Реферат тақырыбы: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер Орындаған: пмно-41 Жалелова Р., Елдарқызы Т., Акбулатова Д



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата23.11.2022
өлшемі177.53 Kb.
#361319
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ПМНО-41 Акбулатова Дана 9 апта



Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім министрлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
РЕФЕРАТ
 Тақырыбы: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Орындаған: ПМНО-41 Жалелова Р., Елдарқызы Т., Акбулатова Д.
Тексерген: Мусина В
Қарағанды, 2022


Мазмұны:
I. Кіріспе бөлім
II. Негізгі бөлім
2.1. Оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану
2.2. Оқыту мен оқуда қоланылатын әдістердің түрлеріне сипаттама
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер





Кіріспе
Бүгінгі күні біздің қоғамға проблемаларды шеше алатын, шешім
қабылдайтын, сындарлы ойлайтын, идеялар мен өнімді пікір ұсына алатын
және командада, топтарда тиімді жұмыс істейтін икемді, креативті және
бастамашылық қабілеті бар жастар қажет. Күрделілігі күн сайын артып,
өзгеріп және тез жетіліп келе жатқан, біз өмір сүріп жатқан әлемде «Білімнің
болуы» бүгінгі күні жеткілікті емес. Адамдардың өмір бойы білім алуын
оңтайландыру үшін жастардың жеке қабілетін жан-жақты дамытып, оларға
жан-жақты білім беру шеңберінде тиімді ойлау қабілетін сіңіру қажет екені
сөзсіз.
Осы әдістемелік құрал оған енгізілген әдістермен шектеліп қалмауға тиіс,
ол мұғалімдер өздерінің күнделікті педагогикалық қызметіне енгізгісі келетін
әртүрлі әдістер
туралы оларға тәжірибелік кеңес беру үшін құрылған. Бұл жинақ мұғалімдер
үшін жоспарлау барысында, оқушылар мен мұғалімдерге арналған
ынталандырушы, байытушы, батыл және шоғырландырушы ортаны құруда
пайдалы құрал болады деп күтіледі.
Сондай-ақ бұл оқу-әдістемелік құралда жинақталған әдістер мен тәсілдер
мұғалімдер жүргізіп отырған тәжірибелік жұмыстың нәтижесі ретінде алдағы
уақытта оқыту және оқу мәнмәтініне сәйкес мұғалімдердің көшбасшылығын
нығайту әдісі болып табылады.
Белсенді оқыту мен оқу әдістерін таңдау, пайдалану және әзірлеу – оңай
жұмыс емес, өйткені мұғалімдерде қандай да бір тәсілді қолданардың
алдында көптеген сұрақтар
туындайды, мысалы:
Осы сабақ білім алушылардың жасына сәйкес келе ме?
Сыныпта қандай балалар жиналған, мысалы, қабілеттерінің деңгейлері
әртүрлі, саны, жынысы және т.б.
Жекелеген оқушыларда жоспарлау барысында ескерілуі тиіс белгілі бір
мұқтаждық, өзіндік мән-жайлар бар ма?
Белсенді оқыту мен оқудың белгілі бір әдісін пайдаланардың алдында
мұғалімдер
өздеріне әртүрлі сұрақтар қойып, өзінің үдерістегі рөлі мен іс-қимылын
ұдайы ойластырып отыруы керек.
Елбасының «Қазақстан – 2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемілекеттік
жаңа саяси бағыты» жолдауын жастар зор ынта–ықыласпен қабылдап, оны
жүзеге асыру жолында құлшыныспен еңбек ете бермек. Елбасы ұсынған
елімізді өркендетудің жеті бағыты да маңызды. Оның ішінде төртінші бағыт
«Білім саласының қызыметкерлері, біздер үшін маңызды болып табылады.»
Ол – жоғары білімді ұлт қалыптастыру қажеттілігі. Бұл бағыт білім беру
саласында еңбек етіп жүрген ұстаздарға жаңа міндеттер жүктейді оқыту
әдістемелерін жаңарту, отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді,
шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізу – заман талабы.
Еліміздің білім беру жүйесі қазіргі кезде өзгермелі және өскелең талаптар
мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, отандық білім саласын әлемдік


білім кеңістігіне біріктіруге ұмтылыс жасауда. Бұл білім сапасын жетілдіру
және оны жоғары деңгейге көтеруді алға тартады. Осыған сәйкес, ғылыми –
зерттеу барысында әлемдік озық тәжірбиелер мен отандық білім жүйесіндегі
ерекшеліктер зерделенуде.
Оқу сапасын арттыруда білім мақсаттарының күтілетін нәтежеге
бағдарлануы жан – жақты білімді, өз мамандығын жетік білетін бәсекеге
қабілетті жеке тұлғаны бастауыш сатыдан бастап дайындауға бағыттайды.
Мектептің бастауыш сатыдан оқушының сапалық және сандық білім
деңгейін анықтау арқылы оқу сапасын жетілдіруге мүмкіндік туады.
Сол себепті мектептің бастауыш сатысында оқыту мазмұнын жаңалау
және жаңа әдіс – тәсілдерді пайдалануға байланысты жетілдіру жұмыстары
жүргізілуде. Жеке тұлғаны рухани тәрбиелеуге, адамның адамгершілік
болмысының қалыптасуына баса назар аударылады. Білім мазмұнында жаңа
ақпаратты болжау қабілеттерін және қойылған міндетті шығармашылықпен
дамытуға көңіл бөледі.
Қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептерде оқытудың түрлі
формаларының пайдалануы оқытудың әдіс–тәсілдерінің жаңаруы,
бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой
қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.
Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту
мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық
технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы
қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі
сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет
үстінде өзіндік дағдылы жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші,
ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Еліміздің болашағы, көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі
ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы проблема -
әлеуметтік педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан, білім мазмұнына
жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыра
алатын мұғалімдерді даярлау.
Мұғалімдерді даярлау қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына
кіретіні белгілі жәйт. Олай болатыны, қоғамның әлеуметтік – экономикалық
міндеттері заманына сай өзгерістерге ұшырап, өскелең ұрпақты соған
лайықтап өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырады.
Оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, оқушылардың
білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге,
шығармашылық еңбек етуге жол салады.


Мұғалімнің оқыту әрекеті саналы болуы үшін ол педагогика ғылымының
заңдылықтарын, тәрбие міндетінің қоғамның мақсаты мен талап – тілегінен
туындайтын, теория мен тәжірибенің бірлігін, әрекет – дамытудың көзі
екендігін, қарама – қайшылықсыз дамудың жоқтығын, оқытудың білімдік,
дамытушылық, тәрбиелік сипатын, оқыту мазмұны мен жоспар
бағдарларының оқу – тәрбие мақсатымен сәйкестігін, т.б нақты білуі керек.
Бұл білімдер мұғалімнің педагогикалық процесте қателіксіз еңбек етуіне
мүмкіндік жасайды.
Мұғалімнің оқыту әрекеті табысты болуы үшін ол терең білімдігімен
қатар шекілмес шешендікпен, айшықты бейнелікпен, әсерлі сезімталдықпен,
ұнамды дикция мен көркем әуезді дауыспен, қажетті сөздерді тауып, саралап
сабақ түсіндіре білу сияқты педагогикалық қаруды игеруі абзал.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені