Реферат Тақырыбы: «Үш кезең заңы»

Loading...


Дата30.03.2020
өлшемі97.62 Kb.
түріРеферат
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті



Реферат

Тақырыбы: «Үш кезең заңы» О. Конт

Тексерген:Камиева К.Р

Орындаған: Өрлеу Шолпан

2020 жыл

Жоспары:

  1. Батыс әлеуметтануының негізін салушы

  2. «Үш кезең заңы»

  3. Огюст Конттың позитивті ілімі үш негізгі іргелі қағидаға негізделеді

  4. Конттың «индустриялық қоғамының» негізгі белгілері

  5. XIX ғасырдағы екі саяси ағым

  6. мінсіз қоғамның негізі

  7. Пайдаланылған әдебиеттер

Батыс әлеуметтануының негізін салушы, француз философы және социологы — Огюст Конт (1798-1857). Исидор Огюст Мари Франсуа Ксавье Конт 1798 жылдың 19 каңтары күні дүниеге келген. Әлеуметтану пәнінің пайда болуы мен пәндік аясының анықталуына Огюст Конт зор үлес қосты. Ғылыми айналымға алғаш рет «социология» терминін енгізген де — Конт. Оған дейін «әлеуметтік физика» деген атпен көпшілікке белгілі ілімдер жаңа ғылым — әлеуметтануға топтастырылды. Конт атақты француз социалистерінің бірі Анри Клод Сен Симонның шәкірті болды, сондықтан оның көзкарастарының қалыптасуына Сен Симонның ықпалы зор.

Огюст Конт өзінің көзқарастарын «Позитивті философия курстары» (1830-1842) деген еңбегінде баяндады. Оның өмір сүрген кезеңі түбегейлі өзгерістер кезеңі болды. Әлеуметтік-экономикалық дағдарыстар мен төңкерістер жаңа топтар мен таптардың пайда болуына, осылайша қалыптаскан құндылықтардың ауысуына алып келді. Өтпелі кезеңде қоғам дамуының заңдылықтарына талдау жасау ғылыми ерлік пен көрегендікті талап еткені сөзсіз. О.Конт ақыл-парасаттың жасампаздығына кәміл сенді және ғылымды қоғам дамуының сан саласын құрайтын саясат пен діннің, әлеуметтік өмірдің т.т. көш басына қойды.

Огюст Конт философияны заттардың мәні туралы мәселелермен яғни «ғылыми емес, шешімі табылмайтын мәселелермен» айналысқаны үшін айыптады. «Ғылым құбылыстар арасындағы байланыстарды түсіндіретін тұрақты, кайталанып отыратын заңдарды ашумен айналысуы керек. Ғылымдарды жүйелеумен айналысатын яғни ғылымдардың ғылымилығын айқындайтын позитивті философия ғана өмір сүруге кұкылы», — деп есептеді.

Позитивті философия ғылымдардың пәнін, әдістерін, заңдарын, ұксастықтары мен ерекшеліктерін талдайтын жалпыға ортақ жүйе болып табылады. Конт ұсынған аса маңызды ойдың бірі осы еді. Ғылымдар жүйесі иерархия болып табылады, себебі ол дамудың тарихи процесін карапайымнан күрделіге, жалпыдан жекеге өтетін логикалық түрде көрсетеді. Білімнің дамуындағы келесі саты — жоғарғы деңгей, ал алдыңғы саты осы деңгейге негіз болады. Негізгі абстрактілі ғылымдардың иерархиясы мынадай: «математика-астрономия-физика-химия-биология-социология». Бұл схемадан социологияның биология заңдарына негізделетінін көруге болады, бірақ әлеуметтану индивидтердің өзара қарым-қатынастарының ерекшелігіне байланысты жоғары тұрады.

Әлеуметтану («әлеуметтік физика») теориялық пән болып табылады да қоғамдык кұбылыстарға тән іргелі заңдарды зерттейді. Әлеуметтанудың пайда болуы бағзы дәуірлердегі схоластиканы жеңді және адам ақыл-парасатының жаңа белеске шықканын көрсетті.

Огюст Конт іліміндегі тағы бір үлкен жаңалық — тарихи дамудың «Үш кезең заңы». Әлеуметтік динамика туралы пікірін дамыта отырып ұсынылған бұл заңда «кезең деп адам акыл-ойының даму кезеңдері мен әлеуметтік ұйымның тарихи дамуы» да айтылып отыр. Бірінші кезеңде адам да, қоғам да теологиялық (діни) сатыда тұрады. Тарихи тұрғыдан алғанда бұл кезеңге рулык коғамның авторитарлы жүйесі сәйкес келеді. Бұл саты «католиктік және феодалдық тәртіппен» аякталады.

