Реферат тақырыбы: «Рухани жаңғыру мәңгілік ел дамуының кепілі»


«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша



бет2/3
Дата20.05.2022
өлшемі99.11 Kb.
#256576
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
Реферат (Рухани жаңғыру)

«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша

«Туған өлке», «Табиғат – алтын бесік» тақырыптарында сурет салудан аудандық байқау, «Таза көше», «Таза ауыл» жобалары аясында «Тазалықты жаны сүйер жастармыз!» атты шаралар өткізілді. «Жасыл ел» жастар ұйымы арқылы көркейту-көгалдандыру бойынша бірнеше жоба жүзеге асырылуда.


Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиясы «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеті «Сәндік қолданбалы өнер» кафедрасының профессоры, Суретшілер одағының мүшесі, Мәдениет қайраткері Әбілқасым Сәрсенбаевтың «Тамыры терең туған жер» атты жеке шығарма­шылық көрмесі Шиелі халқының назарына ұсынылды. Салтын сақтап, дәстүрін дәріптеген қазақ халқы рухани діңгегін ежелгі дәуірден бас­тау алған жыр-дастандардан үзген емес. Ауданда Нартай өнер мектебі ашылып, жыршы Құрманбек Бекпейісов жетекшілік жасайды. Қазақ халқының рухани, мәдени, тарихи құндылығына бағаланатын дәстүрлі «Жыр керуені» жыршы-термешілердің облыстық фестивалі өткізілді. Әзіл-сықақ театрларының «Мейірманның ізбасарлары» Республикалық байқауы жылма-жыл ұйымдастырылады.
«Уақыт.Тұлға және бүгінгі бәсекелестік» атты облыстық тарихи-танымдық шарада Шиелі ауданынан жасақталған топ «Табысқа жеткен тұлғалар» атты жоба қорғап, «Ең үздік командалық топ» бағамымен марапатталды.
«Мен қазақпын» Республикалық мега-жобасының аудандық кезеңі ұйымдасты­рылып, танымал өнерпаздар қатысты.
«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» базалық бағыты аясында өз елінің, туған жерінің тарихына, мәдениетіне, дәстүрі­не, мәдени мұрасына ден қойып, түрлі форматтағы ізденіс жұмыстары жүргізілуде. Білім ұйымдарында «30 кітап» жобасы іске асырылып келеді. Сондай-ақ, туған аймақ, алтын ұя мектеп туралы базалық қор жинақтау мақсатында «Менің мектебімнің тарихы» атты бейнероликтер шеруі өткізілді.
Қазіргі таңда 5 түлек Ресей Федерация­сы Үкіметінің бюджеті есебінен Мәскеу мен Санкт-Петербургтың беделді жоғары оқу орындарында инженерлік білім алуда. 2018 жылы алғашқы түлек Бауыржанұлы Сұлтанхан оқуды бітіріп, туған жерге келіп еңбек етеді. Әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан білімді жас­тарды қолдау мақсатында бөлінетін Облыс әкімінің грантымен жыл сайын 19 түлек білім алуда. Аталған жоба 2013 жылы бастау алған, негізінен облыс аумағына қажетті мамандық­тар бойынша гранттар беріледі. Отбасылық құндылықты дәріптеу мақсатында ұйымдастырылатын «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсында 2017 жылы Исламхановтар отбасы үздік деп танылса, 2018 жылы Ишанқұловтар отбасы жеңімпаз, Ахметовтер отбасы «Мәуелі бәйтерек», Есімсейітовтер отбасы «Өнерлі отбасы» бағамдарымен мадақталды.
Ауданда «Жас Ұлан» және «Достар әлемі» еріктілер жасағы құрылып, жалғыз басты қарттарға «Қамқорлық» акциялары ұйымдастырылып келеді. Еріктілер жасағымен 140-қа жуық отбасына, 114 мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсетілді. Ауданда сыбайлас жемқорлық сипатын­дағы құқық бұзушылыққа қарсы жаңа жоба «Адал ұрпақ» ерікті жастар клубы құрылып, жұмысын жүйелі жүргізіп келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы