Реферат тақырып: Дене мәдениеті тарихы Орындаған: Тексерген: Қарағанды-2019

Loading...


Дата05.04.2020
өлшемі26.46 Kb.
түріРеферат
ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



РЕФЕРАТ
Тақырып: Дене мәдениеті тарихы

Орындаған:_________________

Тексерген:_________________

Қарағанды-2019

Ойындар мен дене қимылы жаттығуларының шығу тарихының мәселелері көп елдердің ғалымдарының назарын аударып жүрген. Біреулері оны материалистік, ал біреулері – идеалистік тұрғыдан білдіріп жүрген. XIX ғасырдың аяғында, XX ғасырдың басында Бюхер мен Грос (Германия), Спенсер (Англия), Летурно (Франция) секілді ғалымдар еңбек процесі жануар-аңдардың ойынынан алынған деп, аң мен адамның ойынын бірдей көріп, айырмашылық жасамаған. Олардың ойынша қоғамдағы «Ойын еңбектен үлкен», «Еңбек ойынның баласы» деген өздерінің жорамалдарын айтты. Осы тұжырымдарды осы күнгі буржуазиялық философ, тарихшы, социологтар қолдайды.

В. Кербс, К. Дим (Германия), Б. Жиллет (Франция) және де бірқатар буржуаздық ғалымдармен қоса, Фридрих Энгельстің «Маймылдан адамға айналудағы еңбек процесінің ролі» еңбегіндегі ойларда «Адамды адам қылған еңбек» деген өз сөзін айтты. Қайта осы еңбек процесінде және еңбектің және аң аулаудың арқасында адам ең керекті дене қимылы жаттығуларын - жүгіру, секіру, лақтыру сияқты керекті іс-қимылдарды үйренді. Аң аулау ол кезде өмір сүрудің ең негізгі құралы болып саналатын. Аң аулауға шығар алдында оның суретін жартасқа немесе жерге салып, соған садақтан атып немесе жебе лақтырып жаттығатын. Әртүрлі магиялық (сиқырлық) іс-әрекеттер істей отырып, сол кездегі адам сонымен бірге, аң аулау кезінде керек болатын өз күш-еркін шыңдап, көз мергендігі мен қол ұшқырлығын, ептілігін машықтандыратын.

Дене жаттығулары мен ойындардың ана немесе мына түрлерінің шығу тегіне, сол кездегі ежелгі адамдар өмір сүрген географиялық орта мен климаттық шарттарға байланысты еді. Солтүстік адамдары шаңғы істеп, үйреніп аңға, соғысқа шаңғымен шығатын болды. Су жағалауында тұратын тайпалар жүзу, ескек есу, ал қысқы уақыттарда аң сүйектерінен жасалған конькилермен мұзда әртүрлі ойындар ойнайтын. Ал жылы аймақтарда ит үйретіп, ат ұстап, аттардың арқасында көшіп-қонып, аң аулап, өздерінің сана-сезімдерін дамыта бастады. Көне дәуірлік адамның сана-сезімінің, ой-қабілетінің дамуы сол кездегі қоғамда дене тәрбиесінің пайда болуының субъективті алғы шарттары болып табылуында еді.

Адам - өзіне тән іс-қимыл белсенділігі бар әлеуметтік-биологиялық түр. Адамның іс-қимыл белсенділігі оның ағза мүшелерінің жаттығуына әкеледі. Көрнекі кеңес зерттеушісі М.О. Косвен өзінің «Көне дәуір мәдениетінің тарихы туралы очерктері» еңбегінде: «...күні бойы жұмыс істеп шаршаған көнедәуірлік адам, кешке қарай демалып, ағзасын, дене мүшелерін бой жазу арқылы өзінің табиғи физиологиялық қажеттіліктерін керек етеді. Дене шынықтыру-жаттықтырушылық немесе эмоционалдық іс-қимылдар аңға немесе жорыққа шығар алдында орындалатын аңшылық және әскери билерге оң әсерін тигізетін...». Діннің пайда болуынан бастап, дене жаттығуларының элементтері діни салт-дәстүрлермен байланыстырыла бастады. Осылайша, діни тұрғыдағы билер, ойындар пайда болды. Дегенімен, дене қимылы жаттығуларының, ойындардың және билердің шығу тегі діннің пайда болуынан бұрын адамзат тарихында пайда болған.