Екінші — метафизикалык кезең шындық ретінде қабылданатын абстракциялардың және мәнділіктердің үстем болатын сатысы. Тарихи тұрғыда бұл кезең 1300-1800 жылдарды қамтыды және көне көзқарастардың тарих сахнасынан түсіп қалатын өтпелі дәуірі болып табылады. Бұл кезеңнің аса маңызды оқиғалары — реформация, ағарту философиясы, француз революциясы.

Үшінші — позитивті саты ғылымдардың таралуы, олардың қоғамдық маңызының артуы және позитивизм ілімінің жасалуынан басталады. Позитивті дәуірді Огюст Конт 1800 жылдан бастайды. Осы кезеңнен бастап адамзат абстракциялардан гөрі ғылыми тұжырымдарға көбірек көңіл бөле бастады. Қоғам дамуының шынайы заңдылықтарын акыл-парасат таразысына салып, бақылау арқылы зерттеуге тырысу, коғамдық кұбылыстардың ішкі себептерін айқындауға мүмкіндік береді. Сонымен коғам әлеуметтік тұрғыдан «эгоизмді альтруизм жеңген», әлеуметтік сезімдер ұлғая түскен, әлеуметтік тәртіп пен бейбітшілік күшейген, әскери қоғам өнеркәсібі дамыған қоғамға айналған жүйе бола бастайды.

Огюст Конттың позитивті ілімі үш негізгі іргелі қағидаға негізделеді:



  • Әлеуметтік кұбылыстар кез келген аналитикалык тұрғыдан карағанда сапасы табиғи кұбылыстар сияқты;

  • Жаратылыстанымдық ғылымдардағы талдау әдістерін әлеуметтанулық зерттеулерде де пайдалануға болады;

  • Әлеуметтік ілімінің міндеті — әлеуметтік кұбылыстардың болжауға негіз болатын жоғары деңгейде жалпыланған эмпириялық негізделген теориялық қағидаларды жасау.

О.Конт үшін позитивизм адамның бар болмысын айқындайтын практикалық ойға, дінге айналды. Кейінірек Конт ілімінде адамзат күшті яғни біртұтас «ұлы тіршілік иесі» ретінде көрініс табады. Әрбір адам осы «ұлылыққа» сіңісуі керек. Бұл коғам жаңа элитаның, жаңа салт-дәстүрлердің пайда болуымен байланыстырылды.

Осы тарихи кезеңдердің алмасуы — Конттың іліміне қоғамдық прогресс идеясын қосты. Позитивті саты — ең жоғары дамыған кезең. Бұл ілімді Конт «әлеуметтік динамика» деп атады. «Әлеуметтік статикамен» бірге ол социологияны кұрайды.

Огюст Конт ғылымның қондырмасы болып табылатын теорияны жоққа шығара отырып, әлеуметтану ғылымы әлеуметтік жүйе ретінде пайда болды деп есептеді. Ол қоғамды өзіндік қызметі бар, белгілі бір рөлі бар элементтердің жиынтығы ретінде таныды. Әрбір элемент жүйенің талаптарына сәйкес қызмет етеді. Ал индивид — тұтастықтың бір бөлігі. Оны «тұтастықтан жеке бөліп қарауға болмайды», — дейді. Қоғам — жүйелердің ішіндегі ең күрделісі. Мысалы, биологияда табиғи жүйе — тұракты. Ал коғамдағы жағдай өткен мен болашақтың екі ортасында, екеуінің де элементтерін бойына сіңірген.

Әлеуметтанудың өзегі ретінде О.Конт бүкіл адамзатты таныды, бірақ ол коғамның түбегейлі өзгеруіне әсер ететін жүйеішілік қасиеттерді де білгісі келді. Осы кызығушылық әлеуметтануды әлеуметтік статика және әлеуметтік динамикаға бөлуге алып келді. Бұл бөлініс — Огюст Конттың диалектикалық заңдарға бет бұруын көрсетеді.

