Регламенті Жалпы ережелер «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»



Дата16.01.2017
өлшемі0.55 Mb.
#345
түріРегламент




Павлодар облысы әкімдігінің

2015 жылғы «28» шілдедегі

№ 222/8 қаулысымен

бекітілді



«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек

алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

1. «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) және кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы (бұдан әрi – ХҚО);

2) көрсетілетін қызметті беруші;

3) ауылдық округ әкімі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін (не тиесілі еместігін) растайтын анықтама болып табылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

іс-қимыл тәртібін сипаттау

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған Стандарттың 9-тармағының талаптарына сәйкес қажетті құжаттарды және ақпаратты ұсынумен көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып

табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

Көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тексереді, кіріс құжаттар журналында тіркейді, көрсетілетін қызметті алушының атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін (не тиесілі еместігін) растайтын анықтаманы дайындайды – 5 (бес) минут;

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушыға атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін (не тиесілі еместігін) растайтын анықтамаға қол қояды – 5 (бес) минут.

Көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы көрсетілетін қызметті алушыға (немесе сенімхат бойынша оның өкіліне) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін (не тиесілі еместігін) растайтын анықтаманы береді – 5 (бес) минут.

6. Рәсімнің нәтижесі көрсетілетін қызметті алышыға атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін (не тиесілі еместігін) растайтын анықтаманы беру болып табылады.




3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.

8. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) өтудің реттілігін сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасында (кесте) келтірілген.



4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті

берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық

жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Әкімге өтініш білдірген кезде:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесімен қоса Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынады.

Әкімдіктің бас маманы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тексереді, кіріс құжаттар журналында тіркейді, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға көрсетілетін қызметті алушының тиесілігін (не тиесілі еместігін) растайтын анықтаманы дайындайды – 5 (бес) минут.

Ауылдық округ әкімі көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті алушының атаулы әлеуметтік көмек алушыларға көрсетілетін қызметті алушының тиесілігін (не тиесілі еместігін) растайтын анықтамаға қол қояды – 5 (бес) минут.

Әкімдіктің бас маманы көрсетілетін қызметті алушының (немесе сенімхат бойынша оның өкіліне) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін (не тиесілі еместігін) растайтын анықтаманы көрсетілетін қызметті алушыға береді – 5 (бес) минут.

Рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасында (кесте) көрсетілген.

10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Стандарттың 9-тармағының талаптарына сәйкес қажетті құжаттар мен ақпараттарды ұсына отырып, ХҚО-ға жүгінеді.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi алушы құжаттардың топтамасын ХҚО-ға тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күнi (құжаттарды ХҚО-ға қабылдаған күн мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi).

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

ХҚО-ға жүгіну тәртібін сипаттау, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы сұрауын өндеу ұзақтығы, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу тәртібі:

1-процесс - мемлекеттік қызмет көрсету үшін ХҚО ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ХҚО АЖ) ХҚО қызметкерін авторландыру процесі;

1-шарт – логин және пароль немесе электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы тіркелген қызметкер туралы деректердің түпнұсқалығын ХҚО АЖ-да тексеру;

2-процесс - ХҚО қызметкерінің деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты ХҚО АЖ-да авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

3-процесс – ХҚО қызметкерінің мемлекеттік қызметті таңдауы, қызметті көрсетуі үшін сұрау салу нысанын оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, экранға шығару және нысанды (жеке тұлғалар үшін де деректер енгізу, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқықты куәландыратын сканерленген құжатты бекіту) толтыру;

4-процесс – ХҚО қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсетуге

сұраудың толтырылған нысанына (енгізілген деректерге, сканерленген құжатқа) ЭЦҚ арқылы қол қоюы қызметкердің бұдан кейінгі әрекеттері туралы ақпарат алу;

2-шарт - сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұрау салуда көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы), ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімі мен ХҚО АЖ-да алынып қойған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын тексеру;

5-процесс - қызметкердің ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

6-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған құжат қызметін (қызметті алушының сұрауын) «электрондық үкіметтің» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮӨШ) / «электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзі (бұдан әрі – ЭҮӨШ) арқылы жергілікті атқарушы орган ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ЖАО АЖ) жіберу және көрсетілетін қызметті берушінің бас маманының электрондық мемлекеттік қызметті өндеуі;

7-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің бас маманының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қалыптастыруы. Электрондық құжатты көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, қалыптастырады және ХҚО-ның ақпараттық жүйесіне жібереді;

8-процесс – ХҚО қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының қолына беруі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін (не тиесілі еместігін) растайтын анықтама беру болып табылады.

11. Мемлекеттік қызмет «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілмейді.

12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдың) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылын толық сипаттау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету ортылығымен өзара іс-қимыл тәртібін және ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.