Рулық, тайпалық қоғамда адамның сана сезімі дами бастады. Енді ірі аңдар ұстау үшін, соғысқа аттану үшін, жерін елін жаулардан қорғау үшін адамдарға жайлап біріге бастады. Өндіруші күштердің, еңбек тәжірибесінің ендеуі тәрбиенің күрделенуіне алып келді, оның ішінде дене тәрбиесі де көп өзгерістерге ұшырады. Дене тәрбиесі бұл жағдайларда тек еңбек жолына ғана емес, әскери тәрбиеге де ауа бастады. Себебі: ішкі, сыртқы жаулармен қатар, табиғаттың дүлей күштерінен де өз тұқымын аман алып қалу үшін, қарсы тұру амалдарын жасай бастады. Әскери тәрбиеде көне австралиялық балалар садақ атуда, әртүрлі заттарды лақтыруда жаттыққан, үлкендермен қосылып аң аулауға, балық ұстауға барған. Тәрбие негіздеріне бумеранг лақтыру да жатқан. Орыс этнографы Н. Миклухо-Маклай Жаңа Гвинея папуастарымен біраз уақыт бірге тұрған. Ол жүгіру, доп лақтыру, садақ ату, секіру, әртүрлі биге ұқсас қимылдарын өзіне жазып алған. Ал, Американың алғашқы адамдары (үндістер, эскимостар) допты нысанаға тастау, үлкен қашықтықтарға жүгіру, ауыр заттарды (тастарды) көтеру секілді, ойындарды ойнайтын. Африканың тайпалары балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу үшін таяқта семсерлесу, садақ ату, лиананың бұтақтарында тербетіліп секіру секілді жаттығу-ойындарын кеңінен қолданған. Бушмен тайпалары жылдамдықпен, төзімділікпен көзге түскен. Олар да жарыстар өткізіп тұрды. Бір жастан екінші жас кезеніне өткенше: инициация - арнау, бастау педагогикалық бағыттамалары болды. Инициация мақсаты жасөспірімді еркектер қатарына қосылу үшін алынатын емтихан секілді, ойын жаттығу түрлерін орындау болды. Тайпалық қоғамда ұл мен қызды бөлек тәрбиелеу пайда болды. Балалар аңшылық, әскери ойындарды ойнаса, қыздар би билеу, әйелдердің тұрмысы мен еңбегін көрсетті.

Дене жаттығулары мен ойындар бірте-бірте өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеудің маңызды амалдарына айнала бастады. Дене тәрбиесі рулық-тайпалық қоғамның басты қызмет түрлерінің біріне айналды.

Дене тәрбиесінің дене қимылы жаттығуларының көп түрлілігін Қытай, Египет, Индия, Парсы, Вавилон, Ассирия елдеріндегі ежелгі қолтаңбалар мен мәдениет ескерткіштері куә болады. Құл иеленушілер дене мәдениеті көп жаттығуларды халықтан алды. Индия халқының кейбір ойындары мен дене қимылы жаттығулары ежелгінің тереңіне кетіп қалады. Мұнда аң аулау атта шабу, семсерлесу, күймелерде жарысу, садақ ату, таяқ қолданатын доппен ойнау сияқты ойындарды қолданатын. Сол ойындардың қазірге дейін аттағы поло, хатха-йога, шахмат, көгалдағы хоккей т.б. секілді түрлері жеткен. Ежелгі Парсыда атта шабу, садақ ату, дротик лақтыру секілді ойын түрлерін үйрететін мектептер болған. Бірақ, мұнда тек байлардың балалары ғана оқыған. Біршетінен, мұндай мектептерде ержүрек батыр нояндар дайындап отырған. Ежелгі Египетте фараондар моласын қазу кезінде Бе Гассан деген жерде көмбелері табылған ғалымдардың зерттеуінше бұл шамамен б.д.д. ХҮІІІ-ХҮІІ ғасырлар бұрын сурет фрескаларда 400-ден аса ойын мен дене қимылы түрлері табылды. Онда аң аулау, садақ ату, күрес, арбада атпен жарысу сияқты түрлері болған. Б.д.д. ҮІ-Ү ғасырларда Египетте сондай жарыстарды өткізетін арнайы ғимараттардың қалдығы табылған. Ол кезде қарапайым халық ойындар, күрес, акробатикалық жаттығулар, жүгіру, секіру, лақтыру, садақ ату, ауыр зат көтеру секілді дене қимылы жаттығуларымен айналысатын. Байлар дене тәрбиесі мектепте, тұрмыста, әскери қызметте өтетін. Олар халық арасында ойындар мен жаттығуларынан алатын, бірақ, тұқымы таза деп күймеде аң аулау, садақ ату, атпен жарыс т.б. түрлері мен айналысатын. Археологтар тастарда суреттердің кескіндерін тапқан. Онда Вавилонда - жұдырықтасу мен күрестің, Ассирияда - садақ ату мен жүзудің кең қанат жайғанын мәлімдейді. Байлар өзара семсерлесу, күймеде жарыс түрлерімен айналысатын. Қытай - каратэ, яғни, қару-жарақсыз, жалаң қол-аяқпен қарулы жасаққа қарсы тұра алу өнерімен белгілі.