Әлеуметтік статиканың мақсаты — әлеуметтік жүйе мен әлеуметтік тәртіпті камтамасыз ететін факторлар арасындағы байланыстарды зерттеу. Әлеуметтік статиканың пәні әлеуметтік байланыстың яғни барлык тарихи жағдайларда сақталатын әлеуметтік организм элементтерінің өзара катынасы. Әлеуметтік статика — қоғамдық тәртіп, ұйым, әлеуметтік элементтердің үйлесімділігі ілімі. Конт қоғамды органикалык біртұтастық ретінде қарастырады, оның бөліктері өзара тығыз байланыста және тек бірлікте ғана ұсынылады, түсіндіріледі. Осылайша, О.Конт әлеуметтанудағы жүйелік әдістің негізін қалаушы болды.

Басқа да әлеуметтанушылар сияқты О.Конт та әлеуметтік статиканы отбасынан бастайды. Отбасы — саяси ұйымның табиғи негізі, адамгершілік тәрбиенің қайнар көзі деп танылды. Отбасының дағдарысы — коғамның құлдырауымен пара-пар. Конттың пікірінше, дәстүрлі патриархаттық отбасы қоғамның тұрақтылығы мен тәртібін қамтамасыз ететін бірден-бір жүйе. Ол «отбасындағы әйел мен ер арасындағы теңсіздік — табиғи заңдылық» деп қабылдады.

Отбасымен қатар әлеуметтік организмнің өмір сүруінің негізгі шарты -коғамдық еңбек бөлінісі. Огюст Конт еңбек бөлінісі «әлеуметтік топтар мен таптардың пайда болуына әлеуметтік құрылымның күрделенуіне алып келеді», -дей отырып, ол — адамдардың дағдыларының, ынтымағының, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына әсер етеді»,- деп есептеді. «Экономикалық қатынастардағы еркін бәсеке коғамды тұрақтандыра алмайды, эгоизм мен агрессиялықты тек адамгершілік ұстанымдары, дін мен шіркеу реттейді», -дейді.

Огюст Конттың биліктің зайырлы және рухани болып бөлінуін қуаттауы экономикалық билікті кәсіпкерлер мен мамандардың қолына беруді ұсынуына алып келді. Огюст Конт жекеменшіктің сакталуын жактады, себебі жекеменшік еңбекті ұйымдастыру мен байлықты жинаудың бірден-бір көзі. Осы идеялары оның «индустриялық қоғам» ілімінде көрініс тапты.

Конттың «индустриялық қоғамының» негізгі белгілері мынадай:


  1. Өнеркәсіп ғылыми негізде дамиды және дәстүрлі шаруашылықтан айырмашылығы — неғұрлым пайдаға бағытталуы. Ал дәстүрлі шаруашылық тек қажетті өнімді өндіруді мақсат ететін белгілі.

  2. Еңбекті ұйымдастыру процесінде ғылымды пайдаланудың нәтижесінде адамзат өзінің мол ресурстарының көзін ашады;

  3. Өнеркәсіптік өндірістің дамуы жұмысшыларды шоғырландырады және коғамдык дамудың жаңа құбылысы ретінде жұмысшылар табы пайда болады;

  4. Жұмысшылардың шоғырлануы пролетариат пен капиталистер арасында қақтығыстарды туғызады;

  5. Еңбектің ғылыми сипаты қоғамның байлығын молайта түседі, бірақ артык өнім өндіру әлеуметтік-экономикалық дағдарыстарға алып келеді; игіліктердің молдығына карамастан карама-қарсы полюсте кедейлік деңгейі тереңдей түседі;

  6. Өнеркәсіп пен еңбекті ғылыми ұйымдастыруға негізделген экономикалық жүйе еркін тауар айналымын дамытады және кәсіпкерлерді неғұрлым көп пайда табу үшін әрекетке итермелейді.

Осы аталған белгілерге қарым-қатынасына байланысты XIX ғасырда екі саяси ағым қалыптасты. Оның бірі — социализм, екіншісі — либерализм. Мысалы, Огюст Конт көрсетіп отырған төртінші және бесінші белгілер Маркстің социалистік идеяларының негізі болды. Карл Маркс пролетариат пен капиталистер арасында шиеленістердің пайда болуының нәтижесінде социалистік революциялық козғалыс пайда болады деп түсіндірді. Ал әлеуметтік-экономикалық дағдарыстар болса, еңбек пен капитал арасындағы шиеленістің көзі, сондықтан халықтың кедейленуі мен аз ғана топтың байи түсуі түбегейлі өзгерістерге негіз болмақ.

Екінші бағыттағы либералдардың тұжырымы алтыншы белгіге негізделді, яғни олар «еркін сауда мен жекеменшіктің болуы — прогреске іргетас» деген көзқараста болды. Ал енді Конттің өзі үшін ең маңызды белгілер — алғашкы үшеуі еді. Ол «шиеленістің себебін — өндірісті дұрыс ұйымдастыра алмау салдары» деп ұқты.

Әлеуметтік-экономикалық дағдарыстар уакытша кұбылыс және коғамдык даму цикліне тән. Конттың ойынша, еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыруды жетілдіру арқылы дағдарысты жоюға болады. Жұмысшылар мен капиталистер арасындағы келіспеушіліктерге де Конт аса зор мән бере койған жок, оны тек қосалқы кұбылыс ретінде ғана түсінді.

Конттың пікіріне сәйкес, жекеменшік институтын дамыту керек, себебі ол — мінсіз қоғамның негізі. Ал мінсіз қоғам — үйлесімді қоғам. Халықтың басым бөлігіне капиталдың кімнің колында екені аса маңызды емес, олар үшін капиталды пайдалана алу мүмкіндігі мен қоғамның үйлесімділігі маңызды. «Үйлесімділік адамдарды ынтымактастырады» деген түсінік болды. Индустриялық қоғамның негізгі заңы — байлықтың, игіліктің молаюы. Олай болса, қоғам үйлесімге тап осы заңның сәтті жүзеге асуы аркылы жетпек. Бұл қоғамда «инженер-ұйымдастырушы» мен «политехник-ұйымдастырушы» қызметінің маңызы артады.

Огюст Конттың прогресшіл сипаттағы тұжырымдарына ғылымилықтан гөрі морализаторлық тән болды. Ол сол қоғамның негізін калауда адамның адамгершілік-рухани әлеуетіне көбірек жүгінеді. Конт идеяларынан либералдықпен қатар консервативті көзқарастарды да байкауға болады. Огюст Конт коғамды тұтастык ретінде қарастыруды жақтайды. Оның ілімі бойынша әлеуметтану барлық коғамдық ғылымдардың теориялық негізі болып табылады.

О.Конт әлеуметтануында зерттеу әдістеріне көп көңіл бөлінді. Ойшыл таза эмпириялық әдіспен ғылымды дамыту мүмкін емес екенін түсінді, сондықтан О.Конт барлық негізгі жалпы ғылыми әдістер: бақылау, эксперимент, салыстыру әлеуметтануда пайдаланылуы тиіс деп есептейді. Әсіресе, О.Конт әлеуметтанудағы негізгі әдістердің бірі — бақылауды пайдаланудағы субъективтілікке жол берілмеуіне катты назар аударады. Ол эмпириялық және қолданбалы әлеуметтану ара жігін ажырата білуге шақырады. Огюст Конттың «қолданбалы әлеуметтануды» жасауға ұмтылуы — оны «жаңа дінді калыптастыру» идеясына алып келді. Жаңа дін ортак наным-сенімдерді реттеуі тиіс болды.



Огюст Конттың тәртіп пен прогресті үйлестіретін дәстүрлі және қазіргі заманғы қоғамдардың ортасындағы аралык қоғам үлгісін жасамақ ниеті отандастарының қолдауын таппады. Оның «прогресс» туралы пікірлеріне Анн Робер Жак Тюрго мен Жан Антуан Кондорсе сиякты өз заманының белгілі ойшылдарының ықпалы болғаны мәлім. Огюст Конт іліміндегі аралық қоғам үлгісінің негізгі ұғымдары «тәртіп» пен «прогресс» деген сөздер Бразилия мемлекетінің туында жазылған.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Әлеуметтану. Екі томдық. Ред. басқарған М.М.Тәжин. Алматы, 2004

  2. Батыгин Г.С., Подвойский Д.Г. История социологии. Учебник.М., Издательский дом «Высшее образование и наука», 2007

  3. Конт О. Позитивтік саясат жүйесі //Әлемдік әлеуметтану антологиясы. Алматы, «Жазушы», 2005том 1,15-84 беттер

  4. Конт О. Позитивтік философия рухы // Әлемдік әлеуметтану антологиясы. Алматы, «Жазушы», 2005, том 1, 84-176 беттер

  5. Шкуринов П.С. Позитивизм в России XX века. М., 1980

  6. Огюст Конт. К 200-летию со дня рождения / Под ред. А.О.Бороноева и И.А.Голосенко. СПб.: Петрополис, 1998.

  7. Социологиялық сөздік. Алматы: Қазақ университеті, 2003


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...