«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін

растайтын анықтама беру» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

және байланыс деректері



Р/с



Көрсетілетін қызметті берушінің атауы


Байланыс деректері

1

«Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы,

Кривенко көшесі, 25-үй

телефон: 8(7182) 323332

opr.osz.ap@pavlodar.gov.kz



2

«Екібастұз қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Екібастұз қаласы,

Мәшһүр Жүсіп, 87 А-үйі,

телефон: 8(71877)70455

zan_ekibastuz@mail.ru



3

«Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақсу қаласы,

Советов көшесі, 10-үй

телефон: 8(71837)50105

zanak@yandex.ru



4

«Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақтоғай ауданы,

Абай көшесі, 118-үй

телефон: 8(71841)21173

aktogai_sozprog@mail.ru



5

«Баянауыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Баянауыл ауданы,

Сәтбаев көшесі, 56-үй

телефон: 8(71840)91481

pavlzan@yandex.ru



6

«Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Железин ауданы,

Квитков көшесі, 7-үй

телефон: 8(71831)22146

gelez_oszn@mail.ru



7

«Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ертіс ауданы,

Бөгембай көшесі, 97-үй

телефон: 8(71832)21474

irtyshk@yandex.ru



8

«Качир ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Качир ауданы,

Кравченко көшесі, 85 а

телефон: 8(71833)21371

kachirrouz@mail.ru



9

«Лебяжі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Лебяжі ауданы,

Амангелді көшесі, 57-үй

телефон: 8(71839)21399

OZiSP@yandex.kz



10

«Май ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі


Май ауданы,

Уәлиханов көшесі, 34-үй

телефон: 8(71838)91434

center5556@rambler.ru



11

«Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы,

Генерал Дүйсенов көшесі, 1-үй

телефон: 8(7182)533133

defence6@mail.ru

defence6@rambler.ru


12

«Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Успен ауданы,

10 лет Независимости көшесі, 27-үй

телефон: 8(71834)91400

zanusp@mail.ru



13

«Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шарбақты ауданы,

1 Май көшесі, 18-үй

телефон: 8 (71836)21354

sherb_zanet@mail.ru


«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша


Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау


  1. көрсетілетін қызметті берушіге өтініш білдірген кезде:




Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-қимылы

1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының,

ағынының) №



1

2

3

2

Атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің маманы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің маманы

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Көрсетілетін қызметті беруші ұсынған құжаттарды тексереді, мемлекеттік қызметтерді көрсеткен кезде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының жазбаша келiсiмiн алады, кіріс құжаттар журналында тіркейді

Құжаттарды қарайды

Ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алушы-ларға көрсетілетін қызмет-ті алушының тиесілігін (не тиесілі еместігін) растай-тын анықтаманы беруді жүзеге асырады

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)

Ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін (не тиесілі еместігін) растайтын анықтаманы дайын-дайды

Ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алушы-ларға тиесілігін (не тиесілі еместігін) растайтын анықта-маға қол қояды

Ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алушы-ларға көрсетілетін қызмет-ті алушының тиесілігін (не тиесілі еместігін) растай-тын анықтаманы береді

5

Орындау мерзімдері

5 минут

5 минут

5 минут


  1. әкімге өтініш білдірген кезде:



1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының,

ағынының) №



1

3

5

2

Атауы

Әкімдіктіктің бас маманы

Ауылдық округ әкімі

Әкімдіктің бас маманы

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тексереді, кіріс құжаттар журналында тіркейді

Құжаттарды қарайды

Ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алушыларға көрсетілетін қызметті алушының тиесілігін (не тиесілі еместігін) растайтын анықтаманы беруді жүзеге асырады

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)

Ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алушыларға көрсетілетін қызметті алушының тиесілігін (не тиесілі еместігін) растайтын анықтаманы дайындайды


Көрсетілетін қызметті алушының ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алушыларға көрсетілетін қызметті алушының тиесілігін (не тиесілі еместігін) растайтын анықтамаға қол қояды

Ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алушыларға көрсетілетін қызметті алушының тиесілігін (не тиесілі еместігін) растайтын анықтаманы береді

5

Орындау мерзімдері

5 минут

5 минут

5 минут

«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы

әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін

растайтын анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

регламентіне

3-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-прцестерінің анықтамалығы
Әкімдіктің бас маманы
Ауылдық округ әкімі

Көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы


Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
Көрсетілетін қызметті алушы
ХҚО

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініштердің дұрыс толтырылуын және құжаттар топтамасының толықтығын тексеру


Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тексереді, кіріс құжаттар журналында тіркейді. Анықтаманы дайындайды

(5 минут)


Құжаттарды қарайды. Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға көрсетілетін қызметті алушының тиесілігін (не тиесілі еместігін) растайтын анықтамаға қол қояды

(5 минут)

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тексереді, кіріс құжаттар журналында тіркейді. Анықтаманы дайындайды

(5 минут)

Құжаттарды қарайды. Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға көрсетілетін қызметті алушының тиесілігін (не тиесілі еместігін) растайтын анықтамаға қол қояды

(5 минут)

иә

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда өтінішті қабылдаудан бас тартылады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді



Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға көрсетілетін қызметті алушының тиесілігін (не тиесілі еместігін) растайтын анықтаманы беруді жүзеге асырады

(5 минут)

жоқ
Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға көрсетілетін қызметті алушының тиесілігін (не тиесілі еместігін) растайтын анықтаманы беруді жүзеге асырады

(5 минут)







- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;

- көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) ҚФБ атауы;

 - таңдау нұсқасы;

  - келесі рәсімге (іс-қимылға) өту








Каталог: assets -> files -> uslugi20
uslugi20 -> Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру Выдача справок органов
uslugi20 -> «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру»
uslugi20 -> Регламенті Жалпы ережелер
uslugi20 -> Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне
uslugi20 -> «Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру»
uslugi20 -> «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Жалпы ережелер «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру»
uslugi20 -> «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Жалпы ережелер «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру»
uslugi20 -> «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
uslugi20 -> «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру»
uslugi20 -> «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерлерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру»


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан