Регламенті Жалпы ережелер «Дәрігердің қабылдауына жазылу»



Дата11.04.2017
өлшемі295.97 Kb.
түріРегламент


Павлодар облысы әкімдігінің

2014 жылғы 6 мамырдағы

№ 149/5 қаулысымен

бекітілді


«Дәрігерді үйге шақыру»



мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер
1.«Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (учаскелік терапевт/участкелік педиатр/ жалпы практика дәрігері) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, сондай – ақ www.egov.kz «электродық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде - көрсетілетін қызметті берушінің шақыруларды тіркеу журналында жазылу, одан кейін дәрігердің келетін күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру;

2) Порталға электрондық форматта жүгінген кезде – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» №253 қаулысымен бекітілген «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң электрондық-цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрi – ЭЦҚ) қойылған дәрiгердi үйге шақыру туралы анықтама беру (электрондық түрде).

Бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраныс қабылданғаннан кейін жеке тұлғаға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушыға) белгіленген уақытта үйде медициналық көмек көрсетіледі.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

іс-қимыл тәртібін сипаттау

4. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау

үшін негіздеме Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттардың тізбесі болып табылады.

5. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:

көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап өтініш қабылданады және тіркеледі (2 минуттан аспайды);

көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарау және бекітілген халық тіркеліміне сәйкес (бұдан әрі - БХТ) осы көрсетілетін қызметті берушіде тіркеуде болуын тексеру (5 минуттан аспайды);

көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға дәрігердің келу күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру (3 минуттан аспайды).

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

көрсетілетін қызметті берушіге тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде - көрсетілетін қызметті берушінің шақыруларды тіркеу журналында жазылу, одан кейін дәрігердің келетін күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру.

Бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраныс қабылданғаннан кейін жеке тұлғаға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушыға) белгіленген уақытта үйде медициналық көмек көрсетіледі.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

7. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

медициналық тіркеуші.

8. Дәрігердің қабылдауына жазылу кезінде әрбір іс-қимылдың орындалу мерзімі көрсетілген рәсімдер реттілігін сипаттау осы регламенттің 1-қосымшасында және 2-қосымшасында блок-сызбада келтірілген.



4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық

жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік

кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы арқылы көрсетілмейді.

10. Электрондық форматта мемлекеттік көрсетілетін қызмет порталға жүгінген күні көрсетіледі.

11. Порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берудің және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасындағы рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» порталында тіркелуді (бұдан әрі – ЭҮП) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) және парольдің көмегімен іске асырады (ЭҮП-да тіркелмеген алушылар үшін іске асырылады);

2) 1-үдеріс – көрсетілген мемлекеттік қызметті алу үшін ЭҮП-те авторизациялау үдерісі;

3) 1-шарт – логин (ЖСН) және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын ЭҮП тексеруі;

4) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты ЭҮП-те авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;

5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы;

6) 4-үдеріс – Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінен (бұдан әрі - БҰДСЖ) медициналық ұйымдарға (бұдан әрі – МҰ) тіркелу мәртебесіне сұрау салу;

7) 2-шарт – алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін МҰ-ға көрсетілетін қызметті алушының тіркелуін тексеруі;

8) 5-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін қандайда бір МҰ-ға тіркелмеуіне байланысты қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

9) 6-үдеріс – қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экран шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанын толтыруы (деректерді енгізуі);

10) 7-үдеріс – БҰДСЖ-дан электрондық мемлекеттік қызметке сұрау салу;


11) 8-үдеріс – МҰ-ның торабына көрсетілетін қызметті алушының өтінімін БҰДСЖ-ға жіберуі;

12) 3-шарт – БҰДСЖ-дан түскен деректерді тексеруі және МҰ көрсететін аумақпен тұрғылықты орны сәйкес келмеген кезде медициналық қызметкер қызмет көрсетуден бас тартады;

13) 9-үдеріс – МҰ-ның көрсетілетін аумағымен тұрғылықты орнының сәйкес келмеуіне байланысты қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны ПЭҮ-те қалыптастыру қызмет көрсету нәтижесі болып табылады;

14) 10-үдеріс –МҰ-дан (медициналық ұйым, дәрігердің ТАЖ, бөлімшесі, кабинет нөмірі, қабылдау уақыты/күні) қызмет алу үшін ақпаратты ПЭҮ-де қалыптастыру қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қатыстырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы осы регламенттің 3 -қосымшасына сәйкес диаграммада келтірілген.

12. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

порталға электрондық форматта жүгінген кезде – Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша (электрондық түрде) көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған дәрігерді үйге шақыру туралы анықтама беру.

Бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраныс қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға белгіленген уақытта үйде медициналық көмек көрсетіледі.

«Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау





Негізгі үдерістің (жұмыс барысының) әрекеттері

1

2

3

4

5

1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының) №

1

2

3

2

Құрылымдық бөлімшенің атауы

Медициналық тіркеуші

Медициналық тіркеуші

Медициналық тіркеуші

3

Іс-қимылдың (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Көрсетілетін қыз-метті алушының өтінішін қабылдау, тіркеу

Көрсетілетін қызмет алушының көрсетілетін қызмет берушіде тіркеуде болуын қарау

Көрсетілетін қызметті алушыға жауап беру

4

Аяқтау нысаны (дәрігердің қабыл-дауына жазылу)

Өтінішті дәрігерді үйге шақыру журналына жазу

Көрсетілетін қызмет алушының өтінішін қарау

Қабылдау күнін, уақытын көрсете отырып, дәлелді жауап беру

5

Орындау мерзімдері

2 минуттан аспайды

5 минуттан аспайды

3 минуттан аспайды

10 минуттан аспайды

«Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

блок-сызба
Көрсетілетін қызметті алушы

Көрсетілетін қызметті алушының

өтінішін медициналық тіркеушінің қабылдауы, тіркеуі

Көрсетілетін қызмет берушінің бекітілген халық тіркеліміне сәйкес көрсетілетін қызмет берушіге бекітілу өтінішін қарауды жүзеге асыру

Дәрігерге бару күнін, уақытын көрсете отырып, медициналық тіркеушінің дәлелді жауап беруі

«Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет регламентіне

3-қосымша


Көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет

көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

диаграмма
Көрсетілетін қызмет беруші
Көрсетілетін қызмет беруші

БҰДСЖ


БҰДСЖ
ЭҮП

3 - шарт


6 - үдеріс

1 - шарт
10 - үдеріс

8 - үдеріс

2 - шарт 2

4 - үдеріс

3 - үдеріс

1- үдеріс
7 - үдеріс

9 - үдеріс

5 - үдеріс

2 - үдеріс

бас тарту

сұрау салу


отказ
Көрсетілетін қызметті алушы



Шартты белгілер:
- бастапқы хабарлама

- аяқтаушы хабарлама


- аяқтаушы қарапайым оқиға

- қате

- ақпараттық жүйе

- үдеріс

- шарт
- басқару ағыны

- хабарлама ағыны



- соңғы тұтынушыға ұсынылатын электрондық құжат



Каталог: upload -> files -> Reglamenty -> 10 2014
10 2014 -> Регламенті Жалпы ережелер «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»
10 2014 -> Регламенті Жалпы ережелер > «Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру»
10 2014 -> Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша
10 2014 -> Регламенті Жалпы ереже «Ветеринариялық анықтама беру»
10 2014 -> Регламенті Жалпы ережелер «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»
10 2014 -> Регламенті Жалпы ережелер > «Туберкулез диспансерінен анықтама беру»
10 2014 -> Регламенті Жалпы ережелер «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтамалар беру»
10 2014 -> Регламенті Жалпы ережелер «Наркологиялық диспансерден анықтама беру»
10 2014 -> Регламенті Жалпы ережелер «Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру»
10 2014 -> Регламенті Жалпы ережелер «аитв-инфекциясының бар-жоғына ерікті түрде жасырын және міндетті түрде құпия медициналық зерттеліп-қаралу»


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар