырымдаманы іске асыру көзделетін нормативтік құқықтық актілердің тізбесі


      1. 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы.

      2. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы" 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы.

      3. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы.

      4. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы.

      5. "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығы.

      6. "Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 Жарлығы.

      7. "Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы № 449 Жарлығы.

      8. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі № 217 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысы.



      9. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысы.

      Тұжырымдаманы іске асыру мақсатындағы нормативтік құқықтық базаны шет елдермен және халықаралық ұйымдармен қол қою жоспарланып отырған халықаралық шарттар да құрайды.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
әдістемелік кешені
оқыту әдістемесі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...