Ежелгі Шығыс елдеріндегі құл иеленушілердің билігі күшейген сайын, халықтың дене қимылы жаттығулары мен ойындары шектеле бастады. Бұған себеп - халық осындай ойындар мен дене қимылы жаттығулары арқылы күшейіп кетсе, билік басындағылардың ертеңгі күні әлдері келмей қалатын еді. Сондықтан да, қарапайым халыққа шектеулер қойыла бастады.

Ежелгі Грек дене мәдениетінің күшейюі құл иеленушілер дәуірінде өркендеді. Дене тәрбиесінің бір мемлекеттен екінші мемлекетке мақсат-міндеттері, амалдар мен формалары ауысып отырды. Бұл жерде Спарта, Афина мектептерін айтуға болады. Ол екі түрлі мақсатта-бағытта жұмыс істеді. Мысалы, афиналықтар ептілік пен күштілікті қатар дәріптесе, спартандықтар тек күштілікті, төзімділікті, тікелей дене қимылы жаттығуларын дәріптеді.

Аттикада (орталығы - Афины) дене тәрбиесінің жүйесі мүлдем басқаша болды. Біздің эрамызға дейін Ү-ІҮ ғасырларда Афины - қоғамдағы таптық сипаты өте қатты білінетін құл иеленушілер республикасы болды. Сауданың, қолөнердің, мәдениеттің және ғылымның қатты дамуы Афины қаласын грек мәдениетінің орталығы етті. Бұл қоғамдағы тәрбие және білім беру жүйесі Спартадағыдай тек әскери-дене қимылы жаттығуларымен ғана шектеліп қалған жоқ, сонымен бірге, афиндықтар (аттика мектебі) дене қимылы жаттығуларымен қатар, этика, эстетика, философия т.б. гуманитарлық пәндерді оқып жетілді. Афиныда мусикалық гимнастикалық мектептерде оқыды. Музыкалық мектепте - ғылым, ілім, эстетика, т.б. ғылымдар оқыды. Ал гимнастикалық мектепте палестрикалық - жүгіру, секіру, диск және найза лақтыру, күрес т.б. түрлері өтсе, орхестикалық - музыкалық аспаппен ойнау, билеу болып бөлінді. Афиныда балалар 7 жасынан бастап, жанұяда құлдың бақылауында өсетін. Одан кейін балалар мектепке кетсе, қыздар үйде ары қарай тәрбиелене беретін. 7 жасынан 16 жасқа дейін жасөспірімдер мемлекеттік немесе жеке мектепке баратын. Олар мусикалық («Муза» ғылым мен өнер құдайы, рухани және эстетикалық тәрбиемен қатар, ой-саналық тәрбие берді) мектептер мен гимнастикалық («гимнос» - жалаңаштанған сөзінен шыққан. Гректер ол кежде біраз жасқа дейін дене қимылы жаттығу-ларын ешқандай киім кимей айналысатын) мектептерде айналысатын.

Гимнастикалық мектептерді палестра деп атады («пале» - күрес, деген сөзден шыққан) оған жасөспірімдер 12-14 жасынан қатысатын. 14 жастан бастап, мусикалық мектептердегі сабақтар одан кейінгі орынға қалдырылып, бірінші орынға гимнастикалық мектептер шықты [7].

Біздің дәуірімізге дейінгі ІҮ-ші ғасырдан бастап, Грецияда құл иеленушілер қатынастары құлдырай бастады. Грек мәдениеті, оның артынша онымен бірге дене шынықтыру мен спорт құлдырай бастады. Эллинизм дәуірінде мусикалық білім беру гимнастикалық білім берудің есебінен күшейді. Эфебиялар мен гимнасияларда дене тәрбиесінің сипаты өзгерді. Бұл Грецияны Македонияның, одан кейін Ежелгі Римнің жаулап алып, тәуелсіздігінен айырғаннан, әскерге мұқтаждықтың қажеті болмай қалғаннан кейінгі тұрқы еді. Ескі палестралар, гимнасийлер, эфебиялар беретін әбден жетілген жаттықтырудың қажеттілігі болмай қалды. Жоғарыда аталған оқу орындарында гимнастикамен және әскери жаттығулармен айналысу жалғаса бергенімен, айналысу көлемдері азайды.

Дене мәдениеті мен дене тәрбиесі, спорт саласында ғылым да өркендеді, әсіресе, И.П. Павлов еңбектерін теория мен сараманға кіргізу болды. Ғалымдар бұл салада көп еңбек сіңдірді. 40-шы жылдардың аяғында, 50-ші жылдардың басында соғыстан кейінгі зардаптарды жою, халық шаруашылы-ғын және мәдениетті қайта қалпына келтіру жұмыстары барлық сала секілді, дене тәрбиесі саласына да өз қиындығын әкелді. Елде ғылыми кадрлар, зерттеу жүргізетін құрал-жабдықтар, оларды жүргізетін қаражат мәселесі, бұқаралық дене шынықтыру және спорттық жұмыстардың ілімі, әдістемесі, техникасы мен тактикасы жөнінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу жетпеді. Елдегі сол кезде билік басында болған Компартияның қаулысынан кейін ғылыми-зерттеу жұмыстарына біршама көңіл аударыла бастады.

Барлық ғылыми-зерттеу іс-қызметтерін одан әрі жақсарту мақсатында үлкен жұмыстар атқарылды. Әсіресе, КСРО ғылымдар академиясының және КСРО медициналық ғылымдар академиясының академик И.П. Павловтың физиологиялық еңбектерін зерттеу мәселелеріне арналған ғылыми сессия үлкен серпіліс әкелді. Аталмыш сессияның пікір алысу, жарыссөздерінде ұлы ғалымның дене тәрбиесінің жүйесіне енгізілген ғылыми жұмыстарында спорттың ілімі мен сараманына әкелер септігі жайлы сөз қозғалды. Пікір алысулар өткір, қызықты, кейбір авторлардың ғылыми еңбектері мен жұмыс-тарының кемшілігі көрсетілген сыни жағдайда өтті. Шынын айту керек, ол кезде барлық жердегі сияқты, ғылым саласында да қудалаушылық, репрессия сарыны әлі басылмаған еді. Соның әсерінен, кейбір ғалымдардың еңбектері-не сол кездегі «социалистік» көзқараспен қараған «коммунисшіл-белсенді», өз жұмыстарын білмесе де, қара күйе жағуға дайын кейбір топас ғалымдар-дың айтақтауымен «капиталистік өмірді көксеушілер, құйтырқылар», деген айыптаулар тағылды. Аты әлемге белгілі ғалымдар Н.А. Бернштейн, Ю.Е. Зеликсон, А.Д. Новиков, И.М. Саркизов-Серазини, Д.А. Крадман және т.б. ғылыми еңбектері әділетсіз құдалауға ұшырады. Оларға батыс ғылымы алдында қол қусырушылық, космосаясат, кейбір «білгіш» отандық ғалымдардың еңбектерін бағаламау секілді, айыптаулар тағылды. Бұндай жағдай ғылымның дамуына өз кесірін қатты тигізді. Тек 1956 ж. өткен СОКП ХХ съезіндегі Сталиннің жеке басына табынушылықты қатты сынға алғаннан кейін ғана, ғылым аясында шығармашылық жағдай жақсара бастады. Соның ішінде дене тәрбиесі және спорт саласында да көптеген ғалымдардың жақсы аттары қайта аталынды.

Дене тәрбиесі және спорт саласындағы кеңестік ғалымдардың еңбектері шетел ғылыми орталықтарына да әжептәуір үлгі болды, олардың ғылыми-зерттеу жұмыстары көптеген шетелдік басылымдарда жарияланды.

Қазіргі таңда кеңес дене тәрбиесі және спорт ұйымдарының халықаралық байланыстары жылдан жылға артып келеді. Халықаралық байланыстардың аясы да кеңейіп жатты. Мысалы, 1958 ж. кеңестік спорттық ұйымдар әлемнің 63 елдерімен байланыста болса, жылдар өте олардың саны арта берді. Бірақ, кеңес спортының халықаралық жарыстардағы жеңіс жолдары өте ауыр болды, көптеген қол жеткізулермен қатар, кемшіліктер де болып жатты. Оның да сол кездегі объективті, субъективті себептері болды. Олардың себептері - спорттың материалдық базасын дамытуға қаржылай мүмкіндік-тер бола бермеді, құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі, әсіресе, олардың сапасының төмендігі және санының аздығы, ең аяғы, жарыстарда киюге арналған кәдімгі спорттық киімдердің аздығы кері әсерін тигізді. Одан басқа, спорттың кейбір түрлерінен кеңестік спортшылардың жетістіктері мен дайындық әдістемесі әлемдік деңгейден төмен еді. Ондай мәселелерді шеше алатын кеңестік спорттық ғылымның мүмкіндіктері аз болды.



Бұған қоса, халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысушы елдердің саны неғұрлым көп болған сайын, бәсеке деңгейі жоғары болатынын, шеберліліктің артатынын, жеңістің оңайға түспейтінін әлемдік тәжірибе дәлелдеуде. Ал, саясаттың кесірінен, сол кездердегі дүние жүзіне ықпалын жасайтын екі мемлекет - КСРО мен АҚШ-тың өзара қитұрқы әрекеттер жасауының арқасында, капиталистік елдердегі өткен жарыстарға КСРО-ны қолдаған социалистік бағыттағы елдердің спорттық командалары, ал, социалистік елдерде өткен жарыстарға АҚШ-ты қолдаған елдердің спорттық командалары қатыспай, спорттық бәсекелестікті арттырмады. АҚШ бастаған халықаралық империализм елдеріне КСРО-ның спорт түрлерінен құрама командалары, спортшылары қатысудан бас тартып, өздерінің спорттық баптарын әрі қарай жетілдіре алмады, тәжірибе жинақтамады, объективті түрде өздерінің күштерін анықтай алмады. Оның үстіне, шетелге осындай жарыстарға, тәжірибе алмасуға шыққан спорттық делегациялардың мүшелерін арандатуға түсіп қалған, шпиондыққа шырмалып қалған, деген күдіктілік басым болып тұрды. Жарыс, күш сынасу арқылы өз шеберлілік деңгейін біле алмағаннан соң, спортшылардың да баптары жоғалды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. М. Тәнікеев. Қазақстандағы дене шынықтыру мен спорт тарихы. Алматы. 2002 ж.

  2. В.В. Столбов. Дене мәдениеті мен спорт тарихы. М. Просвещение. 1989 ж.

  3. В.В. Кукушкин. Барлығы да спорт туралы. М. Просвещение. 1983 ж.

  4. Л.П. Матвеев. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. М. ФиС 1991 ж.

  5. Дене мәдениетінің теориясы туралы очерктер. М. ФиС 1984 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
бойынша жиынты
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
дістемелік сыныстар
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
жалпы білім
ауданы кіміні
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мерзімді жоспар
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...