2.2.Құрылыс мердігерлігі.
Құрылыс мердігерлігі шарты бойынша мердігер тапсырысшы бойынша шартта белгіленген мерзімде белгілі бір объектіні салуға не өзге де құрылыс жұмысын орындауға міндеттенеді, ал тапсырысшы мердігерге жұмысты орындауы үшін қажетті жағдайлар жасауға, оның нəтижесін қабылдап алуға жəне ол үшін келісілген бағаны төлеуге міндеттенеді (ҚР АКнің 651-бабының 1-ші тармағы)
Көрсетiлген шарттың субъектiлiк құрамының ерекшелiктерi бар, яғни шартта əрқашан мердiгер жағынан кəсiпкерлiк қызметiнiң субъектiлерi, əртүрлi лицензияланатын құрылыстық жұмыстарды жүргiзу үшiн рұқсаты (лицензиясы) бар құрылыстық ұйымдар немесе жеке кəсiпкерлер қатысады. Кейбiр жағдайларда тапсырысшы болып азаматтар келедi. Құрылыс мердiгерлiгi шарты бойынша жұмыс азаматтың (тапсырысшының) тұрмыстық немесе басқа жеке қажеттерiн қанағаттандыру үшiн орындалатын жағдайда мұндай шартқа тиiсiнше тұрмыстық мердiгерлiк шарт бойынша тапсырысшының құқықтары ережелер қолданылады. Құрылыс мердiгерлiгi шарты нысанасының ерекшелiктерi жəне осы мердiгерлiк шартымен байланыста пайда болатын құқықтық қатынастардың жиынтығы осы мердiгерлiк түрдiң мазмұнының ерекшелiктерiне мiндеттi түрде белгi қалдырады. Олар, сонымен қатар, реттелуiне бағытталған нормалармен анықталады
Құрылыс мердiгерлiгi шарты (субъективтiк құқықтық қатынас) үшiн ең маңыздысы құрылыс жоба – жобалау сметалық құжаттама. Онымен орындалатын жұмыстың сандық жəне сапалық көрсеткiштерi ғана анықталып қоймайды. Жұмыстардың көлемi, мазмұны олардың құнына тығыз байланыстырылады. Жобалау сметалық құжаттама негiзiнде болашақта жұмыстарды қаржыландыру бойынша құрылыс мердiгерлiк шарттарының құқықтары мен мiндеттерi анықталады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 654бабының 2тармағында көрсетiлгендей, жобалаусметалық құжаттама тапсырысшымен жасалады. Жобалаусметалық жəне басқа техникалық құжаттама, ол алғашқы рет шетел тiлiнде дайындалса, мердiгерге мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiне аударылып берiледi. Өлшем бiрлiктерi заңнама актiлерiнде белгiленген метрикалық жүйеге сəйкес болуға тиiс. Құрылыс мердiгерлiгi шартында заңнама талаптарына сəйкес дайындалатын жобалаусметалық құжаттаманың құрамы мен мазмұны айқындалуға тиiс, сондайақ тараптардың қайсысы жəне қандай мерзiмде тиiстi құжаттаманы беру керек екенi көзделуге тиiс.
Достарыңызбен бөлісу: |