Реферат Тақырыбы: Неотропикалық биогеографиялық облыс Орындаған: Ш. Абдиганиев Тобы: 1511-19



Дата25.11.2021
өлшемі22.67 Kb.
түріРеферат

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

Реферат

Тақырыбы: Неотропикалық биогеографиялық облыс

Орындаған: Ш.Абдиганиев

Тобы: 1511-19

Қабылданған: А.Қарабаева

Кіріспе:

1.неотропиалық облыс орналасқан жері

2.Нағыз тропиктік Америка.

3. Мексика.

4. Чили-Патагония.

Неотропиктік биогеографиялық облыс

Неотропиктік биогеографиялық облыстың солтүстіктегі шекарасы

Калифорния түбегі, Мексика шығанағы, Флорида түбегінің оңтүстігі,

Антиль және Багама аралдары арқылы, ал оңтүстіктегі шекарасы

шашамен 40º о.е. арқылы өтеді. Бұл облыстың өсімдіктер жамылғысы

түрге өте бай. Бразилияның өзінде ғана өсімдіктердің 40000 түрі

кездеседі. Сол сияқты бұл облыс өзіне тән эндемикалық туыстар мен

тұқымдастарға да бай. Олар - кактустар, канна, настурция, кокаин,

орхидея, ароид, ананас, пальма тұқымдастары.

Амазонка бассейнінде ылғалды тропиктік ормандар кеңінен тараған,

сол сияқты әр түрлі техникалық, азық-түліктік өсімдіктерге де бай.

Мысалы, каучуктілерден –каучукты фикустар, гемотоксилон ағашы, қара

ағаш, бразилия гевеясы; түсті сүректі ағаштардан: цезальпиния, қызыл

ағаш (махагони), копай бальзамы, жүн алатын сейба ағашы (мақта

тәрізді, Кубада оны жүн ағашы деп, ал Гаити аралында қоян ағашы деп

атайды) өседі. Пальмалардың түрлері өте көп, оның 200-дей түрі

эндемиктер. Оның ішінде кокос пальмасы, май, вино, маврик, піл,

коперников пальмалары кең таралған. Мирта тұқымдастарынан америка

жаңғағы, бертоллеция ағашы, какао ағаштары өседі. Бертоллецмяныңжемісі

жаңғақ, одан тамаққа қолданылатын ерекше май алады. Какаоның

тұқымында 52%-ке дейін май болады, оны кондитер шаруашылығында

пайдаланады. Сол сияқты бұл жерде қауын ағашы (кейде шөп ағашы деп

те атайды) кездеседі. Жемісі қауынға ұқсайтын бұл ағаштың биіктігі 5-6

м болады да жемісінің құрамында пепсин ферментіне ұқсас папоин

ферменті кездеседі.

Тропиктік облыстың ешқайсысы орхидеяның таралуы жағынан

биогеографиялық облысқа тең келмейді. Тропиктік ландшафтыларда

саговниктер, қылқан жапырақтылардан ароукалилер нағыз неотропиктік

өсімдіктер: ағаш тәрізді папоротниктерден циатэа альзофила, т.б.

кездеседі.

Неотропикалық биогеографиялық облысты үш облыс тармағына

бөледі:

1. Нағыз тропиктік Америка.

2. Мексика.

3. Чили-Патагония.

Бұл Антил Тропиктік Америка, Багам аралдары, оңтүстік Флорида,

Мексикадан оңтүстікке қарай Орталық Американы және Андтан басқа

40°-қа дейінгі Оңтүстік Америка материгін алып жатыр. Бұл аймақты

негізінен ылғалды тропиктік ормандар, саванналар, құрғақшылық

аймақтарын сирек өсетін ормандар алып жатыр. Қазіргі тропиктік

Американың Вест-Инд аралдарында тропиктік мәдени өсімдіктерден

қант құрағы, ананастар, мақта, т.б. өсіріледі. Бұрын бұл аймақта қалың

орман болған.

Дүние жүзіндегі үлкен ойпаттың бірі – Амазонка өзенінің басейні

алып жатқан Оңтүстік Америкадағы ойпат. Ауданы 5 млн км2

. Бұл

жердегі жыл бойы жауатын жауын- шашынның мөлшері 2600 мм, жер



асты суы жоғары орналасады. Өзен тасығанда су 15 метрге дейін

көтеріліп, бұл 3-4 айға созылады. Орташа температурасы 18° тан 26°. Ең

жоғарғы температура көлеңкеде 43° болады. Бұл ойпатты

тропикалықорман алып жатыр. Мұнда пальманың 200 түрі кездеседі,

соның 60 түрі- эндемиктер. Амазонка бассейнінде атақты Виктория

редия өседі, оны су жаңғағы деп те атайды. Жапырағының ұзындығы 2

метр, салмағы 5 кг болатын бұл өсімдік гүлдеген кезде судың

температурасы ауаның температурасынан 11° жоғары болады. Жемісін

тамаққа қолданады. Сол сияқты бұл жерде насекомдармен қоректенетін

непентес туысына жататын өсімдіктер де өте көп кездеседі.

Бразилия тауларындағы ормандарда қылқан жапырақтылардан:

саговниктер, араукарин, гнетумдар кездеседі. Бразилияда кактус

тұқымдастарынан биіктігі 18-20 метрге жететін церсустар, ет-женд өседі.

Олардың сабағы су жинағыш ұлпаларға бай, етті болып келеді де, 1000-

2000 мм-ге дейін су сақтай алады. Гүлінің 600- ге дейін аталықтары

болатын, ені 25 см-ге жететін әсем гүл. Ал опунуиялардыың кейбір

түрлерінің жемісін тамаққа пайдаланып, дәрі-дәрмек жасауға жұмсайды.

Сферакактустардың пішіні шар тәрізді болады да, шамасы 2-3 см-ден 1-2

метрге дейін жететін, салмағы 0,5 тонна болатындары кездеседі.

Оңтүстік Американың саванналарында суды ұзақ уақыт сақтап тұра

алатын, жер астындағы бөлімдері – тамыр жақсы жетілген, бойы аласа,

шатыр тәрізді ағаштар өседі.

Венесуэла менГвианада саванналарды льяностар деп, ал Орталық

Бразилияда пампастар деп атайды. Мұндай саванналардыңшөп жамыл-

ғылары негізінен биіктіктері 1 м-ге жететін астық тұқымдастардан –

бородач, аристида (бізде ақ селеу деп атайды) тары сияқты өсімдіктерден

тұрады. Бұршақ тұқымдастар, қалампыр тұқымдастар, күрделі гүлділер

өте көп кездеседі [4, 11-13].

Оңтүтік Американың шөлдерінде құмдар мен сорлар өте көп.

Олардағы өсімдік жамылғысы негізінен: кактустардан, сораң шөптерден,

алабота, жусандардан тұрады.

2.2.1. Мексика облыс тармағы

Мексика тау жазықтығын және Калифорния түбегінің көп жерін

алып жатыр. Мексика тау жазықтығының төменгі белдеуінде тропиктік

орман өседі. Ол биіктеген сайын мәңгі жасыл болып тұратын жалпақ

жапырақты емен, шыршалы-емендіорманға ауысады. Бұл орманның

құрамы емен, қарағай, қанды ағаш, майқарағайдан тұрады. Сонымен

қатар Мексиканың тауларында ит бүлдірген, шәңгіш, құлпынай ағашы

өте жиі кездеседі. Бұл арада голарктикалық флораның өкілдерінің де

кездесе бастағанын байқауға болады.

Тропиктік ормандарда аронник тұқымдасынан әр түрлі лианалар

кездеседі, соның бірі ғажайып монотера, мұны жылауық шырмауық деп

те атайды. Өйткені ол ауа райының өзгеретінін күні бұрын (1 тәулік

бұрын) сезіп, жапырағының ұшында су тамшылары пайда болады.

Жемісі хош иісті, дәмі ананастың дәміндей болады. Сол сияқты

лиананың бір түрі – ваниль орхидеясы жабайы кездеседі.

Мексика үстіртінің климаты құрғақ, шөлейттік климат басым болып

келеді. Сондықтан кактустар, агава, алоэ, юкка сияқты суккуленттер

кеңінен тараған аймақ болып саналады. Кактустың 500 түрі кездеседі.

Агаваның биіктігі 6 метрге, жапырағының ені 3 метрге жететін түрлері

бар. Эндемиктердің біі юкка, оның биіктігі 10 метрдей. Сонымен қатар

Мексика – көптеген мәдени өсімдіктердің де отаны. Мұнда

Еуропалықтар келгенге дейін «маис» деген атпен жүгері егілді. Жүгері

Еуропаға XVI – XVII ғасырда келді.

Мексиканың саванналы ормандары мен саванналарында авокадо

ағашы (жемңісі алмұрт тәрізді, шырынды, адам ағзасына жақсы әсер



етеді), ананас (жеміс шоғырының салмағы 10 кг жететін), георгина

(әсемдік үшін өсірілетін), күнбағыс, қара бұрыштар кездеседі.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік