Реферат Тақырыбы:Қарым-қатынас-педагогикалық іс-әрекеттің негізі Тапсырған: Амангелдіқызы Аружан мдожТ 11


Қарым-қатынастың жалпы сипаттамасы

Loading...


бет2/5
Дата23.06.2021
өлшемі20.85 Kb.
түріРеферат
1   2   3   4   5
1.Қарым-қатынастың жалпы сипаттамасы.

Қарым-қатынас деп аталатын процесс-аса кең және сиымды түсінік.Бұл саналы және саналанбаған вербалды байланыс, ақпарат алу мен беру,оның өзі барлық жерде және үнемі байқалып отырылады.

Қарым-қатынас сан алуан сипатта,оның көптеген формалары мен түрлері бар.

Қарым-қатынас дегеніміз – адамның өзге қоғам мүшелерімен өзара әрекеттесуінің айрықша формасы. Қарым- қатынастың вербалды, бейвербалды түрлері бар. Олар коммуникавтік, интегративті,прецептивтік қызметтерді атқарады.

Педагогикалық қарым-қатынас адамдар қарым-қатынасының жекеше түрі.Оған осы өзара әрекет формаларының жалпы қасиеттері де,білім беру процесіне тән қасиеттері де лайық. Сондықтан,педагогикалық қарым-қатынасты анықтамас бұрын,алдымен қарым қатынасты жалпы феномен ретінде сипаттаушыларды қарап шығайық.

Қарым-қатынас- ХХ жүз жылдықтың проблемасы.Өйткені,егер Көне Греция мен Көне Римде шешендік риторика,эвристика және диалектика шеңберінде зерттелінсе,ал біздің уақытымызда тілдік қарым-қатынас,соның ішінде педагогикалық қарым-қатынас,бірқатар басқа ғылымдар көзқарасы тұрғысынан зерттеледі: философия, әлеуметтану, социолингвистика, психолингвистика, әлеуметтік психология, жалпы психология, педагогика және педагогикалық психология, олардың әрқайсысы осы жалпы кешендік проблеманың қандай да бір қырын қарастырады.

Қарым-қатынас іс-әрекеттік келісі тұрғысынан бұл-бірлескен іс-әрекетке деген қажеттіліктен туындайтын және ақпарат алмасуды,өзара әрекеттің,басқа адамды қабылдау мен түсінудің ортақ стратегиясын өндіруді қамтитын,адамдар арасында байланыс орнату мен оны дамытудың күрделі,көп жақты процесі.Қарым-қатынастың мұндай түсіндірмесі келесі әдіснамалық жағдайларға сүйенеді.Біріншіден,ол қоғамдық, тауар-ақша және тұлғааралық қатынастардың ажырамастығын мойындаудан туындайды да, олардың құралдары немесе өзара әрекеттесу құралы ретінде «тіл және ақша» болады.Бұл-бір жағынан,қарым-қатынастың өндірістік, қоғамдық қатынастар жүйесіне қосылып кеткендігін білдірсе,екінші жағынан,осы қатынастардың сипаты мен мазмұнының қарым-қатынастың өзінен көрініс табуын білдіреді.

Екіншіден,бұл процесті осылайша түсіну қарым-қатынас пен іс-әрекет бірлігіне негізделеді,ол «қарым-қатынастың кез-келге формалары бұл адамдардың бірлескен іс-әрекетінің ерекше формалары» деп ұйғарады.Берілген жағдай педагогикалық процесс үшін ерекше болып табылатын қарым-қатынасты субьектілердің бірлескен оқу іс-әрекетінің формасы ретінде санауға мүмкіндік береді.

Іс-әрекет пен қарым-қатынас бірлігі жайлы пікір, сонымен бірге, осы құбылыстар байланысының сипатын түсіндірулерінің біржақтылығын ұйғармайды.Олар адамның әлеуметтік болмысы жағынан,қарым-қатынас іс - әрекет түрі сияқты тек - түр қатынасында болатын құбылыс ретінде қарастырылуы мүмкін.

Қарым-қатынас мәнін анықтау үшін,соңғы он жылдарда дамыған, оның функционалдық және деңгейлік ұйымдасуы жайлы ұсынулар маңызды болып шықты.Мысалға,қарым-қатынасты «мазмұны бірлескен іс-әрекет үшін қолайлы түрлі қатынастар көмегімен ақпарат алмасу мен өзара түсіну болып келетін адамдардың өзара әрекеттесуі»ретінде анықтай отырып,В.Н.Панферов қарым-қатынастың төрт сәтін бөлген:байланыс,өзара әрекет,таным,өзара қатынас және осыған сәйкес қарым-қатынасты зерттеуде төрт келісті ұйғарады: коммуникативтік, ақпараттық, гностикалық (танымдық) және реттеуші. Б.Ф.Ломов қарым-қатынастың үш жағын (функцияларын) сипаттайды:ақпараттық-коммуникативтік, реттеуші-коммуникативтік және аффективтік-коммуникативтік және де өзіндік коммуникативтік компоненттің хабарды алу мен беру ретінде,мінез-құлықты реттеу мен қабылдаудың,бастан кешірушілердің болуы ретінде,яғни аффективті компонент ретінде міндеттілігін атап көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
бағалауға арналған
Әдістемелік кешені
Сабақ жоспары
тоқсанға арналған
туралы хабарландыру
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
Қазақстан тарихы
біліктілік талаптары
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
мерзімді жоспар
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
Қазақ әдебиеті
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
оқыту әдістемесі
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік кешені
болып табылады
мамандығы бойынша
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан

Loading...