Негізгі бөлім
Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, ұғымы, қағидаттары.
Сайлау жүйесі дегеніміз – заңмен белгіленген ережелер, принциптер және бағамдардың жиынтығы, олардың көмегі арқылы дауыс беру нәтижелері анықталады. ҚР -сында өткізілетін сайлаулардың барлығында дерлік дауыс беру нәтижесін анықтаған кезде көпшілік принципі қолданылады. Мажоритарлық сайлау жүйесі француз тілінен аударғанда көпшілік деген мағынаны білдіреді. Мажоритарлық сайлау жүйесі екіге бөлінеді АБСОЛЮТТІ КӨПШІЛІК және САЛЫСТЫРМАЛЫ КӨПШІЛІК Қазақстан Республикасының сайлау салыстармалы көпшілік әдісіде, абсолютті көпшілік әдісіде қолданылады. (Сайлау туралы Конституциялық заңның 9 -бабы ). Қазақстан Республикасының Президенті мен Парламент депутаттарын сайлаған кезде 1 турда абсолютті көпшілік принципі,2 турда салыстырмалы көпшілік принципі қолданылады.
Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі - деп, Конституция мен сайлау туралы заңдарында көрсетілгендей Республика Президенттік, Мәжіліс пен Сенат депутаттарын, ауылдық әкімдерді төте немесе жанама сайлау тәртібін айтамыз.
Сайлау құқығы қағидаттары:
а) Жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығы қағидаты - бұл қағидат бойынша, Қазақстанның 18 жасқа жеткен азаматтардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез – келген өзге жағдайларға қарамастан, сайлауға дауыс беруге қатысуға құқығы бар.
ә) Белсенді сайлау құқығы – дегеніміз 18 жасқа толған Қазақстан азаматтарының сайлауға дауыс беру құқығы.
б) Бәсең сайлау құқығы - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Президенті, Парламентінің, Мәслихат депутаттары немесе жергілікті өзін - өзі басқару органына мүше болып сайлану құқығы.
в) Тең сайлау құқығы - Сайлаушылар Республика Президенті, Парламент мәжілісінің және , мәслихаттың депутаттары сайлауға тең негізде қатысады әрі олардың әрқайсысының бір сайлау бюллетенінде тиісінше бір дауысы болады.
г) Төте сайлау құқығы - азаматтар тікелей сайлайды. 2006 жылы 4- ші желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президентін сайлау өткізіліп, сайлауға қатысушылардан 91,15%- пайыз дауыс жинаған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 7 жылға Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Бәсең сайлау құқығын реттейтін басқа қосымша талаптар да бар. Бұл талаптар сайланбалы лауазымдарға кандидаттарға қойылады. Қосымша талаптарға жас шамасы цензасы, отырықшылық цензасы, білім цензасы, мүліктік ценза жатады.Мысалға: жас шамасы цензасы президенттікке, парламент, мәслихат депутаттығына кандидаттарға қатысты белгіленеді. Қазақстан республикасының президенті жасы қырықтан асқан Қазақстан республикасының азаматы бола алады, Парламент сенатының депутаты жасы отызға толған Қазақстан республикасының азаматы бола алады, Ал мәжіліс депутаттығына кандидаттар үшін 25-ке толған тұлға бола алады. Отырықшылық цензасы сайлау заңдылықтары мен кандидаттарға қатысты белгіленген.
Достарыңызбен бөлісу: |